2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;
3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткізу;
4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткізу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;
5) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;
6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;
7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);
8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;
9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;
10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру туралы халыққа хабарлау үшiн және төтенше жағдайлар режимiн қамтамасыз ету кезiнде бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану.
Осы Заңға сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.
5 бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету
шараларын қолдану
23.12.92 ж. № 1816-XII; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы. Ішкі әскерлердің қару-жарағына кіретін қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрілері, арнайы құралдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдарының қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.
Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.
Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.
Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
24-бап. Қол күшiн қолдану
Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы.
23.12.92 ж. № 1816-XII ҚР Заңымен; ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;
3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды табу және ұстау үшiн;
4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткізу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдарының қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;
6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;
8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;
9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;
10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.
Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.
ҚР Президентінің 17.03.95 ж. № 2122; 21.12.95 ж. № 2708 Жарлықтарымен; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Қаруды қолдану және әскери техниканы пайдалану
Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және әскери техниканы айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;
2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;
3)
4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;
5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;
6) бұлтартпау шаралары қолданылып тұтқынға алынған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн;
7) еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде.
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:
- хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;
Олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адамдар алған, әуе кемесін басып алған немесе топтасып шабуыл жасаған кездерден басқа уақытта әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
Қарулы не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға және олардың жасы белгілі немесе айқын болса, кәмелетке толмағандарға қатысты атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.
6 бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі
мiндеттердi орындауға iшкi әскерлердi
қатыстыру
23.12.92 ж. № 1816-XII; 09.12.98 ж. № 307-1; 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру
Қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртібін әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, адам құрамының оқуы мен дем алуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, Iшкi iстер министрiнiң келісімi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары және әскери бөлiмдердiң командирлерi белгiлейдi.
09.12.98 ж. № 307-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актiлердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң адам құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
Бұл орайда офицерлердiң келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға еcептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.
7 бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн
хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлықтарымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды талаптарының орындалу мiндеттілігi және лауазымды адамдар мен азаматтардың осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылығы
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Осы Заңды орындамау, iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартуға әкеп соғады.
30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы
Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен босаған кездегi сот қорғауына хұқығы
Офицерлер және келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.
08.04.93 ж. № 2088-XII; 19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда, оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн кепiлдiктер
Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 02.04.97 ж. № 88-I; 11.07.97 ж. № 154-I; 09.12.98 ж. № 307-I; 07.04.99 ж. № 374-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз ету
Офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлеріндегі өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын үйелмен мүшелерiне заң талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын жайлар (жатақхана) берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөніндегі мiндет облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледi.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi үйелменiнiң есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.
09.12.98 ж. № 307-I; 07.04.99 ж. № 374-I; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19.06.97 ж. № 134-I ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету
Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 37-бап өзгертілді
37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөніндегі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
қаржымен және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Iшкi әскердi қаржыландыру
Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.
Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, адам құрамын, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөніндегі мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.
Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының