Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы
21 қарашадағы № 1165 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232; 2005.19.19 № 29 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысымен күші жойылды
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 қарашадағы № 1165 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдеріне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2005.19.19 № 29 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат):
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.".
3. "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгімен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шілдедегi № 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi.";
2) мемлекеттік тiлдeгі мәтiнiнде 19-тармақтың төртiншi абзацындағы "тиiс" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi болуы".
4. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)