Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттік бюджетке аударылады.
Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.
4 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен
органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі
және құзыреті
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 12-бап өзгертiлдi
12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары
Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен ; 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертiлдi
13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламент Сенатының келісімiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметi үшiн жауапты.
14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкінің ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
а) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдау;
б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актілерін бекіту;
б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртібін белгiлеу;
в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртібін белгiлеу;
в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;
в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
в-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындау;
г) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
д) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
е) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүргізуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылдау;
е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
е-3) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
е-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
ж) банктерге ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекіту;
ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртібін белгілеу;
з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;
и) 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
и-1) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
к) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекітуiне ұсыну;
к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекіту;
л) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекіту;
м) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдары мен өзге де мүлкіне билік ету тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
м-1) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
н) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, біліктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекіту;
п) Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
п-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультациялық-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдау;
р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекіту;
с) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
т) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекіту;
у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау ережелерін бекіту;
у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне сыртқы басқарушылар таңдау тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;
у-3) реттелуі Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайтын ережелерді бекіту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпаратты жыл сайын табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөніндегі шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келісіп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгiлеу;
ч) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; 11.07.97 ж. № 154-1; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы тағайындайды және босатады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Басқарманың кезектен тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжілістерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актілерімен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекітілген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқы жоқ.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттік маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжілістерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап жаңа редакцияда; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
6 Тарау. Ақша-кредит саясаты
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 31-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
32-бап. Резервтiк талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.