Саяси партиялар туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344-ІІ Заңы
(2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 6 Қаулысымен осы Заң ҚР Конституциясына сәйкес деп танылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Саяси партия ұғымы
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi
2-тарау. Саяси партияны құру, қайта ұйымдастыру және тарату
6-бап. Саяси партияны құру
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
8-бап. Саяси партияға мүше болу
9-бап. Саяси партияның жарғысы
10-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу
11-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тарту
12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру
14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату
3-тарау. Саяси партияның қызметі
15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi
15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері
16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары
17-бап. Саяси партияның меншiгi
18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану
18-1-бап. Саяси партияларға бөлінетін бюджет қаражаты
4-тарау. Қорытынды ережелер
19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары
21-бап. Өтпелi ережелер
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Саяси партия ұғымы
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттік билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бap.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көpceтпeyгe құқылы.
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс істейтін органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негіздері
1. Саяси партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, олардың қызметінің кепілдіктерін айқындау Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен қатынастарын реттеу Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Саяси партиялардың қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық қағидаттарына негізделеді. Осы Заңда белгіленген шектеулерді қоспағанда, саяси партиялар ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдістерін еркін айқындайды.
4. Саяси партиялардың қызметі адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
5. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа кандидаттар тізімінде өкілдік етуі үшін және мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге бірдей мүмкіндіктер жасауға тиіс.
6. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық қағидат бойынша құрылады.
7. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейді.
9. Мақсаттары немесе әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметіне тыйым салынады.
10. Азаматтардың кәсіби, нәсілдік, ұлттық, этностық және діни белгілері бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
11. Әскерилендірілген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендірілген құралымдар құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
12. Білім беру ұйымдарының оқу процесінде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берілмейді.
2-тарау. Саяси партияны құру, қайта ұйымдастыру және тарату
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Саяси партияны құру
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Саяси партия саны жеті жүз адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезіне (конференциясына) жеке өзі қатысады. Азаматтардың саяси партияның құрылтай съезінде (конференциясында) сенімхат бойынша өкілдік етуіне жол берілмейді. Саяси партияның құрылуын, оның ішінде құрылтай съезінің (конференциясының) өткізілуін ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) дайындау және өткізу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамашы тобы мүшелерінің қатарынан құрамында кемінде он адам болатын ұйымдастыру комитеті құрылады.
3. Ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға мынадай ақпаратты:
1) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашы тобының тізімін және ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтерді;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжалды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжалды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшесі (бұдан әрі - ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамы) туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасын қоса тіркей отырып, саяси партия құру ниеті туралы тіркеуші орган белгілеген нысандағы хабарламаны табыс етеді.
4. Тіркеуші орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны және өзге де құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына олардың табыс етілгенін растайтын құжатты (бұдан әрі - растама) береді.
5. Ұйымдастыру комитеті тіркеуші орган растама бергеннен кейін ғана өз қызметіне кірісуге құқылы.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Ұйымдастыру комитеті растама берілген күннен бастап үш айдың ішінде саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) өткізуге тиіс. Бұл мақсатта ұйымдастыру комитеті:
1) растама берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында саяси партияны құру ниеті, саяси партия құрылтай съезінің (конференциясының) өтетін орны мен күні туралы мәліметтерді жариялайды;
2) ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамы арқылы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде есеп айырысу шотын ашады;
3) саяси партияны құруға бағытталған өзге де ұйымдастырушылық және ақпараттық-насихаттық қызметін жүзеге асырады.
7. Құрылтай съезінде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешімдер қабылданады және оның басшы органдары қүрылады.
8. Саяси партия жарғылық қызметін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады.
9. Ұйымдастыру комитеті өзінің қызметін мынадай жағдайлардың бірі туындаған:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) тіркеуші орган растама берген күннен бастап жеті ай өткен;
2) саяси партия мемлекеттік тіркелген;
3) саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде;
4) азаматтардың бастамашы тобының шешімі бойынша тоқтатады.
10. Саяси партия мемлекеттік тіркелген жағдайда ұйымдастыру комитетінің ақшасы және өзге де мүлкі, сондай-ақ ақша қаражаты мен өзге де мүліктің түсу көздері көрсетілген олардың пайдаланылуы туралы қаржылық есеп құрылған саяси партияға табыс етіледі.
Саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе ұйымдастыру комитетінің қызметі азаматтардың бастамашы тобының шешімі бойынша тоқтатылған жағдайда ұйымдастыру комитетінің қалған ақшасы мен өзге де мүлкі Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарына енгізілген қайырмалдықтарға пропорционалды түрде беріледі.
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Саяси партияның атауында «саяси партия» немесе «партия» деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi.
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс.
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттік нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.
8-бап. Саяси партияға мүше болу
1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.
Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар тағайындалған, сайланған, қызметке кірген күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға тиіс.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Халыққа ант беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенті саяси партияда тұрған жағдайда, ол ант берген күннен бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады.
5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс.
7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кiру, әскери қызметке қабылдану, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады.
Әскери қызметке қабылданған немесе құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген жағдайда саяси партияға мүшелік автоматты түрде тоқтатылады.
9-бап. Саяси партияның жарғысы
1. Саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс:
1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ рәмiзiнiң сипаттамасы;
2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi;
3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары мен тәртібі, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртібі;
5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі;
6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртібі, аталған органдардың өкiлеттiк мерзiмi мен құзыреті;
7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
2020.25.05. № 336-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) осы Заңның талаптары ескеріле отырып, депутаттыққа және мемлекеттік билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртібі;
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) саяси партиядан сайланған депутаттарды кері шақырып алу негіздері;
10) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) ақшаны және өзге де мүлiктi басқару саласындағы құқықтары, саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) есептiлiк тәртібі.
2. Саяси партияның жарғысында өзiнiң қызметiне жататын және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
3. Саяси партияның жарғысына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тiркелуге жатады.
10-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу
1. Саяси партияны мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуге қажеттi құжаттар саяси партияның құрылтай съезi (конференциясы) өткiзiлген күннен бастап төрт айдан кешiктiрiлмей тiркеушi органға табыс етiледi.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Саяси партия мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап он екі айдың iшiнде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткiзуге мiндеттi.
4. Осы баптың 3-тармағын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен саяси партияның мемлекеттік тiркелуiнiң күшiн жоюға әкеп соғады.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Саяси партияны тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.25.05. № 336-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы әрқайсысында кемiнде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде бес мың партия мүшесi болуға тиiс.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу тiркеушi органға мынадай құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады:
1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы;
3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы;
4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат.
2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Мемлекеттік тіркеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептiк тiркеу туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік тіркеу мерзімінде үзіліс жасауға себеп болған негіздемелер жойылған кезде тіркеуші орган саяси партияны мемлекеттік тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тарту
1. Тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртібін бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Тiркеуші орган Қазақстан Республикасының заң актілерiне көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалы мен өкiлдiгiн) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге берілген құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерінiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартады.
2009.06.02. № 122-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көзделген, партия мүшелерінің жалпы санына әсер етпейтін саяси партия мүшелерінің тізімі бойынша анықталған бұзушылықтар саны саяси партияны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Осы тармақтың күші осы Заңның 8-бабының 1, 2, 3 және 5-тармақтары бұзылған жағдайларға қолданылмайды.
2. Мемлекеттік тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.
3. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылауды:
1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткiзу құқығы бар тiркеушi органдар;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда басқа мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашы тобының, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкестігіне тексеруді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру
1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 4-тармақшамен толықтырылды
4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Саяси партияның қызметі тоқтатыла тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөз сөйлеуге, бейбіт жиналыстар мен өзге де жария сөз сөйлеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ саяси партияның банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.