204-бап. Мемлекеттік мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы
мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай
мiндеттемелердi қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-бап өзгертілді
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес айлық есептік көрсеткіш, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған кезең үшін салық салынатын айналым сомасының он бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 205-1-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-1-бап өзгертілді
205-1-бап. 205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi
заңсыз жүзеге асыру
1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-2-баппен толықтырылды
205-2-бап. Тұлғалардың қызметті тоқтата тұру туралы өтінішінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыруы
Қызметті тоқтата тұру туралы өтініштің қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметін тоқтата тұруға құқығы бар тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияд; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) 206-бап өзгертілді
206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің мониторингін жүргізуге қажетті не шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ мониторинг бойынша есептілікті ірі салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -
дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге - отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 206-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу
1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) —
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда; 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-бап өзгертілді
208-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және салық есебін жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есеп құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың орындалмауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Салық төлеушіде есеп құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салық нысандарының, салықтық есепке алу саясаты құжаттарының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 177-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07. № 312- III; 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда, есепте кемiтiп көрсету, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға- жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушiнiң ағымдағы төлемдер сомасын есепте кемітіп көрсетуi, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезеңi iшiнде төленген аванстық төлемдер сомасынан жиырма процент мөлшерде асып түсуi ic жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының қырық процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. ҚР 2003.29.03. № 500-II Заңымен алып тасталды
6. Бюджетпен патент негiзiнде есеп айырысуды жүргiзетiн ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi-заңды тұлғаның патент құнының есебiне кiретiн салық сомасын кемiтiп көрсетуi, -
патент құнының есебi кезiнде азайтылмай, кемiтiп көрсетiлген салық сомасының отыз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, егер қосылған құн салығына есептелген сома салық кезеңінде бюджетке енгізілуге жататын қосылған құн салығына әсер етпесе, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
2. Осы баптың төртінші бөлігіндегі мақсаттар үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептерін ұсынбаған жағдайда да, тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 210-бап өзгертілді
210-бап. Салық агентiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың
(ұйымдардың) салықты және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi ұстап қалу және (немесе) аудару
жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Салық агенттерiнiң және өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес ұсталып қалуға және бюджетке аударылуға тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын ұстап қалмауы немесе толық ұстап қалмауы, -
лауазымды адамдарға, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің ұсталмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агенттерiнiң және салық заңдарында белгiленген өзге де уәкiлеттi органдардың (ұйымдардың) салық заңдарына сәйкес бюджетке аударылуға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалған сомасын аудармауы немесе толық аудармауы, -
лауазымды адамдарға, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және басқа да міндетті төлемдердің аударылмаған сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - шот-фактураға енгізілген қосылған құн салығы сомасының жүз жиырма проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi нақты жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 212-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)