Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2707 Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы заңға өзгерістер енгізу туралы:
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңын қара (Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2010 жылғы 2 сәуірдегі № 262-IV ҚР Заңын қара (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны, тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда, мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1 Тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар)
2 Тарау. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi (10-11 баптар)
3 Тарау. Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, (12-14 баптар)
арнайы құралдар мен күш қолдануы
4 Тарау. Iшкi iстер органдарында қызмет өткеру (15-19 баптар)
5 Тарау. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң (20-24 баптар)
құқықтық жағдайы
6 Тарау. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (25-32 баптар)
мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау
7 Тарау. Iшкi iстер органдарын қаржымен және (34 бап)
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
8 Тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (35-38 баптар)
2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оқу орындары», «оқу орындарының», «оқу орындарынан», «оқу орындарына», «оқу орнын», «оқу орнына», «оқу орнында» деген сөздер тиісінше «білім беру ұйымдары», «білім беру ұйымдарының», «білім беру ұйымдарынан», «білім беру ұйымдарына», «білім беру ұйымын», «білім беру ұйымына», «білім беру ұйымында» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Оcы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
1 Тарау Жалпы ережелер
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1; 16.07.2001 ж. № 244-11; 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ; 2010.08.04. № 266-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертiлдi және толықтырылды
2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
1) қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңдарда белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
4) әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
8-1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
8-2) азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқ-дәрілерін мемлекеттік бақылау;
8-3) күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметін мемлекеттік бақылау;
9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
10) виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;
11) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
12) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
13) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау;
14) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығына ие бола отырып, терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
2. Өзге мiндеттер iшкi iстер органдарына тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.
3-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 4-бап жаңа редакцияда; 05.04.1999 ж. № 360-1; 16.07.2001 ж. № 244-11; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертiлдi
4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Iшкi істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес Жарлық 4-1 баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен 4-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1-бап. Криминалдық полиция
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңымен 4-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 25-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-2-бап өзгертiлдi
4-2-бап. Әкімшілік полиция
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңымен 4-3-баппен толықтырылды; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен 4-3-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
4-3-бап. Әскери-тергеу органдары
Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.
Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады.
Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
ҚР 09.12.1998 ж. № 307-1 Заңына сәйкес 4-4 баппен толықтырылды
4-4-бап. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.
Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
09.12.1998 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi
5-бап. Iшкi iстер министрлігі
1. Iшкi iстер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерiнiң, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының туы болады.
Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 63-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-бап өзгертілді
5-1-бап. Iшкi iстер министрлiгінiң және оның аумақтық органдарының құзыретi
1. Iшкi iстер министрлігі:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы және iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери-тергеу органдарының, әскери, арнаулы полицияның және көлiктегi iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
3) қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
4) iшкi iстер органдары жүйесiнде бiрыңғай мемлекеттік кадр саясатының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
6) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;
7) Iшкi iстер министрлігінiң қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
7-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
9) iшкi iстер органдарында iс жүргiзудiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi;
11) криминалдық, әкiмшiлiк полициясының және полицияның өзге де қызметтерiнiң, сондай-ақ iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының, арнаулы полицияның, көлiктегi iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
12) iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
13) iшкi iстер органдарының жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
15) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) полиция органдары бөлiмшелерiнiң режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердегi қызметiн қамтамасыз етедi;
17) авариялардың, өрттiң, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
18) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады;
19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмiрiнiң, денсаулығының, абыройы мен беделiнiң және мүлкiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асырады;
20) жергiлiктi iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер басшыларының және ұйымдар басшыларының кәсiби біліктiлiгiне аттестаттау жүргiзедi;
21) лауазымдар санаттары бойынша үлгiлiк біліктiлiк талаптарын, iшкi iстер органдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi, лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасын, iшкi iстер органдарының құрылымын, үлгi штаты мен штаттық нормативтерiн, жүктелiм көлемiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi және iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен қызметшiлерiнiң деңгейiн айқындайды;
22) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
23) ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етедi және қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;
24) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
25) iшкi iстер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
26) iшкi iстер органдары жүйесiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
27) iздестiру, тергеу және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де iс жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiлердiң, алдын ала жауап алушылардың жазбаша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
28) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiреді, көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттік тiркеу мен есепке алу, оларға мемлекеттік техникалық тексеру жүргiзу, оларды пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, емтихан қабылдау және жүргiзу құқығына арналған куәлiктер беру тәртібін айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол қозғалысына қатысуға жiбередi және оларды жүргiзуге құқық бередi;
29) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қарауына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
30) режимдiк, ерекше қорғалатын объектiлердi және мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi қамтамасыз етедi;
31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
32) iшкi iстер органдары жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
33) соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда министрлiктiң мүддесiн қорғауды және жергiлiктi жерлерде осы жұмысты үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
34) сол министрлiктiң iшкi әскерлерiнiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетуiн және айдап алып жүруiн бақылауды жүзеге асырады;
35) iшкi iстер органдары арнаулы мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыруды және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүрудi жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады;
37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
38) күзет қызметi саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жеке және Заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көлiктегi iшкi iстер органдары:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы мен iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң қызметiн бақылауды, сондай-ақ iшкi әскерлер бөлiмдерiн, бөлiмшелерiн жедел басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiнде шаралар қолданады және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;
12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;
13) мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
17) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бiрлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;