6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Импорттаушының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 206-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 206-2-баппен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 206-2-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы
1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 207-бап өзгертілді
207-бап. Салық салу объектілерін жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектілерін жасыруы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) —
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық төлеушінің кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да салық салу объектілерін жасыру деп түсініледі.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді
208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 312- III; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да міндетті төлемдердің сомасын декларацияда, есепте, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште төмендетіп көрсету, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
5. ҚР 2003.29.03. № 500-II Заңымен алып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңінде бюджетке енгізілуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын төмендеткені үшін бөлек әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
2. Осы баптың төртінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаты үшін асып түсуді айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып түсу есепке алынбайды.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 210-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 210-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
210-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агентінің ұстап қалуға және (немесе) бюджетке аударуға жататын салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталмаған сомасының отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын ұстап қалған салық сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Тұлға салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұсталған (ұсталуға тиіс) сомалары бойынша, оларды салық органына қосымша салық есептілігін табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударған жағдайда осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
212-бап. 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 213-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 213-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 213-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 213-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 213-бап өзгертілді
213-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, акцизделетін тауарларды декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарды, сондай-ақ акцизделетін тауарлардың өндірілуі мен айналымы бойынша декларацияларды табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі бұйымдарының өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
уәкілетті органға темекі бұйымдарының өндірілуі мен оның айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында өндіру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарда өндіру;
лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру бойынша қызметті жүзеге асырмау түрінде бұзу -
лауазымды адамдарға - жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз елу, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және өткізу шарттарын:
этилдендiрiлген бензиннiң айналымы, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізу және оларды одан әрі өңдемей сақтау;
мұнай өндірушілер мен жеткізушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз өткізу және (немесе) тасымалдау;
бақылаушы есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
темекі бұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда айналымда болуы (экспорттан басқа);
мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден тыс орындарда өткізу түрінде бұзу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II Заңымен 214-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 214-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 214-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 214-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
214-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -