Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 Қаулысы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн;
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы
№ 1232 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері:
1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 5-10) тармақшамен толықтырылды
5) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
6) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
7) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
8) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау;
9) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;
10) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) көлік және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, бекітеді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастырады және жүргізеді;
2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді;
3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) келісімдер мен шарттарды жасасу құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда республиканың мүдделерін білдіреді;
5) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды;
7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысады;
8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
9) тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекітеді;
10) қызметтік бірыңғай нысан, нөмірлік төс белгілері, уәкілетті органның лауазымды тұлғалары автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтік куәліктерінің үлгілерін бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережелерін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеуді бақылау құрылғыларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақты қалааралық, ішкі облыстық, қалалық, қала маңындағы және елді мекен пункттерін: аудандық немесе облыстық орталықтары бар кенттерді, ауылдарды, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын - жолаушылар мен багаждың автомобиль тасымалдарына тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді;
13) меншік нысанына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлейді;
14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді;
15) ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындайды;
17) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
19) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауы мен индекстерін бекітеді;
20) ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуын мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асырады;
22) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық құралдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, құрылыс ғимараттарының, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекітеді;
23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүкбагажын және почта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесін бекітеді;
24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілейді;
25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгілейді;
26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзеттің алып жүруіне жататын жүктердің тізбесін бекітеді;
27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби айырым белгісімен марапаттау тәртібін бекітеді;
28) экспедиторлар қызметінің тәртібін белгілейді;
29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін белгілейді;
30) локомотивтік тартым қызметін ұсыну тәртібін белгілейді;
31) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын талаптарды белгілейді;
32) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
33) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
34) кірме жолдардағы жұмыс ережесін бекітеді;
35) күзет аймағындағы жерлердің өлшемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану ережесін бекітеді;
36) тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
37) жұмыс режиміне талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін белгілейді;
38) поездардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби дайындығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды белгілейді;
39) темір жол көлігі мен жабдықты пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді;
40) темір жол көлігі жұмысшылары лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін анықтау тәртібін белгілейді;
41) күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекітеді;
42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін белгілейді;
43) халықаралық әуе трассаларын ашу туралы шешім қабылдайды;
44) аттестаттауға жататын азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персонал лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
45) айырым белгісі бар нысанды киімді киюге құқығы бар азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тізбесін бекітеді;
46) осындай киімді киюге құқылы, азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы үшін айырым белгілері бар нысанды киімді беру тәртібін бекітеді;
47) азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
48) азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалануды бақылау ережесін бекітеді;
49) авиабағыттарды пайдалану шарттарын белгілейді;
50) аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау және аса жеңіл авиацияның авиация персоналын аттестаттауды жүргізу тәртібін бекітеді;
51) жетекші әуе тасымалдаушысын белгілеу ережесін әзірлейді;
52) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
53) авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
54) авиациялық персонал қызметінің басшысы мен мамандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
55) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәуле шығаратын құралдарын мемлекеттік тіркеу және олардың жарамдылығы куәлігін беру ережесін бекітеді;
56) өз құзыреті шегінде әуежай қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
57) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
58) әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекітеді;
59) азаматтық авиация қызметкерлерінің киім нысандары (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
60) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізеді және уақытша әкімшілікті қалыптастырады;
61) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
62) азаматтық және экспериментальдық әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану және қосымша белгілерін салу тәртібін анықтайды;
63) ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін белгілейді;
64) азаматтық және экспериментальдық авиация үшін ұшуларға дайындық ережелерін және ұшуға рұқсат алу тәртібін белгілейді;
65) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматтық кемесінің шетел мемлекетінің әуе кеңістігінде ұшуға сұрау салу және рұқсат алу тәртібін белгілейтін ережелерді бекітеді;
66) апатқа ұшырап жатқан немесе ұшыраған әуе кемелері туралы хабардар ету үшін жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
67) әуе кемесінің типіне және ұшудың ауданына байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның әуе кемелері жарақталуы тиіс борттық авариялық-құтқару құралдарының тізбесін анықтайды;
68) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесін және рұқсат беруден бас тарту үшін негізін белгілейді;
69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
70) теңіз портының капитанын тағайындайды және жұмыстан босатады;
71) Мемлекеттік кеме тізілімі мен кеме кітабының нысандарын бекітеді;
72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекітеді;
73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің типтері мен мөлшерінің тізбесін бекітеді;
74) кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілейді;
75) оны киюге құқығы бар ішкі су көлігі қызметкерлерінің киім нысандарының (погонсыз және айырым белгілерінсіз, нысанды киімді кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларының және лауазымдарының (кәсіптерінің) үлгілерін бекітеді;
76) порт капитаны туралы ережені бекітеді;
77) ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын кемелермен болатын көліктік уақиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу ережелерін бекітеді;
78) кемеде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порттағы қызметті ұйымдастыруы және реттеу мақсатында порт капитанының кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
79) кемелердің және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуі, арқандап байлануы және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылғыларды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу түсіру және сақтау тәртібін айқындайды;
80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
81) техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, салу, жөндеу және пайдалану туралы ережелерді және кемелерге орнатуға арналған материалдар мен бұйымдарды жасау ережелерін бекітеді;
82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды белгілейді;
83) ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
84) сатылатын жүктерді және оларға есеп айырысуларды есепке алу тәртібін белгілейді;
85) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережелерін бекітеді;
86) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерге кемелердің жүзуі мен тоқтап тұру ережелерін бекітеді;
87) нысанды киім, нысанды киімді кию тәртібінің және қамтамасыз ету нормаларының нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері берілетін теңіз көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін белгілейді;
89) кемені дараландыру және белгі беру дабылын, сондай-ақ спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендірілген нөмірін беру тәртібін белгілейді;
90) кеме құжаттарының нысандарын жүргізудің тізбесін, тәртібін белгілейді;
91) кемелермен болатын авариялық жағдайларды тергеу ережелерін бекітеді;
92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілейді;
93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілейді;
94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды растайтын тәртіпті белгілейді;
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 95) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды ұйымдастырады;
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 96-140) тармақшалармен толықтырылды
96) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамытады;
97) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді және қорғайды;
98) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
99) Қазақстан Республикасының почта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың почта әкімшіліктерімен өзара іс-қимылда өз құзыреті шегінде почта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді және қорғайды;
100) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіреді;
101) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
102) байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
103) ақпараттандыру және байланыс саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
104) электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
105) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
106) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады;
107) «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамытуды, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
108) куәландырушы орталықтың Үлгі ережесін әзірлейді және бекітеді;
109) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара әрекет ету ережесін әзірлейді және бекітеді;
110) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
111) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
112) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісін және телекоммуникацияның бірыңғай желісін құру тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді;
113) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
114) радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу ережесін әзірлейді және бекітеді;
115) Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлейді;
116) қорғау аймақтарының және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлейді;
117) почталық ақы төлеу белгілерінің мемлекеттік топтамасын қалыптастырады;
118) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беруді жүзеге асырады;
119) почта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді;
120) почта желілерімен жөнелту шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді;
121) почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельді қолдану тәртібін әзірлейді;
122) Ұлттық почта операторы қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оларды кию тәртібін, олармен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
123) франкировальді машиналарды қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін әзірлейді;
124) депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекітеді;
125) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексеру жоспарын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;