36) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына жәрдем көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге;
37) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
38) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу iс-тәжiрибесiн талдап, қорытуға және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
39) өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға және үйлестiруге;
40) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестіруге;
41) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;
42) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. Қызметкерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда iшкi iстер органдары бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 10.07.1998 ж. № 283-1 Заңымен 11-бап 39)-тармақшамен толықтырылды; 09.12.1998 ж. № 307-1; 29.03.2000 ж. № 42-11; 16.07.2001 ж. № 244-11; 06.12.2001 ж. № 260-11; 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Iшкi iстер органдарының құқықтары
1. Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
3) кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
4) қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
5) азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
6) осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп бұзушыларды жеткізуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
7) құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери полиция жасақтарының бастықтарына, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына беруге;
8) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстауға құқығы бар.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
8-1) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;
9) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
10) тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;
11) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында соттың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткізуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
16) құқық тәртібін қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткізуге;
19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткізу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
22) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге;
24) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
25) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
26) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттік орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткізу тәртібі туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
27) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткізу пункттерiн орнатуға;
28) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiстi атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткізу пункттерiн орнатуға;
29) мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
33) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлері мен стендтерін, штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға және олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң, сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, әкелудің, әкетудің ережелерiн белгiлеуге;
33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
33-4) 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен алып тасталды
34) мемлекеттік органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
35-1) оралман мәртебесін беру тәртібін, оралманның және оның отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында, сондай-ақ оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында болуының тәртібі мен уақытын айқындауға;
36) заңдарға сәйкес өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
36-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыруға;
36-2) ішкі істер органдарының ғылыми ұйымдарында қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға;
37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
39) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын өзiмен алып жүру, сақтау не қолдану құқығы берiледi. Олар, сол сияқты күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртібі осы Заңмен белгiленедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3 Тарау Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы
құралдар мен күш қолдануы
12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану мақсаты
Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.
13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттік органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткізу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн:
2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;