Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 3 сәуірдегі
№ 286 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 10.07.03 ж. № 685 Қаулысымен осы қаулының күші жойлды
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды және акционерлік қоғамдардағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Мемлекеттік кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлік қоғамдардың қызметiн басқаруға контрактi жүйесiн енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (оның iшiнде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсiпорынның қызметкерлерiне жалақыны уақытылы төлеуге";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Басшы осы контрактi бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады";
23-тармақтың қазақша мәтiнi дұрыс;
26-тармақтағы "қылмыстық" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсiпорынның басшысы еңбек туралы заңдарда белгiленген тәртiптi сақтай отырып осы контрактiде көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Жалдаушының бастамашылығы бойынша";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылып, 32-тармақ болып есептелсiн:
"32. Жалдаушы:
жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге және Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаны дұрыс ресiмдеуге;
жұмыстан босатылатын Басшыға еңбек кiтапшасын босатылған күнi беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуге;
контракт тоқтатылған кезде 31-тармақтың үшiншi абзацында көзделген тоқтатылу жағдайларынан басқа, белгiленген мөлшерде шығу жәрдемақысын төлеуге";
32-35-тармақтар 33-36-тармақтар болып есептелсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармағының 17-24 абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен.
2. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары осы қаулыға сәйкес мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын жалдау туралы жасалған келісім-шарттарға өзгерістер енгiзсiн.
3.
ЕСКЕРТУ. 3-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен.
4. Мемлекеттік органдардың басшыларына бұрын банкрот деп танылған кәсiпорындардың басшыларымен жалдау келісім-шарттарын жасаспау ұсынылысын.
Республикасының
Премьер-Министрi