"Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы
(ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 74 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.04.00 ж. № 513; 24.11.04 ж. № 1232
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1787 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде жарғылық капиталын қалыптастырсын.
ҚР Үкіметінің 06.04.00 ж. № 513 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қажетті 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлсін.
3. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |