Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысы
(2006.19.09. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 23 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктік басқарудың және жекешелендiрудiң тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесі (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Мемлекеттік басқару органдары:
ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттаудан өткізу кезiнде Ереженiң сақталуын;
2003 жылдың екінші тоқсаны iшінде ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларымен бұрын жасалған шарттарды Ережеге қоса берiлiп отырған мемлекеттік кәсiпорынның басшысымен жасалған жеке еңбек шартының үлгi нысанына сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттік пакеті бар акционерлік қоғамдардың қызметiн басқаруға контракт жүйесiн енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 7, 40-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегі № 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 10, 75-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 10 шілдедегі
№ 685 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын
тағайындау және аттестаттау ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.19.09. № 881 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес әзiрлендi және лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқуы орындарының бірінші басшыларынан басқа, мемлекеттік кәсiпорындардың (бұдан әрi - кәсiпорындар) басшыларын конкурстық iрiктеу, тағайындау және аттестаттаудан өткізу тәртібін регламенттейдi.
2. Кәсiпорындардың басшыларын конкурстық iрiктеудi, тағайындауды және аттестаттауды кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар, жергiлiктi атқарушы органдар және өзге мемлекеттік органдар (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органы) жүргiзедi.
Еншiлес кәсiпорындардың басшыларын конкурстық iрiктеудi, тағайындауды және аттестаттауды осы Ережеге сәйкес негiзгi кәсiпорын жүзеге асырады.
2. Басшыларға қойылатын негiзгi талаптар
3. Кәсiпорын басшысының лауазымына кандидатураларды iрiктеу кезiнде қойылатын негiзгi талаптар мыналар болып табылады:
1) қажеттi бейiнi бойынша жоғары білім және мемлекеттік басқару органы бекiткен біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кәсiби дайындық деңгейi;
2) мамандығы бойынша кәсiпорынның бейiнiне сәйкес экономика саласының басшы лауазымдарында кемiнде 5 жыл жұмыс стажы.
3. Конкурсты өткізуге дайындық
4. Мемлекеттік басқару органы:
1) конкурсты өткізу туралы шешiм қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын анықтайды;
3) сынақ мерзімін белгілеудің орындылығын анықтайды;
4) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады және мемлекеттік басқару органының өкілдері арасынан Комиссия төрағасын тағайындайды.
5. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді Комиссия жүзеге асырады.
Конкурсты өткізу жөніндегі комиссияның құрамына республикалық кәсіпорындардың басшыларын іріктеу кезінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдері (келiсім бойынша), коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын іріктеу кезінде - орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкiлдерi (келісiм бойынша) енгізілуi мүмкін.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.
Мемлекеттік басқару органының өкілі Комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебiнен конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етедi;
3) конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік басқару органына Конкурс жеңімпазын кәсіпорын басшысының лауазымына тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген функциялар мемлекеттік басқару органдарының кадр қызметіне жүктелуі мүмкiн.
7. Республикалық кәсiпорын басшысының лауазымын атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми республикалық, ал коммуналдық кәсіпорын басшылары үшін - жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурсты өткізу күніне дейін 30 күн бұрын жариялануға тиіс.
8. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) конкурс өткізу күні мен орны;
2) орналасқан орнын, почталық мекен-жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі;
5) конкурсқа қатысу туралы өтiнiшке қоса берілетін құжаттардың тізбесi;
6) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдардың құжаттарын қабылдау басталған және аяқталған күні мен уақыты.
4. Конкурсты өткізу
9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттік және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған автобиография;
4) белгiленген тәртiппен расталған білімi туралы құжаттардың көшiрмесi;
5) белгiленген тәртiппен расталған еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмесi;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң білімiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (біліктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепiлдеме және т.с.) беруiне болады.
10. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар берген тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды.
11. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделегеннен кейін конкурсқа қатысушылармен әңгiмелесу жүргізеді.
12. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгiмелесу жүргiзу кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Жалпы және Ерекше бөлiмдер);
3) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығын;
5) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңын;
6) Қазақстан Республикасының осы кәсiпорынның қызметi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бiлетiндiгi тексерiледi.
Сондай-ақ мемлекеттік басқару органы бекiткен тиiстi кәсiпорын басшысының біліктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби білімi анықталады.
13. Комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешiм комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ хаттама жүргізуді жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
14. Егер конкурс нәтижесiнде комиссия осы қызметтi атқаруға кандидаттарды анықтамаған болса, конкурс өткiзiлмедi деп танылады және мемлекеттік басқару органы қайта конкурс жариялайды.
5. Басшылық лауазымға тағайындау
15. Комиссияның оң қорытындысын алған конкурстың қатысушысымен мемлекеттік басқару органының басшысы жеке еңбек шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасады және кәсiпорынның басшысы танысуы тиiс лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.
(Жеке еңбек шартының үлгi нысаны қоса берiлiп отыр).
Комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушы бiр уақытта Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi және "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңдарына сәйкес мыналарды:
мемлекеттік басқару органының кадр қызметiне - өз құқықтарындағы шектеулердi қабылдауға жазбаша келісімiн;
тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
1) табыс туралы декларацияны;
2) көрсетiлген мүлiктiң бағалау құны мен орналасқан жерiн көрсете отырып, салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi мүлiк туралы декларацияны;
3) мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелеріндегі және оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдар мен бағалы қағаздар, сондай-ақ осы тұлғалар жеке немесе басқа тұлғалармен бiрлесiп иелiк етуге құқылы қаржы қаражаты;
жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн және көрсетiлген ұйымдардың толық банктiк және өзге де деректемелерi көрсетiле отырып, акционер немесе заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе делдалдық қатысуы;
егер тұлға немесе оның зайыбы (жұбайы) осы трасттардың бенефициары болса, тиiстi банктiк шоттардың нөмiрлерiн көрсете отырып, олар тiркелген трасттар мен мемлекеттер;
тұлғаға немесе зайыбына (жұбайына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен астам мөлшердегi материалдық немесе қаржылық құралдарды ұстау немесе уақытша сақтау жөніндегі тұлғамен шарттық қатынастар, келісімдер мен мiндеттемелер (оның iшiнде ауызшалары да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi беруi қажет.
16. Шарт тараптардың келісімiнде анықталатын мерзiмге жасалады. Қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Шарт тараптардың келісімi бойынша ұзартылуы немесе жаңа мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Шартта сынақ мерзiмiн белгiлеу көзделуi мүмкiн. Сынақ мерзiмi аяқталғаннан кейiн кәсiпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, Шартты мемлекеттік басқару органы еңбек туралы заңнама талаптарына сәйкес бұза алады.
17. Шарт "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы 9-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттi шарттардан басқа мыналарды:
1) кәсiпорын басшысының өкiлеттiгiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепiлдiктердi ескере отырып, кәсiпорын басшысын атқарып отырған лауазымынан босату негiздемесiн;
3) кәсiпорын басшысының:
шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның таза табысының немесе қазыналық кәсiпорынның сметадан тыс алынған кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн қоса алғанда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы төлемегенi;
кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң қанағаттандырғысыз нәтижелерi;
қаржы-шаруашылық есептiлiк туралы мәлiметтердi уақтылы бермегенi;
мемлекеттік мүлiктi пайдаланған кезде жол берiлген заңсыз әрекеттер үшiн жеке жауапкершiлiк шараларын қамтиды.
18. Шарт:
1) сынақ мерзiмi кезеңiнде басшының атқарып отырған лауазымына сәйкес еместiгi анықталған жағдайда;
2) тараптардың келісімi бойынша;
3) тараптардың бiреуiнiң бастамасы бойынша;
4) заңнамалық кесiмдерде көзделген өзге де негiздемелер бойынша бұзылуы мүмкiн.
6. Аттестаттау жүргiзу тәртібi
19. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемi кәсiпорын басшысының оған жүктелген мiндеттердi орындау қабiлеттiлiгi болып табылады.
20. Кәсiпорынның басшысы кәсiпорын басшысы лауазымында болған әрбiр келесi үш жыл өткен сайын аттестаттаудан өтеді.
Бұл ретте аттестаттау көрсетiлген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
21. Мемлекеттік басқару органының басшысы аттестаттау өткізу мерзiмдерi және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесi бекітілетiн бұйрық шығарады.
Аттестаттау комиссиясының құрамына мемлекеттік басқару органы құрылымдық бөлiмшелерiнiң, кадр және заң қызметтердiң басшылары енгізiледі. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға сайланады.
22. Мемлекеттік басқару органының кадр қызмет кәсiпорынның аттестатталатын басшысын оны өткізу күніне дейінгі бiр айдан кешіктірмей аттестаттау өткізу мерзiмдерi туралы жазбаша хабардар етедi.
23. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі мемлекеттік басқару органының құрылымдық бөлiмшесiмен бiрлесiп, кәсiпорын басшысының кәсiби, жеке мiнез-құлқын негізделген бағалауды, қызметінiң нәтижелерiн қамтуы тиiс қызметтік сипаттама ресімдейді.
24. Кадр қызметi кәсiпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн үш аптадан кешіктiрмейтiн мерзiмде оған берiлген қызметтік сипаттамамен таныстыруға міндетті.
25. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысы оған берiлген қызметтік сипаттамамен өзінiң келіспеуі туралы мәлiмдеуге және оның қызметiн сипаттайтын қосымша ақпаратты кадр қызметіне ұсынуға құқылы.
26. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысына мемлекеттік басқару органының кадр қызметi аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі енгiзiлетiн аттестаттау парағын ресімдейді.
27. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын жiбередi.
28. Аттестаттау әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi.
29. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемiнде үштен екісi қатысқан кезде заңды деп саналады.
Дауыс беру нәтижелерi комиссия мүшелерінiң көпшілiк дауысымен анықталады. Дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
30. Комиссия отырысында дәлелді себептермен болмаған кәсiпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейiн өтедi.
Комиссияның отырысына аттестатталатын адам дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестаттауды өткізу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
31. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгiмелесуден кейiн мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
32. Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешiм қабылдауы аттестаттаудың терiс нәтижесi болып табылады.
33. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық немесе құпия дауыс берумен қабылданады. Дауыс беру тәсiлi аттестаттау комиссиясының қалауы бойынша таңдап алынады.
34. Қайта аттестаттау осы Ережеде анықталған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізiлген сәттен бастап алты айдан кейiн өткiзіледi. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мына шешiмдердің бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келедi;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
35. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi аттестаттау комиссиясының мүшелерi және хатшы, оның отырысына қатысқандар қол қоятын хаттамамен ресiмделеді.
36. Кәсiпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттау комиссиясының шешiмiмен танысуы тиіс.
37. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерiн бiр ай мерзiмде мемлекеттік басқару органының басшысы бекiтедi.
38. Мемлекеттік басқару органының басшысы бекiткен аттестаттаудың терiс нәтижелерi кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату үшiн негіздеме болып табылады.
7. Қорытынды ережелер
39. Кәсiпорын басшысы лауазымының бос жұмыс орнына орналасуға, оны тағайындауға және аттестаттауға конкурс өткізу кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қаралады.
Мемлекеттік кәсiпорындардың
басшыларын тағайындау
және аттестаттау ережесіне
қосымша
Мемлекеттік кәсiпорынның басшысымен
жасалатын жеке еңбек шартының үлгi нысаны
__________________қаласы 200__жылғы "__" _______________
Бұдан әрi "Мемлекеттік басқару органы" деп аталатын_________
____________________________________________________________атынан
(мемлекеттік басқару органының атауы)
__________________________________________________________________
(нормативтiк құқықтық кесiмнiң күнi, нөмiрi, атауы)
_____________________________________бекітілген ереженiң негiзiнде
әрекет ететiн_____________________________________________________
(шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берген тұлғаның лауазымы, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi "Басшы" деп аталатын, 200__ жылғы "___"
__________________өткiзiлген______________________________________
(кәсiпорынның атауы)
мемлекеттік кәсiпорын басшысы лауазымының бос жұмыс орнына
орналасуға конкурстың жеңiмпазы__________________, екiншi тараптан,
(аты-жөнi)
бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар, мына төмендегi туралы осы
Шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік
кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар
Жарлығының 9-бабына және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес
жасалды.
Мемлекеттік басқару органы ұсынады, ал______________________
(аты-жөнi)
__________________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы)
басшысы лауазымының жұмысын орындауға келiседi.
2. Шарттың қолданылу мерзiмi
2. Басшымен еңбек мiндеттерiн жүзеге асырудың басталған күнi:
__________ жылғы "___" _________ бастап.
3. Осы Шарт ________жылғы "___" _________ дейiн қолданылады.
4. Осы Шарт Тараптардың келісімi бойынша Тараптардың бiрiнiң Шарт
мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын енгiзiлген жазбаша
ұсынысының негiзiнде белгiлi бiр мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Мерзiм Шарттың
ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келісімде айтылады.
