Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7
желтоқсандағы № 1596 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексiн) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкасы 1 жалпы тiркелiмдiк тонна үшiн 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 тамыздағы № 1308 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 441-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бiр ай мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі