Қазақстан Республикасының
Заңы
Лицензиялау туралы
(2011.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар
1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.
2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) лицензиардың электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;
9) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей код;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;
11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) электрондық лицензия - қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.
4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері
1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлері және (немесе) қызметтің кіші түрлері енгізілген кезде оларды лицензиялау біліктілік талаптары мен қызмет түрлерін лицензиялау ережелері белгіленетін тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.
Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға тиіс емес.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Кредиттік серіктестіктер, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі
5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;
2) уәкілетті органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;
2) лицензиарлар тізбесін айқындау;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін біліктілік талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын қоспағанда, біліктілік талаптарын бекіту;
4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін қоспағанда, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін бекіту;
5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын бекіту;
6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының бірыңғай нысанын бекіту;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысы қажет қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің тізбесін бекіту;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу тәртібін белгілеу;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін дамытуды, оған қол жеткізу құқықтарын белгілеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді басқару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Лицензиарлар:
1) біліктілік талаптарының және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Біліктілік талаптарының және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы лицензиар болып табылса, орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеуді;
3) лицензиялауды;
4) лицензиялық бақылауды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
Лицензиардың электрондық тізілімінде және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде мынадай мәліметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берілген күні және нөмірі;
дара кәсіпкер үшін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері, сондай-ақ жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген жағдайда куәліктің нөмірі және оның берілген күні;
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және берілген күні;
қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрлері;
лицензияның қолданылу мерзімі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алым төленген күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу негіздері және күні;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау негіздері және күні;
лицензияның қолданылуын тоқтату негіздері және күні көрсетілуге тиіс;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін сұрап қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдарға сауал жіберуді;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызмет көрсетуді;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Заңның 32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы;
4) техникалық қауіпсіздік;
5) көлік;
6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) білім беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография;
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
17) ойын бизнесі;
18) ветеринария;
19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;
24) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
26) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) тауарлар экспорты мен импорты;
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 28) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
3-тарау. Қызмет түрлері
12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
2009.04.07. № 166-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке қажеттіліктері үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші электр станцияларын жобалау және пайдалану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
кернеуі 35 кВ (киловольт) және одан жоғары электр энергиясы көздерінен электр энергиясын өндіру;
тұтынушыға дейін электр энергиясын беру және тарату;
электр станцияларын, электр желілерін және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын электр жабдықтау объектілерін қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын кіші станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық кіші станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалану;
өз қажеттілігі үшін жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіру;
елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және тарату жөнінде қызметтер көрсету;
2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттерін жасау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу;
мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру;
пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу;
кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ және су ұңғымаларын, соның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
құрлықта және теңізде мұнайдың төгілуін, ұңғымалардың өздігінен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар; ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін:
органикалық және органикалық емес химия, каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібінің, техникалық көміртегін, химиялық талшықтарды, полимерлік материалдарды және пластмассаларды;
мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін;
октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша;
белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша;
дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша;
мұнай майларына телімдер енгізу бойынша;
құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық өндіріс саласындағы жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы;
көмірсутек газы бар газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, авто жанар-май құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін пайдалану:
тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөліктерін, сондай-ақ жер асты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану;
магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің, қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, жай-күйінің диагностикасы);
сорғы-сығымдаушы станциялар жабдықтарының және магистральдық құбырлардың желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы;
коррозиядан электр-химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
3) минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда).
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі;
пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі;
пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі;
пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу;
4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері):