Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы
(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
05.01.01 ж. № 135-II ҚР Заңымен; 29.10.02 ж. № 348-II ҚР Заңымен; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға бизнес-сәйкестендіру нөмірін, салық төлеушінің тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттік тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға бизнес-сәйкестендіру нөмірін, салық төлеушінің тiркеу нөмiрiн бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II ҚР Заңымен; 29.10.02 ж. № 348-II ҚР Заңымен; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаты
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта ұйымдастыру және таратылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және қызметiн тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттан басқасын) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
ҚР 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II Заңдарымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 02.03.01 ж. № 162-II 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң құзыры
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөніндегі қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөніндегі өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19.06.97 ж. № 132-1 ҚР Заңымен; 22.04.98 ж. № 221-1 ҚР Заңымен; 16.07.99 ж. № 436-1 ҚР Заңымен; 23.03.00 ж. № 40-II ҚР Заңымен; 18.12.00 ж. № 128-II ҚР Заңымен; 05.01.01 ж. № 135-II ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 276-II ҚР Заңымен; 29.10.02 ж. № 348-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.25.12. № 113- ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116- ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу тәртібі
Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша арыз берiледi және оған осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын тіркеу үшін тіркеуші органға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді әділет органдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберген хабарламалар негізінде бірыңғай Мемлекеттік тізілімге енгізеді.
Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы болатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не оған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.
Шетел қатысатын заңды түлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
құрылтайшының - шетелдік жеке тулғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден өткізу үшiн бюджетке алым төлегенi туралы квитанция немесе оны растайтын құжат табыс етiледi.
Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады.
Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.
Осы Заңда және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
ҚР ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-1-бап өзгертілді
6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі
Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол кояды.
Өтінішке заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрі басылған шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым төленгенін және филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген» тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн, құрылтай құжаттарын немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиiс. Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары, сондай-ақ салық тіркеуінің (немесе оның баламасының) нөмірін көрсете отырып, шетелдік заңды тұлға инкорпорациясы еліндегі салық тіркеуін растайтын құжатты нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі аудармамен ұсынылады.
Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.
ҚР 22.04.98 ж. № 221-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222- ІV (бұр. ред. қара); 2010.20.01 № 239-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн субъектiлер табыс ететiн құрылтай құжаттары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тiркеушi органға жарғы табыс етiледi.
Құрылтай шарты және жарғысы заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақтар) нысанындағы шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлік қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары болып табылады.
Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлік қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғалардың басқа түрлерiн қоспағанда, жарғы, ереже не жазбаша түрде ресімделген заңды тұлғаны құру туралы шешім (бір ғана құрылтайшының шешімі) құрылтай құжаттары болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде, осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже iс-қимыл жасай алады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметі мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
Бұл ретте, шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын шаруашылық серіктестіктің өтінішін қоспағанда, тіркеуші органдарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша, нотариат тәртібімен куәландырылған өтініштің үш данасы табыс етіледі.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-1; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс.
Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс.
ҚР 23.03.00 ж. № 39-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) мен құжаттарды беру мерзімдері
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
Өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылды
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне мемлекеттік статистика органдарындағы және салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді.
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде;
өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде жүргізілуге тиіс.
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей бір мезгілде;
өз қызметін үлгілік емес жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ, саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы толықтырылды
10-бап. Мемлекеттік (есептік) тiркеуге ақы төлеу
Заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құруды және қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу кезiнде, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн алуы кезiнде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен алым алынады.
ҚР 05.01.01 ж. № 135-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2011.11.10. № 484-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттік (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту
Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегінің болуы, сондай-ақ егер іс-әрекет етпейтін заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.