Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы № 194 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөніндегі кеңестің құрамына Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Павлов Александр Сергеевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |