212) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
213) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
214) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу;
215) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
216) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), бірлесе пайдалану және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;
217) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексерулер ұйымдастыру жөніндегі сертификатын беру;
218) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру;
219) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру;
220) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келісу;
221) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізу;
222) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
223) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерін тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
224) тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
225) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
226) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
227) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс құрылыстары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалану үшін қабылдауға қатысу;
228) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргізу;
229) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
230) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікке басшылық жасауды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болатын Министр жүзеге асырады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Министр:
1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
3) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
6) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрлік аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды.
21. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министріне және Министрге есеп береді.
22. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын көлік және коммуникация саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісім бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісім бойынша Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) комитеттердің басшылары етіп тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін Министрмен келісім бойынша шешеді;
13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келісім бойынша бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылардың дайындалуын ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Жауапты хатшыға жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ол:
1) орталық атқарушы орган аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданымдағы құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
24. Жауапты хатшы оған жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
25. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
4. Министрліктің мүлкі
26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.01.03. № 142; 2006.19.05. № 428; 2006.18.08. № 782 ; 2007.21.11. № 1121 (бұр.ред.қара); 2007.06.12. № 1193 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.05.03. № 222 (бұр.ред.қара); 2008.05.12. № 1139 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 626 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Мемлекеттік мекемелер
1. «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
4. Павлодар республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
5. Орал республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
6. Атырау республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
7. Іле республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
8. Балқаш республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
9. Семей республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорны.
10. ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 626 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ.
2. «ҚазАвтоКөлік» АҚ.
3. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ.
4. «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ.
5. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ.
6. «Қазтелерадио» АҚ.
14) «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 538 Қаулысымен бөліммен толықтырылды
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС;
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 626 Қаулысымен бөліммен толықтырылды
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. «Дара қызмет» ЖШС
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.05.03. № 222 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облыстық департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті.
6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жамбыл облыстық департаменті.
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті.
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаменті.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті.
10. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қостанай облыстық департаменті.
11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті.
12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаменті.
13. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті.
14. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті.
ҚР Үкіметінің 2008.05.03. № 222 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 қаулысымен 3-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі
1. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
2. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
3. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
6. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
7. Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).
2. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.17.11. № 1085 (бұр.ред.қара); 2008.05.03. № 222 (бұр.ред.қара); 2011.28.02. № 195 қаулыларымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 379 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль
жолдары комитетінің мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
Р/с № | Атауы | Орналасқан жері |
1 | «Ақмолажолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Көкшетау қаласы |
2 | «Ақтөбежолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Ақтөбе қаласы |
3 | «Алматыжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Талдықорған қаласы |
4 | «Атыраужолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Атырау қаласы |
5 | «Батысжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Орал қаласы |
6 | «Жамбылжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Тараз қаласы |
7 | «Шығысжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Өскемен қаласы |
8 | «Қарағандыжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Қарағанды қаласы |
9 | «Қызылордажолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Қызылорда қаласы |
10 | «Қостанайжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Қостанай қаласы |
11 | «Маңғыстаужолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Ақтау қаласы |
12 | «Павлодаржолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы |
13 | «Солтүстікжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Петропавл қаласы |
14 | «Оңтүстікжолзертханасы» мемлекеттік мекемесі | Шымкент қаласы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1.»Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-құжат).
2.»Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат).
3.»Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ - Орталық)»шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 74 қаулысының 3-тармағы.
4.»Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат).
5.»Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетi мен Көлiктiк бақылау комитетiнiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 559 қаулысының 1-тармағы және 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 221-құжат).
6.»Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 792 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 277-құжат).
7.»Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 шiлдедегі № 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 341-құжат).
8.»Жол саласының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 490-құжат).
9.»Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысының 2-тармағы және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3, 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 546-құжат).
10.»Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы № 1863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 606-құжат).
11.»Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 944 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 26, 324-құжат).
12.»Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1095 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6 және 7-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 388-құжат).
13.»Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1596 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 540-құжат).
14.»Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 243-құжат).
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 599 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 шiлдедегi № 821 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 254-құжат).
16.»Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 916 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 302-құжат).
17. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 995 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 329-құжат).
18.»Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1765 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 9 маусымдағы № 541 қаулысы.
19.»Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегi № 724 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы ?кіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат).
20.»Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 6 тамыздағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 32, 319-құжат).
21.»Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 474-құжат).