Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. алынып тасталды
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш
1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
учредительным собранием (единственным учредителем)»;
3. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;
б-1) егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда осы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;
б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
в) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
г) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
д) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың, соның ішінде банк басқармасының кемінде үш мүшесінің құжаттары;
е) жаңадан құрылатын банкінің егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;
ж) жаңадан құрылатын банкінің iшкi аудит қызметi жөніндегі ереже;
з) жаңадан құрылатын банкінің несие комитетi жөніндегі ереже;
и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;
к) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат;
"Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы) бекітуi тиiс";
4. Аудиторлық ұйымның есебi:
ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргізуге уәкілетті екендігін растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.
5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi ; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi
Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)
20-бап. Банктің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқарманың бірінші басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылар, банктің бас бухгалтері банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
Банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері болып табылған тұлға банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
5) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
3. Банктің ірі қатысушысы банк басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Банктің директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келу үшін:
1) банктің басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) банк басқармасының мүшелері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақпен белгіленген жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда банк осы тұлғамен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
6. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы банкте өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, аталған адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылғаннан не басқа лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындала (сайлана) алады.
8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, аталған адам өзін уәкілетті органның осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған дұрыс емес мәліметтер анықталған;
2) банктің басшы қызметкеріне уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдану;
3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті.
10. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялау немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтері болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті.
11. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс және лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады).
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi ; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларының
қатысуымен банк құруға қойылатын қосымша талаптар
Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер үшін - банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса тіркеуге міндетті.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 22-бап өзгертiлдi
22-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі
1. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
11.07.97 № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкінің жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:
экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар болса;
уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері қызметінде болған болса, банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
г-2) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;
е) осы Заңның 20-бабында белгiленген талаптарға банкінің басшы қызметтерiне кандидаттардың сәйкес келмеуi;
ж) 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 ; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Банкіні мемлекеттік тiркеу
Банкіні мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келісілгендiгiн растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкіні мемлекеттік тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ;2008.23.10. № 72-IV (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертiлдi
26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.
Банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар Ұлттық Банк белгiлеген тәртiп бойынша берiледi.
Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде:
а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, осы Заңның 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлерін тағайындауды (сайлауды) уәкілетті органмен келісуге, сондай-ақ тиiстi біліктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға;
б) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен немесе Қазақстан Республикасының банк қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;
в) лицензиялық алым төлеуге тиіс.
2-1. Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:
1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.
3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөніндегі шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды.
9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi ; 2008.23.10. № 72-IV Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді ) (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
4) құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген;
5) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi
28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерістер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде алдын ала келісілуге тиiс.
2. Банкінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерістердi немесе толықтыруларды мемлекеттік тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерістердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертiлдi ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда ); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап өзгертiлдi
29-бап. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.
2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:
1) банк филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар банктің филиалы немесе өкілдігі туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін;
3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиал үй-жайының сәйкестігін растайтын (филиалды ашу кезінде) Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.
4. Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.