(b) ұйымның қаржылық есебі үшін елеулі мәні бар материалдық емес активтердің кез келген жеке алынған сипаты, қаржылық жағдай туралы есептік құны және қалған амортизациялық кезеңі;
(c) мемлекеттік субсидия арқылы сатып алынған және әділ құн бойынша алғашқы танылған материалдық емес активтер үшін (44-тармақты қараңыз):
(i) осы активтер үшін алғашқы танылған әділ құнды;
(ii) олардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын; және
(ііі) танылудан кейін өзіндік құн бойынша немесе қайта бағалау әдісі бойынша бағаланған тәсіл арқылы.
(d) шектеулі құқықтық титулы және материалдық емес активтердің міндеттемелерді қамтамасыз етуге салынған қаржылық жағдай туралы есептік шамасы бар материалдық емес активтердің болуы және қаржылық жағдай туралы есептік құны;
(e) материалдық емес активтерді сатып алу бойынша келісімшарт міндеттемелерінің шамасы.
123. Ұйым активтің анықталмағандағыдай пайдалы қызмет мерзімін анықтау кезіндегі елеулі рөл атқарған факторды (факторларды) көрсете келе, 90-тармақтағы осындай факторлардың тізіміне назар аудару керек.
Қайта бағалау әдісі бойынша танылудан кейін бағаланатын материалдық емес активтер
124. Егер материалдық емес активтер қайта бағалау құны бойынша есептеуде көрсетілсе, ұйым мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
(a) материалдық емес активтердің класы бойынша:
(i) сол күнгі жағдай бойынша қайта бағалау жүргізілген күн;
(ii) қайта бағаланған материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнын; және
(iii) егер қайта бағаланған материалдық емес активтердің класы, 74-тармақта қарастырылғандай, өзіндік құн бойынша танылудан кейін бағаланған танылуы тиісті қаржылық жағдай туралы есептік құн;
(b) кезең барысында өзгерістерді көрсете отырып, кезеңнің басында және аяғында материалдық емес активтерге жатқызылатын қайта бағалаудан алынған құнның шамасы және акционерлерге қалдықты бөлуге арналған кез келген шектеулер; және
(c) [Жойылған].
125. Ақпаратты ашу мақсатында қайта бағалау активтердің кластарын ірі кластарға біріктіру қажеттілігі тууы мүмкін. Алайда, материалдық емес активтердің кластарын ірілендіру, егер шығындану әдісі бойынша және қайта бағалау әдісі бойынша бағаланған бір класс ішіндегі шаманың пайда болуына әкеліп соқтырса, жүзеге асырылмайды.
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар
126. Ұйым кезең ішінде шығыс ретінде танылған зерттеулерге және әзірлемелерге жұмсалған шығындардың жалпы сомасын ашуға міндетті.
127. Зерттеулерге және әзірлемелерге жұмсалған шығындарға ақпаратты ашу туралы зерттеулер және әзірлемелер саласындағы қызметке тікелей жатқызылатын барлық шығындар жатады (126-тармақтың талаптарын орындау мақсатында қосылуы тиісті шығындардың түрлері көрсетілген 66 және 67-тармақтарды қараңыз).
Басқа ақпарат
128. Ұйымның мынадай ақпараттарды ашуына қолдау көрсетіледі, бірақ талап етілмейді:
(а) осы уақытқа дейін пайдаланудағы кез келген толықтай амортизацияланған материалдық емес активтің сипаты; және
(b) ұйымның бақылауындағы, бірақ осы Стандартта белгіленген тану талаптарына жауап бермейтіндіктен немесе 1998 жылы шыққан 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-ының (IAS) редакциясы күшіне енгенге дейін сатып алынған немесе құрылғандықтан, актив ретінде танылмаған елеулі материалдық емес активтердің қысқаша сипаты.
Өту кезеңі шарттары және күшіне ену күні |
129. [Жойылған]
130. Ұйым осы Стандартты мыналарға қолдануға міндетті:
(a) келісімдері 2004 жылдың 31 наурызда немесе осы күннен кейін жасалған ұйымдардың бірлестіктері кезінде сатып алынған материалдық емес активтерді есептеу кезінде; және
(b) 2004 жылдың 31 наурыздан немесе осы күннен кейін басталатын алғашқы жылдық кезең болашақ негіздегі барлық қалған материалдық емес активтерді есептеу кезінде. Соған сәйкес, ұйым осы күнге танылған материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнын түзетуге құқығы жоқ. Алайда, ұйым осы күнге осындай материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімін қайта бағалау үшін осы Стандартты қолдануға міндетті. Егер осындай қайта бағалаудың нәтижесінде ұйым өзінің қандай да болмасын активінің пайдалы қызмет мерзімінің бағалауын өзгертсе, бұл өзгерту есептеуде 8 ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес бухгалтерлік бағалаудағы өзгеріс ретінде көрінуі тиіс.
