Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 881 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2003 ж., № 29, 287-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесінде:
1-тармақтағы «мемлекеттік кәсіпорындардың» деген сөздердің алдынан «лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары оқуы орындарының бірінші басшыларынан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |