5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақшасы өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi , төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;
9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртібі туралы;
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 10) тармақша толықтырылды
10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы (инфракұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
11) төлем агентi туралы;
12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасымен белгіленеді.
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің шығарылым проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) ; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Эмитент қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.
Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген облигациялар бойынша шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ. Осы талап, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне қолданылмайды.
6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттік тiлде және орыс тілінде табыс етiледi.
10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттік тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.
Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.
Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды:
1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеген күннен бастап;
2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Уәкiлеттi орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізуге құқылы емес.
Уәкiлеттi орган:
1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн құжаттарды бермеген;
2) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмiнде:
1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;
2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлік қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;
4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртібі;
5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.
3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;
3) акционерлік қоғам жарғысының көшiрмесi;
4) акционерлік қоғамды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) акционерлік қоғамның статистикалық карточкасының көшiрмесi;
6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;
7) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеудi акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бiр данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бiр түрдегі акциялардың бiрыңғай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
6. Тiркеушi акционерлік қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөніндегі құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттік тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкiлеттi орган қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекiткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу
1. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;
4) жарғының көшiрмесiн;
5) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
6) статистикалық карточканың көшiрмесiн;
2005.21.04. № 46-III ; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7) тармақша өзгертілді
7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз еткенiн растайтын құжаттарды және облигациялар ұстаушылардың өкiлiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешiмiнсiз облигациялар шығаруды жүзеге асыру мүмкiн болмаса, акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн (хаттаманың үзiндiсiн) және акционерлердiң (қатысушылардың) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
2. Облигацияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң және мемлекеттік емес облигацияларды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигацияларды әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
2005.21.04. № 46-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi
1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.
Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға тиiс.
3. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган осындай мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiк бередi.
4. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке мемлекеттік тiркеуден бас тарту себебiн дәлелдей отырып жiбередi.
Эмитент мемлекеттік тiркеуден бас тарту себептерiн жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган құжаттарды қарауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
5. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда, егер:
1) қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
2) осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигацияларға делистинг жүргiзiлсе;
3) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу нәтижесiнде айналыстағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тiркелген көлемiнен асып кетсе;
4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитент осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына ол қайта құрылымдау жүргізген кезде қолданылмайды.
3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың
айналысының ерекше талаптары
14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығару
2005.21.04. № 46-III; 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана:
1) дефолт фактілері болмаған;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;
2) соңғы үш жыл iшiнде қызметтi залал шекпей жүзеге асырған (арнайы қаржы компаниясын қоспағанда);
3) облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигацияларды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгізуге үмiткер эмитенттерге сауда-саттықты ұйымдастырушы қойған талаптарға сай келген жағдайларда облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары инфракұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.
Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
2. Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
3. Облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылған облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптар, облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер облигациялық бағдарлама проспектiсiмен белгiленедi.
15-бап. Облигациялардың кейiнгi шығарылуы
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 1- тармақ толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса, өзi бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде және ол, инфракұрылымдық облигациялар эмитентін қоспағанда, төмендегi талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiреуi талап ететiн ең төменгi рейтингi болса;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы екеуден аспаса және жаңа шығарылымның барлық облигацияларын орналастыру нәтижесiнде көрсетiлген шамадан аспайтын болса;
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар болса, эмитент облигациялардың одан кейiнгi шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгiленген талаптар сақталған жағдайда, өзi бұрын шығарған облигацияларды қайталама бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберген кезде облигациялардың кейiнгi шығарылуын жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)
16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығару
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялар шығарылымын бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.
Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген), айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигацияларды орналастыру және айналысқа жiберу қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлік қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.
2. Облигацияларды акционерлік қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тәртібіне сәйкес жүргiзiледi.
18-бап. Қаржы агенттiгi. Агенттiк облигациялар шығару
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай құжаттар:
1) өтiнiш;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асырудың талаптары мен тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актілері;
3) өтiнiш берушiнiң мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыру жөніндегі қызметiнiң талаптары мен тәртібін белгiлейтiн және қарыз алудың, инвестициялық шешiмдердi iске асырудың, тәуекелдердi басқарудың ережелерi бар iшкi құжаттары;
4) соңғы айдың аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік және қаржы агенттiгi үшiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң есебi негiзiнде қаржы агенттiгi мәртебесiн бередi.
Қаржы агенттiгi мәртебесiн беру үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.