130A Ұйым 2-тармақтағы түзетулерді 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Егер ұйым 6 Минералдық ресурастарды барлау мен бағалау ХҚЕС-ын (IFRS) неғұрлым ерте кезең үшін қолданатын болса, бұл түзетулер осы үшін неғұрлым ерте кезең үшін қолданылуға тиіс.
130В 1 Қаржы есептілігін ұсыну ХҚЕС бойынша (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-тарында (IFRS) қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 85, 86 және 118(f)(ііі)-тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
130С 3 ХҚЕС бойынша (IFRS) (2008 жылғы редакция) 12, 33-35, 68, 69, 94 және 130-тармақтарына түзетулер енгізілді, 38 және 129 тармақтары алынып тасталды және 115А тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Ұйым жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Сондықтан алдыңғы бизнестердің бірігуінде танылған материалдық емес активтер және гудвилл көлемі қолданылмауы тиіс. Егер ұйым 3 ХҚЕС-ын (IFRS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде бұл жөнінде дерек қолданылуы тиіс.
130D 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына Жетілдірулер (IFRS) бойынша 69, 70 және 98-тармақтарына түзетулер енгізілді және 69А тармағы қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
130E [Жойылған]
130F 2011 жылы мамыр айында шығарылған 10 ХҚЕС (IFRS) пен 11 ХҚЕС (IFRS) Бірлескен қызмет, 3(e) тармағына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 10 ХҚЕС (IFRS) пен 11 ХҚЕС (IFRS) сәйкес қолданылуы тиіс.
130G IFRS, issued in May 2011 жылғы мамыр айында шығарылған 13 ҚЕХС (IFRS), 8, 33, 47, 50, 75, 78, 82, 84, 100 және 124 тармақтарына түзетулер енгізіліп, 39-41 және 130E тармақтары жойылды. Өзгерістер 13 ХҚЕС (IFRS) сәйкес қолданылуы тиіс.
130H 2013 жылы желтоқсан айында шыққан 2010-2012 Кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері 80 тармағына түзетулер енгізді. Ұйым 2014 жылдың 1 шілдесінен кейінгі жылма-жыл кезеңінде осы түзетулерді түзетулерді қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
130I 2010-2012 Кезеңіндегі ХҚЕС-тың Жылдық Жетілдірулері енгізген түзетулерді сол түзетулердің бастапқы қолданыс күнінде немесе сол күннен кейінгі жылдық кезеңдерде және оның тікелей алдыңғы кезеңдерінде танылған барлық қайта бағалауларға қолдануы тиіс. Ұйым, оған қоса, ұсынылған әрбір алдыңғы кезеңдер үшін реттестірілген салыстырмалы ақпаратты ұсына алады, бірақ оған ешқандай талап етілмеген. Егер ұйым әрбір алдыңғы кезеңдер үшін реттестірілген салыстырмалы ақпаратты ұсынса, онда ол анық түрде реттестірілмеген ақпаратты анықтап, оның басқа негізде ұсынылғанын жариялап, сол негізді түсіндіруі тиіс.
130J 2014 жылдың мамыр айында шыққан Құнсыздану мен Амортизацияның Тиімді Тәсілдері туралы Түсінік (16 ХҚЕС (IAS) және 38 ХҚЕС-ға (IAS) өзгертулер) 92 және 98 тармақтарға түзету енгізді және 98A-98C тармақтарын қосты. Ұйым 2016 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейінгі жылдық кезеңінде осы түзетулерді перспективті түрде қолдануы тиіс. Көрсетілген кезеңнен ерте кезеңде қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді ертерек мерзімде қолданса, онда осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.
Ұқсас активтермен алмасу
131. 129- және 130 (b) тармақтарының осы Стандартты қолдану туралы талаптары болашақтағы негізде, егер активтерді айырбастау берілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына сүйене отырып, осы Стандарт күшіне енген күніне дейін бағаланса, ұйым оны сатып алу күнгі әділ құны бойынша көрсету үшін сатып алынған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын қайта қарамайды.
Мерзімінен бұрын қолдану
132. 130-тармаққа қатысты ұйымдар осы Стандарттың талаптарын қолдануға 130 - тармақта қойылған күшіне ену күндеріне дейін қолдау көрсетеді. Алайда, егер ұйым осы Стандартты осы күндер басталғанға дейін қолдана бастаса, ол, сонымен қоса, 3 ХҚЕС-ын (IFRS) және 36 Активтердің құнсыздануы ХҚЕС-ын (2004 жылғы редакция) (IAS) бір уақытта қолдануы тиіс.
38-ші ХҚЕС-ның күшін (1998 жылы шыққан) жою |
133. Осы Стандарт 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-ын (IAS) (1998 жылы шыққан) алмастырады.