Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы
(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара)
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397; 23.04.03 ж. № 387 (бұр. ред. қара);16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2007.30.11. № 1155 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 844 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 55 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1371 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы
30 қазандағы № 1631
қаулысына
қосымша
Туризм жөніндегі кеңес құрамы
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға |
Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Иғалиев Марат Несипқалиұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Нысанбаев Ерлан Нұрланұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі |
Байжүнісов Ерік Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Балықбаев Тахир Оспанұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Толыбаев Марат Еркінұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Жарқынбаев Жасер Әзімханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Шайжүнісов Аллен Сержанұлы | - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары |
Тарасенко Елена Ивановна | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Туристік одағының президенті, «Жайық-Орал» экологиялық экспедициясының жетекшісі (келісім бойынша) |
Әміржанов Рахымбек Маршалұлы | - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Қайнарбеков Асхат Қанатұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Көшербаев Ермек Беделбайұлы | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Құдышев Мұрат Тиішбекұлы | - Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Тұрдалиев Серік Мелсұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Асанбаева Роза Әбдіхамитқызы | - Қазақстан Туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Шәйкенова Рашида Рашидқызы | - Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Елеусізов Мэлс Хамзаұлы | - «Табиғат» Қазақстанның қауымдастықтар мен кәсіпорындар экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша) |
Қалиев Жекен Қалиұлы | - Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Сальников Виталий Григорьевич | - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор (келісім бойынша) |
Жансерікова Айгүл Жексенбайқызы | - Қазақстанда қолөнер және этнотуризмді дамыту орталығының директоры (келісім бойынша) |
Мәуленқұлова Гаухар Жеңісбекқызы | - «Менің - Елім» ішкі туризмді дамыту қауымдастығының директоры (келісім бойынша) |
Әбжанова Салтанат Ақзамқызы | - «Арман-Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Дүйсенғалиев Тимур Талашұлы | - Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Іскерлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Рей Инна Юрьевна | - «Фирма Саят» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Мырзахметов Абылай Исабекұлы | - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Арынов Ерлан Асатайұлы | - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Әбиесов Жомарт Амангелдіұлы | - «Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Никитинский Евгений Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Жеңіл авиация қауымдастығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Туризм» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік комиссиясының мүшесі (келісім бойынша) |
Махмеджанов Fалым Набиболлаұлы | - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Қарабаева Рысты Қалиқызы | - «Елордалық туризм қауымдастығы Астана, Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Уәлиев Қазбек Шәкімұлы | - «Хан Тәңірі» туристік компаниясының бас директоры» (келісім бойынша); |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 30 қазандағы
№ 1631 қаулысымен
бекітілген
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5-1. ҚР Үкіметінің 2013.29.01. № 55 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Кеңестiң негiзгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келісілген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары біліктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжілістiң күн тәртібін жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
11. Кеңес мүшелерiне мәжілістiң күн тәртібі, оның кезектi мәжілісiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжіліске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады.
12. Кеңес мәжілісi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжілісiнiң күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжілісi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжіліске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжіліс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттік органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 173 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес қызметiн тоқтату
20. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөніндегі нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.