11-ші Халықаралық Қаржылық Есептілігінің Стандарты (IFRS 11)
«Бірлескен қызмет»
1 Бұл стандарттың мақсаты бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы (яғни, бірлескен қызметке) қатысу үлесі бар кәсіпорындардың қаржы есептілігін дайындау мен ұсыну қағидаларын орнатудан тұрады.
Мақсаттың жетістіктері
2 1-тармақта көрсетілген мақсатқа жету үшін, бұл стандарт бірлескен бақылауғаанықтама береді және өзініңқұқықтары мен міндеттерін бағалай отырып бірлескенқызметтің тарабы болып есептелетін кәсіпорын өзі қатысушысы болып саналатын бірлескен қызметтің түрін анықтауды талап етеді және мұндай құқықтар менміндеттемелерді бірлескен қызметтің белгілі бір түріне сәйкес көрсініс табады.
3 Осы Стандарт бірлескен қызметтің тарабы болып табылатын барлық кәсіпорындарда қолданылуы тиіс.
4 Бірлескен қызмет - бұл екі немесе одан да көп тараптармен бірлесе бақыланатын қызмет.
5 Бірлескен қызметтің ерекшеліктері мынадай:
(а) тараптаркелісімшарттық келісімдер арқылы байланысқан (В2-В4 -тармақтарын қараңыз),
(b) келісімшарттық келісімдер бойынша жоғарыда көрсетілген екі немесе одан да көп қызмет бойынша бірлесіп бақыланатынтарапты ұсынады (7-13 -тармақтарын қараңыз).
6 Бірлескен қызмет бұл- не бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын.
Бірлескен бақылау
7 Бірлескен бақылау бұл - келісімшартқа сәйкес екі тарап арасындағы бөлінген бақылау, яғни бірлескен бақылауды жүзеге асыратын маңызды қызметке қатысты шешім қабылданғанда екі тараптан бірауызды келісімді талап еткен кезде ғана бірлескен бақылау орын ала алады.
8 Қызметтің тарабы болып саналатын кәсіпорын тараптар арасындағы келісімшартық келісім барлық тараптар үшін немесе қандай да бір топ тараптары үшін бірлескен қызметке ұжымдық бақылау жасайтындығын анықтап алуы тиіс. Барлық тараптар немесе тараптар тобы бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асырады, егер олар бірлескен қызметтің (яғни маңызды қызметтің) кірісіне айтарлықтай әсер ететін қызметті басқаруда хабар бере отырып әрекет етуі тиіс.
9 Егер барлық кәсіпкерлер немесе кәсіпкерлердің тобы бірлескен қызметке ұжымдықбақылауды жүзеге асыратын болған жағдайда, бірлескен бақылау тек маңыздықызмет туралы шешім бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыратынкәсіпкерлердің бірауызды келісімін талап еткен жағдайда жүзеге асады.
10 Бірлескен қызметте бірлескен кәсіпкердің ешқайсысы қызметкебір жақтық тәртіпте бақылауды жүзеге асырмайды. Бірлескен бақылауға қатысуға құқығы бар тарап қызметке бақылауды жүзеге асыруда кез келген басқа кәсіпкерлерге немесе тарап топтарына кедергі келтіре алады.
11 Егер кәсіпкерлердің барлығында бірдей мұндай қызметке бірлескен бақылауы болмаған жағдайда да бірлескен қызмет болуы мүмкін. Аталған стандарт бірлескен қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлердің және бірлескен қызметке қатысатын, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін кәсіпкерлердің айырмашылығын анықтайды (бірлескен операцияға қатысушылар немесе бірлескен кәсіпорынға қатысушылар).
12 Бірлескен бақылау қызметіне барлық тараптар немесе топ тараптары бірлескен бақылауға ие болатындығын болмайтындығын бағалау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы қажет. Кәсіпорын бұл бағалауды барлық фактілер мен жағдайларды қарастыра отырып жасауы қажет (В5-В11 -тармақтарын қараңыз).
13 Фактілер мен жағдайлар өзгерген жағдайда кәсіпорынбірлескен қызметтегі бірлескен бақылаудың барына қайта бағалау жасауы тиіс.
Бірлескен қызметтің түрлері
14 Кәсіпорын өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Бірлескен қызметті бірлескен операция және бірлескен кәсіпорын ретінде жіктеу бірлескен қызметтің активтері мен міндеттемелеріне байланысты болады.
15 Бірлескен операция- қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлерде қызметпен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен операцияның қатысушысы болып аталады.
16 Бірлескен кәсіпорын- қызметке бірлескен бақылауды иелік ететін кәсіпорындарда қызметтердің таза активтеріне құқығы болуын болжайтынбірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып аталады.
