Мемлекеттік кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттік пакетi бар
акционерлік қоғамдардың қызметiн басқаруға контракт жүйесiн
енгізу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 5 ақпан № 148 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 10.07.03 ж. № 685 Қаулысымен осы қаулының күші жойлды
"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2336 Заң күшi бар Жарлығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 13 желтоқсандағы № 2680 Жарлығымен бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналар бекітілсiн:
Мемлекеттік кәсiпорын басшысын жалдау туралы үлгiлiк контракт (1-қосымша);
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың және 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің
1999.09.30. № 1504 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын жалдау туралы контрактiлер мен акциялардың мемлекеттік пакетiн сенiм басқаруына беру және акционерлік қоғамды қайта құрылымдау контрактiлерiн жасасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 5 ақпандағы
№ 148 қаулысына
№ 1 қосымша
Мемлекеттік кәсiпорынның басшысын жалдау туралы
үлгiлiк контракт
Алматы қаласы 1996 жылғы " "_________
Бiрiншi тараптан, бұдан әрi "Жалдаушы" деп аталатын __________
____________________________________________________атынан
(лауазымды адам және оның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
___________________________________________________бекітілген
(кiм, қашан)
Ереженiң негiзiнде iс-қимыл жасаушы министрлiк, мемлекеттік
комитет (ведомство)___________________________________________
(оның атауы)
және екiншi тараптан, бұдан әрi "Басшы" деп аталатын азамат
______________________________________________________________
(оның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
төменгi туралы осы контрактiнi жасады.
1. Контрактiнiң мәнi
1. Осы контракт "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2336 Заң күшi
бар Жарлығына сәйкес және _________________________________________
(министрлiк, мемкомитет, ведомство)
______________________________________________________________
(ф.а.т.)
______________________________________________________________
(кәсiпорынның атауы және оның мекен-жайы)
басшысы етiп тағайындау туралы 199__ " "_____________________
N ______ бұйрығының негiзiнде жасалды және оларға қатысты еңбек
және тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейдi.
2. Басшысының құқықтары мен мiндеттерi
2. "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2336 Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және кәсiпорын Жарғысына сәйкес басшы кәсiпорынға басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады.
3. Кәсiпорын басшысы осы контракт күшiнде болатын кезеңде;
мемлекеттiң тапсырыстарын орындауға;
салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (оның iшiнде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсiпорынның қызметкерлерiне жалақыны уақтылы төлеуге;
кәсiпорынның жоғары тиiмдiлiкпен тұрақты жұмыс iстеуiн және оның серпiндi экономикалық және әлеуметтiк дамуын;
базалық кезең деңгейiмен салыстырғанда өнiм номенклатурасының, оны өндiру көлемiнiң ұлғайтылуын, жаңартылуын;
кәсiпорынның шарттық мiндеттемелерiн орындауға;
кәсiпорынның техникамен қайта жарақтандырылуын, жаңғыртылуын;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдардың сақталуын, кәсiпорынның басқарылуын жетiлдiру үшiн құқық құралдарының белсендi түрде пайдаланылуын, шарттық тәртiптiң, кәсiпорынның қаржы-экономикалық жағдайының нығайтылуын;
кәсiпорынның әлеуметтiк дамуы бағдарламасының орындалуын;
экологиялық талаптардың сақталуын;
ұжымдық шарт мiндеттемелерiнiң орындалуын;
мемлекеттік, қызмет және коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердiң қорғалуын;
жұмылдыру бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ 3 абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.03.
№ 286 қаулысымен.
4. Кәсiпорын басшысы дара басшылық принциптерiне iс-қимыл жасайды және кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн кәсiпорын жарғысында белгiленген өз құзыретiне және осы Контрактiге сәйкес дербес шешедi.
5. Кәсiпорын басшысы еңбек заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде кәсiпорын қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолданады.
Жалдаушы Басшының ұсынуы бойынша лауазымына тағайындайтын немесе лауазымынан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорын Жарғысында белгiленедi.
6. Басшының орынбасарларын Жалдаушы Басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басшы орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да қызметкерлерiнiң құзыретiне Басшы белгiлейдi.
7. Кәсiпорын басшысы кәсiподақ комитетiнiң келісімi бойынша кәсiпорындағы еңбекке ақы төлеу жүйелерi мен материалдық ынталандыру нысандарын белгiлейдi, өкiлеттi орган жыл сайын белгiлейтiн еңбекақы қоры (тұтыну қоры) шегiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң штаттық кестесiн және лауазымдық жалақы мөлшерiн дербес бекiтедi.
Басшының орынбасарларының, кәсiпорынның бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық жалақыларының мөлшерiн, оларға сыйлық пен басқа да сыйақы беру жүйесiн өкiлеттi орган белгiлейдi.
8. Кәсiпорын басшысы кәсiпорын мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жұмыс уақыты мен демалыс
9. Басшы үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы қолданылып жүрген еңбек туралы заңдарға сәйкес белгiленедi.
10. Басшыға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептелген орташа
жалақысы және лауазымды сақталатын жыл сайынғы демалыс берiледi.
Демалыс ұзақтығы _______күн. Демалысқа шығатын уақыт Жалдаушымен
келiсе отырып белгiленедi.
11. Жалдаушы Басшының өтiнiшi бойынша отбасындағы және басқа да орынды себептерге байланысты бұйрықпен ресiмделген жалақысы сақталмайтын қысқа мерзiмдi демалыс бере алады.
4. Еңбек тәртібі
12. Басшы осы контрактi бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.03.
№ 286 қаулысымен.
13. Еңбек тәртібін бұзғаны үшiн басшыға жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңдарымен реттеледi.
14. Еңбек мiндеттемелерiн табысты және жауапкершiлiкпен орындағаны үшiн Басшыға көтермелеу шараларын қолдану тәртібі еңбек заңдарының және өкiлеттi орган бекiтетiн Басшыға сыйлық беру тәртібі туралы ережемен реттеледi.
5. Еңбекақы төлеу, кепiлдiк және өтемдiк төлемдер
15. Басшыға айына_____теңге мөлшерiнде лауазымдық жалақы
белгiленедi.
16. Басшы осы контракт бойынша мiндеттемелерiн тиiстi дәрежеде орындаған жағдайда оған қосымша:
лауазымдық жалақысының __________мөлшерiнде үстеме;
%
кәсiпорынның мемлекеттік тапсырысты және шарт мiндеттемелерiн 100 процент орындағаны үшiн Басшыға сыйлық беру туралы ережеге сәйкес сыйлық;
кәсiпорында бекітілген ережеге сәйкес жыл үшiн жұмыс нәтижелерi бойынша сыйақы белгiленедi.
17. Кәсiпорынның нақты кiрiстер мен пайда алуына Басшы тiкелей
қатысқан жағдайда ол бiр рет көтермелеу алуға құқылы, оның мөлшерiн
Жалдаушы белгiлейдi.
18. Басшыға жыл сайынғы демалыс кезiнде қызмет ақысының
(__________________) мөлшерiнде қосымша материалдық көмекақы
еселенген төленедi.
19. Басшы жасына қарай немесе заңда қарастырылған басқа да негiздермен зейнет демалысына шыққан жағдайда, кәсiпорынның рентабельдiк жұмыс iстеуiне қарай оған орташа айлық жалақы мөлшерiнде бiр мезгiлдiк сыйақы төленедi.
20. Жалдаушымен еңбек құқық қатынастарына байланысты Басшыға кепiлдiк және өтемдiк төлемдер қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленедi.
21. Басшының осы контрактiнi күшiнде болатын кезде, оқытушылық және ғылыми жұмыстан басқа қосымша жұмыс iстеуiне және кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануына тыйым салынады.
6. Кәсiпорынның мемлекеттік, қызметтiк және
коммерциялық құпиясы
22. Басшы кәсiпорынның мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпиясын сақтауға мiндеттенедi.
23. Қажет болған жағдайда Басшы Жалдаушыға мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпияны осы контракт күшiнде болатын кезең iшiнде, сондай-ақ Басшылық қызметi тоқтатылғаннан кейiнгi, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердiң құрамы мен көлемi анықталатын белгiлi бiр кезеңде, жария етпеу туралы мiндеттеме бередi.
7. Басшы мен Жалдаушының жауапкершiлiгi
24. Басшы кәсiпорын өнiмдерiнiң өз шығынын өзi өтеуi мен бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорынның қажетiнше басқарылуы үшiн Жалдаушы алдында дербес жауап бередi.
25. Басшы кәсiпорынның қызметi туралы Жалдаушы алдында тоқсан сайын кемiнде бiр рет есеп беруге, мемлекет тапсырысын, бизнес-жоспарды және кәсiпорынның басқа да мiндеттемелерiн орындаудың барысы туралы ақпарат беруге мiндеттi.
26. Басшы кәсiпорынның жарғысында көрсетiлмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапқа тартылады.
ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.03. № 286
қаулысымен.
27. Жалдаушы Басшыға:
басқа жұмысқа заңсыз аударылуы;
заңсыз жұмыстан шығарылуы;
еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты зақымдануы немесе денсаулығына нұқсан келуi.
заңдарда қарастырылған өзге де жағдайлардың нәтижесiнде айырылған жалақысының орнын толтыруға мiндеттi.
8. Контрактiнiң күшiне енуi, оны қолдану мен
бұзу мерзiмi
28. Контракт-тараптар контрактiге қол қойғаннан бастап күшiне енедi.
29. Басшы өз мiндеттерiн орындауға 199__жылғы " " __________
кiрiсуге мiндеттi.
30. Жалдаушыға Басшыға ______күнтiзбелiк күн сынақ мерзiмiн
белгiлейдi. Сынақ мерзiмiнде Басшыға осы контрактiнiң күшi жүредi.
Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда Басшы еңбек туралы заңдардың талаптарына сәйкес лауазымынан босатылуы мүмкiн.
31. Контракт:
тараптардың келісімi бойынша;
кәсiпорынның басшысы еңбек туралы заңдарда белгiленген тәртiптi сақтай отырып осы контрактiде көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Жалдаушының бастамашылығы бойынша;
Жалдаушы екi ай бұрын алдын ала ескертiлген жағдайда, Басшының ұсынысымен мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
32. Жалдаушы:
жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге және Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаны дұрыс рәсiмдеуге;
жұмыстан босатылатын Басшыға еңбек кiтапшасын босатылған күнi беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуге;
контракт тоқтатылған кезде 31-тармақтың үшiншi абзацында көзделген тоқтатылу жағдайларынан басқа, белгiленген мөлшерде шығу жәрдемақысын төлеуге.
ЕСКЕРТУ. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.03. № 286
қаулысымен.
33. Осы контракт 199__жылғы " "________________дейiн күшiн
сақтайды.
34. Контракт______________ жылға ұзартылуы мүмкiн. Контрактiнiң
жаңа мерзiмге ұзартылуы Жалдаушы мен Басшы арасындағы қосымша
келісіммен хатталады.
35. Осы контрактiге өзгертулер мен толықтыруларды тараптардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша екiншi тараптың келісімi алынып және жеке құжатта рәсiмделiп, екi тарап та қол қойған жағдайда енгізуге болады.
36. Контракт әрбiр тарап үшiн бiр-бiрден 2 дана етiп жасалған.
Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Жалдаушы: Басшы:
____________________ Мекен-жайы:__________________
____________________ _____________________________
____________________ _____________________________
____________________ паспорт сериясы______________
____________________ N ___________________________
____________________ берген_______________________
____________________ _____________________________
____________________ _____________________________
(Аты-жөнi) (Аты-жөнi)
____________________ _____________________________
(Қолы) (Қолы)
М.О. М.О.