5. Егер Шарт мерзiмiнiң аяқталуына дейiн бiр ай мерзiмде Тараптардың
бiреуi де екiншi Тарапты оның бұзылғандығы туралы хабардар етпесе, Шарт
белгiсiз мерзiмге ұзартылған болып саналады.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
6. Мемлекеттік басқару органының:
1) кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын анықтауға;
2) кәсiпорын шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштердi қарауға және бекітуге, оларды ұсынудың мерзiмдiлiгi мен тәртібін анықтауға;
3) уәкiлеттi органға ол белгiлеген мерзiмде тиiстi есептi ұсына отырып, кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыруға;
4) кәсiпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерiн белгiлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен Басшыны аттестаттауды жүргiзуге;
6) еңбек заңнамасына сәйкес оған жүктелген еңбек мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Басшыны тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
7) кәсiпорын Басшысын көтермелеуге;
8) өз өкiлеттiктерi шегiнде жұмыс берушiнiң актілерін шығаруға;
9) Шарт жасауға, өзгертуге және бұзуға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
7. Кәсiпорын басшысының:
1) лауазымдық нұсқаулықта және кәсiпорынның Жарғысында анықталатын оның құзыретiне сәйкес дара басшылық қағидаттарында кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн дербес шешуге;
2) кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етуге, барлық ұйымдарда оның мүдделерiн бiлдiруге, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығымен белгiленген шекте кәсiпорынның мүлкiне иелiк етуге, шарттар жасасуға, сенiмхаттар беруге, банктiк шоттар ашуға және өзге де мәмiлелер жасасуға, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығаруға және нұсқаулар бepугe;
3) еңбек заңнамасына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, оларға көтермелеу шараларын қолдануға және жаза қолдануға;
4) Басшының ұсынуы бойынша Мемлекеттік басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын қызметкерлердi лауазымға тағайындауға немесе лауазымнан босатуға мемлекеттік басқару органына ұсынуды енгiзуге, кәсiпорын орынбасарларының және басқа да қызметкерлерiнiң лауазымдық мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн анықтауға;
5) белгiленген еңбекақы қорының шегiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық жалақы мөлшерiн, сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесiн анықтауға (лауазымдық жалақы мөлшерiн, сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесiн Мемлекеттік басқару органы белгiлейтiн кәсiпорын қызметкерлерiн қоспағанда);
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
8. Мемлекеттік басқару органы:
1) тиiмдi және сапалы жұмыс үшiн жағдай жасауға;
2) Басшының мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттамамен, ақпаратпен, нұсқаулықтармен және өзге де материалдармен қамтамасыз етуге; 3) Басшыға заңнамада белгiленген мөлшерлерде және тәртiппен кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн жүзеге асыруға;
4) осы Шарт бұзылған кезде Басшының еңбек кiтапшасына (ол болған кезде) тиiстi жазбаны енгiзе отырып, жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге;
5) жұмыстан босатылатын Басшыға жұмыстан босатылған күнi еңбек кiтапшасын (ол болған кезде) беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысу жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
9. Кәсiпорынның басшысы:
1) Мемлекеттік басқару органы бекiтетiн кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларына, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерге сәйкес кәсiпорынның тиiмдi және тұрақты жұмысын;
2) кәсiпорынға бекітілген мүлiктiң тиiмдi және мақсатты пайдаланылуын, сақталуын;
3) Мемлекеттік басқару органы жеткiзетiн мемлекеттік тапсырыстың орындалуын;
4) базалық кезеңнiң деңгейiмен салыстырғанда тауарлардың (қызметтер көрсетудiң) өндiрiс көлемiнiң ұлғаюын;
5) салықтың және бюджетке төленетiн (оның iшiнде зейнетақы қорларына) басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерлерiне жалақының уақтылы төленуiн;
6) мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның таза кiрiсiнiң тиiстi бөлiгiн немесе қазыналық кәсiпорын сметадан тыс алған кiрiстердiң аударылуын;
7) кәсiпорынның шарттық мiндеттемелерiнiң орындалуын;
8) кәсiпорынның техникалық қайта жарақталуын, қайта құрылуын (қажет болған кезде);
9) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, кәсiпорынды басқаруды жетiлдiру үшiн құқықтық құралдардың белсендi пайдаланылуын, кәсiпорынның шарттық тәртібінiң, қаржы-экономикалық жағдайының нығаюын;