17 Бірлескен қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын анықтау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы тиіс. Кәсіпорын мұндай қызметпен туындайтын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыра отырып, өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Кәсіпорын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін бірлескен қызметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын, келісімшарттық келісімдер аясында тараптар арасында келісілген жағдайлар және қажеттілігіне орай басқа да факторлар мен міндеттемелерді талдау көмегі арқылы бағалайды (B12-B33 тармақтарын қараңыз).
18 Кейде тараптар шектікелісімдерге байланысты қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүргізуге қатысты жалпы келісімшарттық шарттарды анықтайды. Шектікелісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін тараптардың бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын бекітетінін қарастыруы мүмкін. Шекті келісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру үшін тараптар бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын ұйымдастыратынын қарастыруы мүмкін.Егер қапталды келісім тәртібімен жүретін қызметтің әртүрлі түрін жүзеге асыруда пайда болған кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ерекшеленетін болса, мұндай бірлескен қызмет бір ғана қапталды келісіммен байланысты екеніне қарамастан әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай бірлескен қызмет сол және басқа да шекті келісімдерге байланысты болғанына қарамастан, ол шекті келісімдермен реттелетін қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асыру кезінде туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттемелері ерекшеленетін болса, ол әртүрлі түрлерден болуы мүмкін. Сәйкесінше бірлескен операциялар мен бірлескен кәсіпорындар, егер тараптар сол және басқа шекті келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің әртүрлі түрлерін іске қосса, жүзеге асыра алады.
19 Кәсіпорын фактілер мен жағдайлар өзгерген жағдайда өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін қайта бағалауы тиіс.
Бірлескен қызмет кәсіпкерлерінің қаржылық есебі
Бірлескен операциялар
20 Бірлескен операцияларға қатысушы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесіне байланысты мыналарды таниды:
(а) бірлескен активтердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің активтерін;
(b) бірлескен міндеттемелердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің міндеттемелерін;
(с) бірлескен операциялар нәтижесінде өндірілген өнім үлесін сатудан түскен өз түсімін;
(d) бірлескен операция нәтижесінде өндірілген өнімдерді сатудан түскен түсімдегі өз үлесін;
(е) бірлескен шығындар үлесін қосқандағы өз шығындарын.
21 Бірлескен қызметтің қатысушысы ХҚЕС-қа сәйкес нақты активтерге, міндеттемелерге, түсімдер мен шығындарға таратылатын бірлескен операцияға қатысу үлесіне байланысты бірлескен операциялардағы оның қатысу үлесіне байланысты активтерді, міндеттемелерді, түсімдер мен шығындарды есепке алуда көрсетуі тиіс.
22 Қатысушысы өзі болып табылатын кәсіпорындар мен бірлескен операциялар арасындағы активтерді сату, жарна немесе сатып алу сияқты операцияларды есепке алу тәртібі В34-В37-тармақтарында сипатталынған.
23 Бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауда жоқ тараптар егер мұндай тараптардың бірлескен операцияларға қатысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болса, 20-22 -тармақтарына сәйкес өзінің қатысу үлесін көрсетуі тиіс. Егер бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ тараптар бірлескен операциялармен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болмайды, ол қатысудың мұндай үлесіне таратылатынбірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін ХҚЕС-на сәйкес көрсетуі тиіс.
Бірлескен кәсіпорын
24 Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін инвестициялар ретінде тануы тиіс және егер кәсіпорын көрсетілген стандартқа сәйкес үлестік қатысу әдісін қолдану талабынан босатылмаған болса, 28-«Қауымдасқан ұйымға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» ХҚЕС (IAS) сәйкес үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алуда мұндай инвестицияларды есепке алуда көрсетуі тиіс.
25 Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып есептелетін, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін тараптар өзінің қатысу үлесін9-«Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) сәйкес егер тек онда бірлескен кәсіпорынға елеулі ықпалы болмаса, болған жағдайда тараптар өз үлесін 28-ХҚЕС-на (IAS) сәйкес(2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) көрсетуі тиіс
26 Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен операциялардың қатысушысы немесе бірлескен кәсіпорынның қатысушысы мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:
(a) 20-22 -тармақтарына сәйкес бірлескен операцияларға;
(b) 27«Жеке қаржы есептілігі» ХҚЕС (IAS) 10-тармағына сәйкес бірлескен кәсіпорынға.
27 Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен қызметтің қатысушысы болып табылатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ кәсіпкер мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:
(a) 23-тармағына сәйкес бірлескен операцияларда;
(b) 9ХҚЕС (IFRS) сәйкес бірлескен кәсіпорында, егер кәсіпорынның бірлескен кәсіпорынға айтарлықтай әсері болмаса, болған жағдайда 27-ХҚЕС (IAS) 10-тармағын (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) қолдануы тиіс.
А Қосымшасы
Терминдерді Анықтау
Бұл қосымша аталған стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бірлескен қызмет | Екі немесе одан да көп кәсіпкерлер бірлескен бақылауды жүзеге асыратын қызмет |
Бірлескен бақылау | келісімшартқа сәйкес екі тарап арасындағы бөлінген бақылау, яғни бірлескен бақылауды жүзеге асыратын маңызды қызметке қатысты шешім қабылданғанда екі тараптан бірауызды келісімді талап еткен кезде ғана бірлескен бақылау орын ала алады. |
Бірлескен операция | Қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлерде қызметпен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен қызмет. |
Бірлескен операция қатысушысы | Мұндай бірлескен операцияларға бірлескен бақылау жүргізетін бірлескен операциялардың тарабы. |
Бірлескен кәсіпорын | қызметке бірлескен бақылауды иелік ететін кәсіпорындарда қызметтердің таза активтеріне құқығы болуын болжайтын бірлескен қызмет. |
Бірлескен кәсіпорын қатысушысы | Мұндай бірлескен кәсіпорынның бірлескен бақылау жүргізетініне қарамастан бірлескен кәсіпорындардың тарабы. |
Бірлескен қызмет тарабы | Мұндай кәсіпорынның бірлескен бақылау жүргізетіне қарамастан бірлескен қызметтің қатысушысы болып саналатын кәсіпорын |
Жеке ұйым | Мұндай кәсіпорындардың субъектілік құқығы барына тәуелсіз заңды түрде мойындалған жеке заңды тұлғалары немесе кәсіпорындары бар жеке идентифициялық қаржылық құрылым. |
Төменде ұсынылған төмендегі терминдердің анықтамасы 27ХҚЕС (IAS) (2011жылғы түзетулерді ескере отырып), 28 ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) немесе 10-«Шоғырландырылған қаржы есептілігі» ХҚЕС (IFRS) ұсынылған.Бұл терминдер көрсетілген ХҚЕС-нда баяндалған, осы стандарттағы мағынада қолданылады:
· инвестиция нысанына бақылау
· үлестік қатысу әдісі
· өкілеттік
· қорғау құқығы
· маңызды қызмет
· жеке қаржылық есептілік
· елеулі ықпал
В Қосымшасы
Қолдану Бойынша Нұсқаулық
Осы қосымша аталған стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымша 1-27-тармақтарын қолдануды сипаттайды және өзінің күші бойынша осы стандарттың басқа бөлімдерімен тең мағынада қолданылады.
B1 Қосымшада көрсетілген мысалдар, гипотетикалық жағдайларды сипаттайды. Төмендегі көрсетілген мысалдардың кейбір аспектілері нақты жағдайларда да ескерілуі мүміндігіне қарамастан, 11ХҚЕС (IFRS) қолдану барысында барлық фактілер мен әрбір нақты жағдайларды бағалауы тиіс.
Келісімшарттық келісім(5-тармақ)
B2 Келісімшарттық келісім әртүрлі тәсілдермен бекітілуі мүкін. Құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген қелісімшарттық келісім көбіне, бірақ әрдайым емес ережеге сай келісімшарт немесе тараптар арасындағы құжаттандырылған талқылаулар түрінде жазба түрде рәсімделеді. Заңдық тәртіпте белгіленген механизмдер құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген келісімді өздігінен және тараптар арасындағы келісімшарттарға сәйкес құра алады.
B3 Егер бірлескен қызметте жекеұйымның құрылымы болған жағдайда (В19-В33-тармақтарын қараңыз) келісімшарттық келісім немесе оның кейбір аспектілері жеке ұйымның жарғысына, регламенті немесе ішкі қағидасына кірістірілуі мүмкін.
B4 Келісімшарттық келісім келісімнің мәні болып табылатын тараптардың қызметке қатысуына сәйкес шарттарды қарастырады.Келісімшарттық келісім ережеге сай мына мәселелерді реттейді:
(a) бірлескен қызметтің мақсатын, түрлері мен жалғастығын.
(b) бірлескен қызметтің директорлар кеңесі немесе басқарудың баламалық органдарының мүшелері қалай тағайындалады.
(b) шешімдер қабылдау үрдісін: тараптардың шешімдер қабылдауын талап ететін мәселелер, тараптардың дауыс беру құқығы мен мұндай қолдаудың қажеттілік деңгейі. Келісімшарттық келісімде көрініс тапқан шешімдер қабылдау үрдісі қызметке бірлескен бақылауды анықтайды. (B5-B11-тармақтарын қараңыз).
(d) тараптардан талап етілген капиталға жарналар немесе басқа да жарналар.
(e) кәсіпкерлер активтерге, міндеттемелерге, түсімдерге, шығыстарға немесе бірлескен қызметпен байланысты кірістерде немесе шығыстарғақандай жолмен қатысады.
Бірлескен бақылау (7-13-тармақтар)
B5 Кәсіпорында қызметке бірлескен бақылаудың барын бағалауда кәсіпорын алдымен қызметтің барлық тараптарды немесе тарап топтарын бақылайтынын анықтап алуы тиіс. 10-ХҚЕС (IFRS) бақылауға анықтама береді және барлық тараптар мен тарап топтарының қызметке қатысуында ауыспалы кіріспен байланысты тәуекелге бара алатындығын немесе барлық тараптар мен тарап топтарының мұндай кірісті алуға құқығы барын, сонымен қатар барлық тараптар мен тарап топтарының қызметке қатысты өзінің өкілеттілігін жүзеге асыру арқылы мұндай кіріске ықпал ете алатынын анықтау үшін қолданылады. Ұжымдық қарастырылатын тараптар мен тарап топтары бірлескен қызмет кірісіне (яғни маңызды қызметке) айтарлықтай ықпал ететін қызметті басқара алған жағдайда кәсіпорындар қызметке бірлескен бақылауды жүзеге асырады.
B6 Барлық кәсіпкерлер мен кәсіпкер топтарының қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыру туралы қорытынды жасалғаннан кейін кәсіпорын ол қызметке бірлескен бақылауға ие болатынын бағалауы тиіс. Бірлескен бақылау маңызды қызмет туралы қабылданған шешім қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің бірауызды келісімін талап еткен жағдайда орын ала алады. Қызметке бірлескен бақылау барлық тараптар немесе тарап топтарымен немесеқызметтің бір тарабымен жүзеге асатындығын анықтау барысында ортақ шешім шығару талап етілуі мүмкін.
B7 Кейде келісімшарттарттықкелісімде кәсіпкерлермен келісілген шешім қабылдау үрдісі бірлескен бақылауды болжайды. Мысалы, екі тарап әрбір тарапта 50 пайыз дауыс беру құқығы бар қызметті құрады деп есептейік және олардың арасындағы келісімшарттық келісімдер маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 51 пайыз дауыс беру құқығының қажеттігін қарастырады. Бұл жағдайда маңызды қызмет туралы шешім екі кәсіпкердің келісімінсіз қабылданбайтындықтан кәсіпкерлер анықталмаған түрде бірлескен бақылауға келіседі.
B8 Басқа жағдайда келісімшарттық келісімдер маңызды қызмет туралы шешімдер қабылдау үшін қажетті дауыс беру құқығының ең аз пайызына қойылатын талаптарды анықтайды. Мұндай дауыс беру құқығының ең аз қажетті пайызы бірге дауыс беретін бірнеше әртүрлі тараптардың құрамдастырылуы арқылы қол жеткізілген жағдайда, егер тек қана келісімшарттық келісімдер қандай тараптар (немесе тараптардың құрамдастырылуы) маңызды қызметке қатысты шешімдермен бірауыздан келісу керектігін анықтамайтын болса, мұндай қызмет бірлескен қызмет болып табылмайды.
Қолдану мысалдары |
1-мысал |
Үш тарап қызметті құрады деп есептейік. А тарабында 50 пайыз, В тарабында 30 пайыз, және Старабында 20 пайыз дауыс беру құқығы бар. А,В және С арасындағы келісімшарттық келісімдер маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 75 пайыз дауыс керек екендігін қарастырады. Кез-келген шешімге тосқауыл қоя алатындығына қарамастан А тарабы В тарабының келісіміне тәуелді болғандықтан, қызметке бақылауды иеленбейді. Маңызды қызметке қатысты шешім шығаруға қажетті кем дегенде 75 пайыз дауыс талап еткен келісімшартты келісімнің шарты маңызды қызметке қатысты шешім А және В тараптарының келісімінсіз қабылданбайтындықтан, А және В кәсіпкерлері қызметтің бірлескен бақылауына иелік етеді депболжанады. |
2-мысал |
Үш тарап қызметті құрады деп есептейік. А тарабында 50 пайыз, алВжәне С тараптарында 25 пайыздан дауыс беру құқығы бар. А,В және С арасындағы келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін кем дегенде 75 пайыз дауыс керектігін қарастырады. А тарабы кез-келген шешімге тосқауыл қоя алатындығына қарамастан В немесе С тараптарының келісімі қажет болғандықтан қызметке бақылауды иелене алмайды. Осы мысалда А, В және С тараптары қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асырады. Алайда, қажет болған 75 пайыз дауыс келісім берген тараптардың бірнеше комбинациялары арқылы алынуы мүмкін (яғни, А және В немесе А және С) Мұндай жағдайда, қызмет бірлескен қызмет болуы үшін кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім қабылдау үшін бірауызды шешім қабылдауы тиіс кәсіпкерлердің белгілі бір комбинациясын орнатуы қажет. |
3-мысал |
А және В тараптарында қандай да бір қызметке 35 пайыздан дауыс құқығыбар деп есептейік, ал қалған 30пайыз әртүрі орналастырылған. Маңызды қызметтерге қатысты шешім көп мөлшердегі дауыстардың келісімін талап етеді. Егер келісімшарттық келісім маңызды қызметке қатысты шешім А және В кәсіпкерлерінің келісімін талап ететінін қарастыратын болса, А және В кәсіпкерлер қызметке бірлескен бақылауға иелік етеді. |
B9 Бірауызды келісім талабы қызметке бірлескен бақылауына иелік ететін кез-келген тараптар кәсіпкерлердің немесе топтардың келісімінсіз кез-келген басқа тараптар немесе тарап топтарының біржақты шешімдер (маңызды қызметке қатысты) қабылдауына бөгет бола алады дегенді білдіреді. Егер бірауызды келісім маңызды қызметке қатысты шешімдерге емес, тараптарға қорғану құқығын беретін шешідерге ғана қатысы болса, онда мұндай тарап қызметтің бірлескен бақылауына иелік етпейді.
B10 Келісімшарттық келісімдер төрелік ету секілді таластарға рұқсат беруді қадағалайтын жағдайларды қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайлар бірлескен бақылауға иелік ететін тараптардың бірауызды келісімінсіз шешім қабылдауына жол беруі мүмкін. Мұндай жағдайлардың болуы қызметке бірлескен бақылау жасауға тосқауыл болмайды және сәйкесінше, қызмет бірлескен қызмет секілді бағаланады.
Бірлескен бақылаудың болуын бағалау
B11 Егер қызмет 11-ХҚЕС (IFRS) әрекетінің аясынан тыс болса, кәсіпорын 10ХҚЕС(IFRS), 28ХҚЕС (IAS) (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) немесе 9-ХҚЕС (IFRS) секілді ХҚЕС-қа сәйкес өзінің қызметке қатысу үлесін көрсетеді.
B12 Бірлескен қызмет және әртүрлі құрылымдар мен ұйымдастырушылық-құқықтық формаларды пайдалану арқылы (мысалы, шығындар мен тәуекелдерге қатысуда немесе кәсіпкерлерге жаңа технологияларға немесе жаңа нарыққа жол ашу тәсілі секілді)әртүрлі мақсаттарда жүзеге асуы мүмкін.
B13 Қызметтің кейбір түрлері қызметтің мәні болып табылатын әрекет жекеұйымның құрылғысы аясында орындалғанын талап етпейді. Бірақ, қызметтің басқа түрлері жеке кәсіпорынды құруды болжайды.
B14 Аталған стандарт талап етілген бірлескен қызметті топтастыру әдеттегі шаруашылық қызмет барысында бірлескен қызметтерге байланысты туындайтын кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттемелеріне байланысты болады. Аталған стандарт бірлескен қызметті бірлескен операция секілді немесе бірлескен кәсіпорын секілді топтастырады. Егер кәсіпорын қызметпен байланысты активтерге құқығы болған және міндеттемелер бойынша жауапкершілік алған жағдайда қызмет бірлескен операция болып есептеледі. Егер кәсіпорын қызметтің таза активтеріне құқығы болған жағдайда, қызмет бірлескен кәсіпорын болып табылады. В16-В33 -тармақтарында кәсіпорынның бірлескен операцияда немесе бірлескен кәсіпорында үлесі бар екендігін анықтау үшін кәсіпорын өндіретін бағалау сипатталынған.
Бірлескен қызметті топтастыру
B15 В14-тармағында көрсетілгендей бірлескен қызметті топтастыру тараптар қызметтің нәтижесі болып табылатын өз құқықтары мен міндеттемелерін бағалауды талап етеді. Мұндай бағалау аясында кәсіпорын келесі факторларды қарастыруы тиіс:
(a) бірлескен қызметтің құрылымын: (B16-B21-тармақтарын қараңыз).