Өкілеттілік
B9 Инвестициялар нысанына қатынасты өкілеттілікке ие болу үшін инвестор дәл қазіргі уақытта маңызды қызметті басқару мүмкіндігін ұсынатын құқыққа ие болуы қажет. Өкілеттікті бағалау кезінде қорғану құқығы болып табылатын құқық немесе тек қана нақтылы құқық есептелінеді (B22-B28 тармақтарды қара).
B10 Инвестордың өкілеттілігі қандай қызмет маңызды, маңызды қызметке қатысты қандай шешім қолданылады, сондай-ақ инвестор және басқа жақтар инвестициялар нысанына қатынасты құқығына байланысты орнатылған фактілер болуы.
Маңызды қызмет және маңызды қызметті басқару
B11 Инвестиция нысаны кірісіне операциялық және қаржылық қызметтің сан алуан түрлері ықпал етеді. Жағдайға байланысты қызмет үлгілерінің сапасына әкелетін маңызды қызмет болуы мүмкін:
(a) тауарлар сату және сатып алу немесе қызмет көрсету;
(b) қаржылық активтерді пайдалы қолдануға ұзақ уақытқа басқару (дефолт басталуының фактісі бойынша уақыт)
(c) активтерді сатып алу және иеліктен шығаруды таңдау;
(d) жаңа өнімдер немесе үдерістерді өңдеу және зерттеу; және
(e) қаржылық құрылымды анықтау немесе қаржыландыруды тарту.
В12 Елеулі қызметке қатысты шешімдерінің мысалы ретінде төмендегілерді көрсетуге болады:
(a) бюджетті қоса алғандағы инвестиция нысанының операциялық қызметіне және капиталына қатысты шешім; және
(b) инвестиция нысанының негізгі басқарушы қызметкерін немесе қызметтерді жеткізушілерді тағайындау және сыйақы беру сондай-ақ көрсетілген тұлғалармен еңбек қатынастарын тоқтату.
B13 Кейбір жағдайларда нақты жағдайлардың ағыны немесе нақты оқиғаның туындауына дейін және бұдан кейін де жүргізілетін кейбір жағдайларда қызмет елеулі болуы мүмкін. Екі немесе одан көп инвестордың осы сәтте елеулі қызметті басқару мүмкіндігі болған жағдайда және мұндай қызмет әртүрлі уақытта жүргізілсе, шешім қабылдаудың паралелль құқықтарын ескере отырып, ең көп әсер етуші инвесторлардың ішінде қай инвестор бақылау жүргізетінін анықтауы тиіс (13 тармақты қараңыз). Егер тиісті фактілер немес міндеттемелерде қандай да бір өзгерістер болса, инвесторлар уақыт өтісімен осы бағалауды қайта қарастыруы тиіс.
Қолдану мысалдары |
|
1-ші Мысал |
Екі инвестор дәрі-дәрмектерді дайындау және сату мақсатында инвестициялар нысанын құрады. Бір инвестор дәрі-дәрмектердің дайындалуына және реттеуші органдардың тиісті рұқсаттарын алуға жауап береді; бұл жауапкершілік өнімді дайындау және реттеуші органдардың рұқсаты алуға қатысты барлық шешімдерді бір жақтық тәртіпте қабылдау мүмкіндігін береді. Реттеуші орган дәрі-дәрмекке рұқсат бергенде ғана басқа инвестор оны өндіру мен оны сатуды бастайды; бұл инвестор дәрі-дәрмекті өндіру мен оны сатуға арналған барлық шешімдерді бір жақтық тәртіпте қабылдай алады. Егер қызметтің көрсетілген барлық түрлері - дәрі-дәрмектерді дайындау, реттеуші органнан рұқсат алу, өндіру және сату елеулі қызмет болса, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер ететін әрбір инвестор қызметті басқару мүмкіндігі барын анықтап алуы тиіс. Сәйкесінше, инвестициялар нысанының кірісіне ең елеулі әсер ететін әрбір инвестор дәрі-дәрмектерді дайындау және реттеуші органдардың рұқсатын алу немесе оны өндіру мен сату туралы және мұндай құзметті басқару мүмкіндігі бары туралы мәселені қайта қарастыруы тиіс. Инвесторлардың қайсысының өкілеттілігі барын анықтау кезінде инвесторлар төмендегі мәселелерді қарастырар еді: (a) Инвестициялар нысанының мақсаты мен құрылымын; (b) Пайдалар, түсім мен инвестициялар нысаны құнын, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің құнын анықтайтын факторларды; (c) (b) тармағында көрсетілген факторларға қатысты шешім қабылдау бойынша әрбір инвестордың өкілеттілік жүргізу нәтижесінде инвестициялар нысанының кірісіне тигізетін әсерін; және (d) Кірістің өзгерушілігіне байланысты инвесторлардың тәуекелдері. Аталған нақты мыслда инвесторлар сонымен қатар төмендегі мәселелерді қарастырар еді: (e) реттеуші органдардың рұқсатын алуға қатысты белгісіздік және мұндай рұқсатты алуға (дәрі-дәрмектерді дайындау саласындағы инвестордың табысты тәжірибесінжәне реттеуші органдардан тиісті рұқсаттарды алуды ескеру арқылы) қажетті барлық күштерді; және (f) дайындау кезеңінің табысты аяқталуынан кейін дәрі-дәрмекке инвесторлардың қайсысы бақылау жүргізеді. |
|
2-мысал |
Инвcтициялық құрылым (инвестициялау нысаны) иеленушісі инвестор (қарыздық құралдардағы инвестор) болып табылатын қарыздық құралдар және еленушісі бірнеше басқа кәсіпорын болып табылатын үлестік құралдар көмегімен құрылады және қаржыландырылады. Үлестік құралдарды шығарудың инвестициялар алғашқы шығындарды жою және инвестициялар нысанынан түскен қалдық кірісті алудың өзіндік мақсаты болады. Акциялардың 30 пайыз иеленушісі болып табылатын үлестік құралдардағы инвесторлардың бірі сонымен қатар, активтерді басқарушы болып табылады. Инвестициялар нысаны мұндай активтер бойынша негізгі сома және сыйақы есебінен төлемеу мүмкіндіктерімен байланысты инвестициялар нысанын несиелік тәуекелге ұшырата отырып, қаржылық активтер портфелясын сатып салу үшін өзінің кірістерін қолданады. Мәміле активтер портфелясы бойынша төлемеу мүмкіндіктерімен байланысты минималды несиелік тәуекелі бар инвестиция сияқты инвесторға жасалды. қарыздық құралдарға Инвестициялар нысанының алғашқы шығындарын жою үшін арналған үлестік құралдарды шығару активтердің сипаттамсымен игерілетін активтер портфолиясы бойынша мүмкін болатын төлемеумен байланысты минималды несиелік тәуекелі бар инвестиция сияқты үлестік құралдардағы мәмле инвесторға ұсынылады. портфолияны басқару бойынша нұсқаулық аясында активтерді таңдау, сатып алу мен меншікке алуға, сонымен қатар портфелия активтерінің кез-келгені бойынша өтелмеген төлем жағдайындағы басқару әрекетіне қатысты шешімдер қабылдауға инвестициялар нысаны активтерінің портфолиясын басқаруға арналған қызмет инвестициялар нысанының кірісіне елеулі әсер етеді. Өтелмеген төлем белгіленген қатынастарға жетпегенге дейін (яғни, инвестициялар нысанының үлестік құралдарының шығарылуы ұтылып, портфеля құнындай болғанда) көрсетілген қызметті жүзеге асыруға активтерді басқарушы жауап береді. Осы күннен бастап үлестік құралдардағы инвестордың нұсқаулығына сәйкес үшінші тарап болып табылатын сенім білдірілген басқарушы басқарады. Автивтер портфелиясын басқару инвестициялар нысанының елеулі қызметі болып табылады. Активтерді басқарушының активтерді өтемеу портфелия құнына деген белгіленген қатынастарға жетпегенге дейін елеулі қызметті басқару мүмкіндігі болады, өтелмеген активтер құны портфелия құнынан артылатын болса, инвестордың үлестік құралдардағы басқару мүмкіндігі болады. Активтерді басқарушы және үлестік құралдардағы инвестор инвестициялар нысанының мақсаттары мен құрылымының талдауын, сондай-ақ кірістердің ауыспалы сипатына байланысты әрбір тараптың тәуекелдерін қоса алғандағы инвестициялар нысанының кірісіне олардың әрқайсысының көбірек елеулі әсер ететін қызметті басқару мүмкіндігі барын анықтауы тиіс. |
Инвестициялар нысанына қатысты инвесторға өкілеттілік беретін құқықтар
B14 Өкілеттілік құқықтардың нәтижесі болып табылады. Инвестициялар нысанына қатысты өкілеттіліктерді иелену үшін, инвестор қазіргі кезде инвесторға елеулі қызметті басқаруға мүмкіндік беретін қолданыстағы ережелерді игеруі тиіс. инвесторға өкілеттілік беруі мүмін құқықтар инвестициялар нысанына байланысты түрленуі мүмкін.
B15 Инвесторға өздігінен немесе басқа ережелермен жиынтықта өкілеттілік беруі мүмкін құқықтардың мысалдары ретінде төмендегілерді атауға болады:
(a) инвестициялар нысанындағы дауыс беру құқығы түріндегі (немесе әлеуетті дауыс беру құқықтары) құқықтар (B34-B50 тармақтарын қараңыз);
(b) елеулі қызметке әсер етуі мүмкін инвестициялар нысанының негізгі басқарушы қызметкер мүшелерінің басқа лауазымға тағайындау, ауыстыру немесе босату құқықтары;
(c) елеулі қызметті басқаратын басқа кәсіпорынды тағайындау немесе шеттету құқықтары;
(d) инвестордың мүддесіне қатысты қандай да бір мәмле жасаудағы немесе қандай да бір мәмлелердегі кез-келген өзгерістерге вето реттеудегі инвестициялар нысанына нұсқаулық беру құқығы; және
(e) олардың иеленушілеріне елеулі қызметті басқару мүмкіндігін беретін басқа да құқықтар (басқару туралы келісімде көрсетілген шешім қабылдау құқығы сияқты);
B16 Жалпы алғанда, инвестициялар нысанының кірісіне елеулі әсер ететін инвестициялар нысаны түрлі операциялық және қаржылық қызметті жүзеге асарады және де егер мұндай қызметті жүзеге асыру қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды тұрақты түрде талап ететін болса, онда өздігінен немесе инвестициялар нысанына қатысты инвесторға өкілеттілік беретін басқа да ережелермен бірге дауыс беру құқығы немесе ұқсас құқықтар болады.
B17 Егер дауыс беру құқы инвестиция нысанының кірісіне айтарлықтай ықпал етпесе, мәселен, дауыс беру құқы әкімшілік сауалдар төңірегінде ғана тарап, ал ықпал ететін басқару сауалдары келісімшарт келісімі арқылы реттелсе, инвестор бұндай келісімді бекіту үшін жетілікті құқығы болуы, инвестиция нысанасы қарым-қатынасында өкілеттілік ете алуы тұрғысында бағалауы керек. Инвестордың осындай өкілеттілікті ұсынуы үшін жеткілікті құқысы бар болуын бекіту үшін инвестор инвестиция нысанының құрылымы мен мақсатын (B5-B8тармақтарын қараңыз) және B51-B54, B18-B20 тармақтарындағы талаптарын қарап шығуы керек.
B18 Кейбір жағдайларда инвестиция нысаны қарым-қатынасында соңғы өкілеттілік көрсетуде инвестордың құқығы жеткілікті етуді қалыптастыруда қиындықтар тууы мүмкін.Бұндай жағдайда өкілеттілік мүмкіндігін анықтау үшін инвестор өкілеттіліктің бір жақты тәртіпте тәжірибелік басқара алуын дәлелді түрде қарастыру керек. Осылардың арасында B19 және B20 тармақтарындажазылған құқықтар мен көрсеткіштер инвестордың инвестиция нысаны қарым-қатынасында өкілеттілікке толық құқылы болуына дәлел бола алатын келесі сұрақтарды қарастыру керек:
(a) Инвестор қарастырылған келісімшарт құқығына ие болмай, инвестиция нысанын басқару мүмкіндігі бар негізгі тұлғаны басқаруға тағайындауға немесе бекітуге құқылы емес.
(b) Инвестор қарастырылған келісімшарт құқысына ие болмай-ақ, инвестиция нысанын бағдарлауға байланысты маңызды келісімге отыруға немесе инвестор мақсатына қарай кез-келген өзгеріске вето жүктеуге құқылы.
(c) Инвестиция нысанын басқару жүйесіндегі мүшелердің кандидатурасын жоғарылату әрекетінде немесе дауыс беру құқығына ие басқалардан өкілеттілік алуында инвестор шешуші роль атқарады.
(d) Инвестиция нысанын басқаратын негізгі қызметкер инвестормен байланысты болады (мысалы инвестиция нысанының бас диекторы мен инвестордың бас директоры - екеуі де бір тұлға).
(e) Инвестиция нысанын басқару органдарының көп мүшесі инвестормен байланысты жақта болады.
B19 Кей жағдайда инвестордың инвестиция нысанымен айрықша қарым-қатынаста, яғни инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтін белгілер де кездеседі. Осындай бір белгі немесе белгілердің жиынтығы инвестордың өкілеттілік алу шарттарын міндетті түрде қанағаттандырады дегенді білдірмейді. Бірақ инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтіндігі инвестордың инвестиция нысанына байланысты өкілдік етуіне дәлел болатын басқа сәйкес құқықтарға ие бола алатындығын көрсетеді. Мәселен төмендегі жағдайлар инвестиция нысанына байланысты қатысуда инвестордың талап-тілегі қосымша үлес атқарумен ғана шектелмейтіндігі және басқа сәйкес құқықтарға ие болуы өкілеттілікті көрсетеді:
(a) Басқару әрекетіне мүмкіндігі бар инвестиция нысанын негізгі басқару персоналының мүшелері инвестордың сол сәттегі немесе бұрынғы жұмыскерлері болып табылады.
(b) Келесі жағдайлардағыдай инвестиция нысаны операциялары инвесторға бағынады:
(i) Инвестиция нысаны оның маңызды бөліктерін қаржыландыру мәселесінде инвесторға тәуелді.
(ii) Инвестиция нысанының маңызды бөліктеріне инвестор кепіл бола алады.
(iii) Инвестиция нысаны технология, шикізат, материал сынды маңызды қызмет көрсетуде инвесторға бағынады.
(iv) Лицензия немесе тауар маркалары сияқты инвестиция операцияларын іске асыруда маңызды активтерді инвестор басқарады.
(v) Инвестиция нысаны негізгі басқару персоналына қатысты мәселеде, мысалы инвестор персоналы инвестиция нысаны операцияларына байланысты арнайы білім игерген болса, инвесторға бағынады.
(c) Инвестиция нысанының маңызды операция құрамдары инвестордың қатысуымен немесе оның атынан жүзеге асады.
(d) Дауыс беру құқығы не осы іспеттес құқықтарға қарағандаинвестиция нысанына қатысудан түсетін өзгермелі сипаттағы пайдада немесе осындай табысты игеру құқығына ие болуда инвестордың тәуекелге бел бууы пропорционалды емес басымдыққа ие. Мысалы, егер инвестор инвестиция нысаны табысының жартысынан көбін алуға құқылы болса немесе осындай табысқа байланысты тәуекел етуге талпынса, онда оның инвестиция нысанында дауыс беру құқығы елу пайыздан аз мөлшерді құрайтын жағдайлар кездесіп жатады.
B20 Инвестиция нысанына қатысудан түсетін ауыспалы табысқа немесе мұндай табыс алу құқығына байланыста инвестор көп тәуекел еткен сайын, инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік етуге құқылы болуға ынтасы артады. Осыған байланысты ауыспалы табысқа қатысты тәуекелдің артуы инвестордың өкілеттілік алу белгілері болып табылады. Тек инвестордың тәуекел ету деңгейі инвестордың инвестиция нысанына өкілеттілік ете алуын өзінен-өзі анықтамайды.
B21 Егер B18 тармағында жинақталған факторлар және В19 бен В20 тармақтарындағы белгілер инвестордың құқығымен бірге қарастырылса, В18 тармағындағы өкілеттілік алу дәделдемесі маңыздырақ болуы керек.
Нақтылы құқық
B22 Оның өкілетілігін бағалауда инвестор инвестиция нысанына қатысты тек нақтылы құқықтарды ғана қарастырады (инвестор және өзге де тұлғалар ие болатын). Егер субъект құқығы осындай құқықты тәжірибеде игеру мүмкіндігіне ие болса ғана құқық нақтылы саналады.
B23 Құқықтың нақтылы болуын анықтау барлық жағдайлар мен фактілердің есебін талқылауды талап етеді. Нақтылы құқықты анықтауды қарастыра алатын факторлар мысалы ретінде мыналарды атауға болады:
(a) Субьектіге (лерге) өз құқықтарын пайдалануда кедергі келтіретін қандай да бір барьердің бар немесе жоқ болуы (экономикалық немесе басқа да сипаттағы) Осылардың арасында мұндай барьерлердің мысалы:
(i) субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) қаржылық ынта мен санкциялар.
(ii) субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) қаржылық барьерді құрайтын конвертация немесе іске асыру бағасы.
(iii) құқықтың іске асуын екіталай ететін шарттар, мәселен, орындау мерзімін тым қатты шектеу.
(iv) субъектінің өз құқығын іске асыру құқығына мүмкіндік беруде инвестиция нысанын құратын құжаттарда немесе қабылданатын заңда не нормативтік актілерде нақты, жүйелі механизмдердің болмауы.
(v) өз құқығын іске асыруға қажет ақпаратты алуда субъектінің қабілетсіздігі.
(vi) субъектінің өз құқығын іске асыруда кедергі келтіретін (немесе өзінің құқығын іске асырудан субъектіні шектейтін) (мысалы, қатысу үлесін басқаруға немесе арнайы қызмет көрсетуді қабылдауда, сол сәйкес уақытта лауазымды басқаратын, орнын алмастыратын басқа басқарушылардың, арнайы қызмет көрсетуге қабілеті я болмаса ниеті барлардың болмауы) операциялық барьерлер немесе стимулдар.
(vii) заңның немесе реттеуші органдар талабының субъектінің өз құқығын іске асыруына кедергі келтіруі (мысалы, егер шетелік инвесторға өз құқығын іске асыруына тыйым салынуы).
(b) Өздері бұны істегілері келсе бірнеше жаққа ұжымдық негізде құқықтарын іске асыруда тәжірибелік қабілет беретін механизмнің бар не жоқ болуы құқығын іске асыру бірнеше жақтың келісімін талап етеді немесе бірнеше жақ бір құқықтың субъектілері болып табылады. Бұндай механизмнің болмауы - құқықтың шынайы болмау мүмкіндігінің белгісі. Құқықтың іске асуына келісімі талап етілетін жақтардың қаншалықты көп болса, соншалықты құқықтың нақтылығына сенім аз болады. Бірақ, шешім қабылдайтын тұлғалаларға тәуелді емес директорлар кеңесі ұжымдық әрекетте көптеген инвесторлардың құқыларын іске асыруына механизм ролін атқара алады. Осыған сәйкес, директорлардың тәуелсіз кеңесі шешімімен құқықтардың шеттетілуі көптеген инвесторлардың жеке-жеке ұйымдастыруына қарағанда неғұрлым жоғары деңгейде нақтылы болып табылады.
(c) Құқықты ұстайтын бір жақ немесе бірнеше жақ осындай құқықтың іске асыру пайдасы үшін шығарып жібереді. Мысалы, инвестиция нысанында дауыс беруде потенциалды құқықты ұстаушы (В47-В50 пунктерін қараңыз) құралдың конвертациясын немесе орындау бағасын ескеруі керек. Дауыс берудің потенциалды құқысының жағдайы жоғары деңгей дәрежесінде нақтылы бола түседі егер құралды орындау бағасы нарықтықтағыдай тиімді немесе инвестор тиімді болудың басқа себептерін қарастырса (мысалы, инвестор мен инвестиция нысаны арасында синергия эффектісін жүзеге асыруда делдал болу).
B24 Сонымен қатар, егер қабылдаған шешімі басқару мәніндегі әрекетте мүмкіндігі бар болса құқық нақтылы болады. Ережеге сәйкес, егер белгіленген ағымдағы мерзімде жүзеге асыра алса, құық нақтылы болады. Бірақ, кей жағдайларда ағымдағы уақытта жүзеге аспаса да құқық нақтылы бола алады.
Қолдану мысалдары |
3 мысал |
Инвестиция нысаны жыл сайын басқару әрекеті шешімі қабылданатын акционерлер жиналысын өткізеді. Акционерлердің келесі жоспарлаған жиналысы 8 айдан соң өткізіледі. Бірақ, акционерлер өзінен-өзі немесе басқа акционерлермен біргеаз мөлшерде 5 пайыз дауыс беру құқығына ие болады, саясатқа өзгеріс енгізу үшін кезектен тыс жиналысқа шақыра алады алады. Бірақ басқа акционерлерге мұндай жиналыс 30 күннен аз мөлшерде өтуі мүмкін еместігін ескерту талап етіледі. Саясатта әрекет ету мазмұны бар өзгерістерді акционерлердің кезектен тыс не жоспарланған жиналысы енгізе алады. Бұл актив сатуда, сондай-ақ айтарлықтай инвестицияда қаржы бөлу немесе айыруда болып жатқан әркеттерді бекітеді. |
Жоғарыда келтірілген жағдайларға мысал ретінде төмендегі 3A-3D мысалдары келтіріледі. Әрбір мысал жеке-жеке қарастырылады. |
3A Мысалы |
Инвестор инвестиция нысанында дауыс беруде басым құқықты ұстаушы болып табылады. Егер инвестор басқару мазмұнындағы әрекеттерде шешім қабылдай алса және бұндай шешімдері қабылданған болса, инвестордың дауыс беру құқы нақтылы болып саналады. Инвестор өз құқығын іске асыруына 30 күн өткенше инвестормен акция пакетін алған сәттен бастап инвестордан басқару мазмұнындағы әрекеттегі мүмкіндігін шектемейтін факт сақталады. |
3B мысалы |
Инвестор инвестиция нысаны акцияның бақылау пакетін алуында форвардты келісімшарт жағы болып табылады. Форвардты келісімшарттың орындалу мерзімі 25 күннен кейін басталады. Акционерлер әрекет ету мәніндегі саясатты өзгерте алмайды, өйткені кезектен тыс жиналыс 30 күннен кем емес мерзімде өткізілмейді, ал бұл аралықта форвардты келісім жүзеге асырылып қояды. Осылайша, инвестор 3А және одан жоғары мысалда көрсетілгендей акцияның бақылау пакетіне ие акционердің эквивалентті құқығындай құқыққа ие болады (яғнифорвардты келісімшарт жағындағы инвестор егер талап етілсе басқару мазмұнына сай шешімдерді қабылдай алады). Инвестордың форвардты келісімшарты - бұл инвесторға дәлсол сәтте тіпті форвардты келісімшарт орындалған кезден бастап басқару мазмұнындағы әрекетке мүмкіндік беретін нақтылы құқық. |
3C мысалы |
Инвестор инвестиция нысанының акциядағы бақылау пакетін алуда опционның ұстаушысы болып табылады; опцион 25 күннен кейін орындалуы мүмкін және орындалу бағасы нарықтағыдай тиімді болады. Берілген мысалда да 3В мысалындағыдай қорытынды жасалуы керек. |
3D мысалы |
Инвестор инвестиция нысанынына қатысты сәйкес келетін қосымша қосымша құқықтарсыз инвестиция нысанының акциядағы бақылау пакетін алуда форвардты келісімшарт жағында болады.Форвардты келісімшартты орындау мерзімі алты айдан кейін басталады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан айырмашылығы болып инвестордың осы мерзімде басқару мазмұнындағы әркетке мүмкіндігінің болмауы табылады. Акционерлер форвардты келісімшарт жүзеге асқанша сол сәттегі саясатқа өзгеріс енгізсе басқару мазмұнындағы әрекетке мүмкіндігі бола алады. |
B25 Басқа да жақтар пайдалана алатын нақтылы құқық осындай құқықпен байланысы бар инвесторға инвестиция нысанын бақылауда кедергі келтіруі мүмкін. Бұндай нақтылы құқықтар субъектіден шешім қабылдауда процедураны бастау құқығы болуын талап етпейді. Барлық уақытта Құқық қорғау құқығы болмайынша (В26-В28 пунктерін қараңыз), басқа жақтардың нақтылы құқықтары инвесторға инвестиция нысанын бақылау әрекетіне кедергі келтіреді, тіпті мұндай құқықтар субъектіге әрекетке қатысты бекіту немесе тоқтату мүмкіндігін берер құқық болған күннің өзінде де.