Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 593 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 912 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 912 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (12.07.03 ж. бастап күшіне енді)
1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртібі туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы
29 мамырдағы № 593
қаулысымен бекітілген
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден және
әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)
жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы
және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық
қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 31.08.04 ж. № 912 қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара) (12.07.03 ж. бастап күшіне енді)
1. Осы Ереже әскери қызметшiлерге (мерзiмді қызметтегi әскери қызметшiлерді және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын қоспағанда) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы (бұдан әрi - ақшалай өтемақы) төлеу тәртібін анықтайды.
2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан, тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, кәрiз, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) шығыстарын төлеу үшiн жүргiзiледi.
3. Ақшалай өтемақының мөлшерi заңға сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте анықталады.
4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар әскери қызметшiлер болып табылса), әрбiр әскери қызметшiге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жүргiзiледi.
Ақшалай өтемақы әскери қызметшiлерге ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.
Ақшалай өтемақы демалыста болған, соның iшiнде бала күту, қызметтiк iссапар, емделу және басқа да жағдайлар бойынша уақытты қоса алғанда, әскери қызметшiнiң әскери қызметтегi барлық кезеңiне төленедi.
Әскери қызметшiге ақшалай өтемақы төлеу оны әскери қызметтен босатқан кезде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
5. Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге немесе басқа да мемлекеттік органдарға қызметтік iссапарға, сондай-ақ оқуға жiберiлген әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы штаттық лауазымының сақталу орны бойынша төленедi.
Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқуға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлерге ақшалай өтемақы оқу өткерiп жүрген орны бойынша төленедi.
6. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, ол алмаған ақшалай өтемақы ол қаза (қайтыс) болған айды қоса алғанда, барлық кезең үшін қайтыс болған күні бірге тұрған отбасы мүшелеріне төленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2002 жылғы
29 мамырдағы № 593
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2012-123 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінiң әскери қызметшiлерi мен Өртке қарсы мемлекеттік қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнiң 1-бөлiмi (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 14-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 476-25 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды төлеу үшiн ақшалай өтемақы төленетiн әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 мамырдағы № 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 230-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 380-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердiң шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) лауазымдарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 тамыздағы № 1263 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі iшкi әскерлерiнiң тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1662 қаулысы.