Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 9 маусымдағы № 541 қаулысы
ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 506-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "екі бірінші" деген сөздер "бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | И. Тасмағамбетов |