Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың
кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
17 шілдедегі № 794 қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007.28.06. № 544 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн:
ҚР Үкіметінің 2005.02.09. № 893 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 842 қаулысымен 2- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
№ 794 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.02.09. № 893 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн
қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу,
арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау
кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.02.09. № 893 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, сондай-ақ жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутанығыш аспаптар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
ҚР Үкіметінің 2005.02.09. № 893 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) темір жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
ҚР Үкіметінің 2005.02.09. № 893 Қаулысымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
№ 794 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 842 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге
байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде
қойылатын білiктiлiк талаптары
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 842 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) техникалық қадағалау органдарының тиiстi қорытындылары бар мамандандырылған машиналар мен жүк көтергiш тетiктер;
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 842 қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кемелерге мен жүктерге қызмет көрсететiн теңiз және өзен порттарының әрбiр қызметi бойынша біліктi мамандар (біліктiлiгiн растайтын құжаттардың болуы);
3) жүктердi сақтауға арналған жабық үй-жайлар (қоймалар) мен аумақтар;
4) жолаушыларға қызмет көрсету үшiн жабдықталған үй-жайлар (сапаржай);
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 842 қаулысымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) теңiз және өзен порттарында жүзу қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн навигациялық ахуал құралдары;
6) тапсырыс берушiнiң экологиялық және санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын экологиялық және санитарлық қадағалау органдарының қорытындылары.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi
№ 794 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
1) лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны:
"теңiз" деген сөзден кейiн "және темір жол" деген сөздермен толықтырылсын;
"әуе" деген сөзден кейiнгi "және темір жол" деген сөздер алынып тасталсын;
"қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу; теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi" деген сөздермен толықтырылсын:
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын;
2) санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
1-бөлім мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.";
2-бөлім мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.".
2. "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 714 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат):
Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
2 және 18-тармақтарда «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі», «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2007.19.07 ж. № 610 қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)