отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет -
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы -
жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 472-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi жасау
Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 473-бап өзгертілді
473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерiн бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетінің белгілері жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын үнемі бұзуы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 473-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 473-1-бап өзгертілді
473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу
1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын мынадай түрде бұзу:
техникалық қарап тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беру;
міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тарту;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді табыс етпеу;
техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;
қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа ақпарат бермеу;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін бұзу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбей, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беруі;
міндетті техникалық қарап тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейне файлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фото тіркеудің болмауы;
техникалық қарап тексерудің бекітілген нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық картасын жасау және беру;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес енгізу;
техникалық қарап тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сай келмеуі -
дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса атқару, -
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың техникалық қарап тексеру рталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетуі, -
жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізген кезде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну, -
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 474-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге де ережелерiн бұзу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 474-1-баппен толықтырылды
474-1-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 474-2-баппен толықтырылды
474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру
1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болған көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру -
бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан нақ сол әрекеттер -
екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, денеге жеңіл және орташа ауырлықта зақым келтіруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 475-бап өзгертілді
475-бап. Мас күйіндегі жүргiзушiнi не басқару құқығы жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйіндегі жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаю күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 477-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Темір жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгізуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -
аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткізу, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу
Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кіру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бір бөлiгiнен бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 479-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
479-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру
Жолаушыларды билетсіз алып жүру:
1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, - сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) халықаралық қатынастағы поездарда -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 480-бап өзгертілді
480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін, теңдеме жүк пен жол теңдеме жүгін алып жүру
1. Темір жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
белгiленген нормадан тыс әрбір килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбір орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбір орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темір жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті немесе жол теңдеме жүгін алып жүру, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 480-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 480-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
480-1-бап. Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу
Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 481-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
481-бап. Темір жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Жүктерді тасымалдауға арналған теміржол жылжымалы құрамын қоспағанда, контейнерлерді, жүзетін және басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ тасымалдау құралдарын зақымдау -
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темір жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ережелердi бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 483-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу
Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 483-1-баппен толықтырылды
483-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңдарымен 484-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 484-бап өзгертілді
484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бір жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 474, 475 және 483-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасау, -
немесе жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бір жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466, және 471-баптарында (бірінші, екінші бөліктерінде) көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы, -
жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын жүйелі түрде бұзушылық, яғни бір жыл ішінде осы Кодекстің 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 447-5, 460, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші, үшінші, 3-1 және 3-2-бөліктерінде), 467-1-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды үш және одан да көп рет жасау -