лауазымды адамдарға - төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не сатып алуы -
лауазымды адамдарға - төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 171-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 171-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру жөніндегі талаптарды бұзу
Банк, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушысының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 172-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 172-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
172-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаға - төрт жүз, заңды тұлғаға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодианның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы -
кастодианның лауазымды адамына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 172-1 баппен толықтырылды; ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңымен 172-1 бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 172-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға анық емес есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) беруі, есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 172-2 баппен толықтырылды; 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 172-2-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 172-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы
1. Банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - жүз қырық, заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың, актуарийдің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
03.06.03 ж. № 424-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 164-III; 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 173-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 173-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (құрылтайшыларының) және үлестес тұлғаларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептемені не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не анық емес есептемені беруі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің елуден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауландырылған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабардар етпеуі -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын тиісінше құжаттандыру, оған арналған құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшірмелерін орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру құжаттамасы бланкілерін есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу қағидаларын бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептіліктегі көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң өзi анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтамау фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап өзгертілді
174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткізудi жүзеге асыру, -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -
заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -
заңды тұлғаларға әрбір жоғалған құжат үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 175-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 175-бап өзгертілді
175-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан сақтандыру ұйымының жалтаруы, -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сактандыру шартын жасасудан жалтаруы, -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына - бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы, сақтандыру бойынша деректер базасына қатысу шартын жасасуы, сақтандыру бойынша деректер базасына ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан көрінген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын бұзуы -
лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті сақтандыру шартын:
сақтандыру сомаларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден;
сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді дұрыс емес (негізсіз) қолданудан;
сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрiнетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін талаптармен жасасуы -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бірақ айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 175-1-бап жаңа редакцияда
175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу
1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін қаржы ұйымының, банктің және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы -
заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 175-2-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 175-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) ; 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 176-бап өзгертілді
176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз талаптарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану -
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 177-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 177-бап өзгертілді
177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін қаражатты уақтылы, толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиісті банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы және толық есепке жатқызбау, -
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-1-баппен толықтырылды
177-1-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 177-2-баппен толықтырылды
177-2-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)