551-бап. Әділет органдары
1. Әділет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 551-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 551-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу,
Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен
құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 380, 357-2 (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 380-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — аумақтық әділет органдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары.
2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ) ҚР Заңымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар осы Кодекстiң 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 553-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
553-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 504-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы, басқарма, бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілерді орындамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 122, 123 (екінші бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бірінші бөлігінде), 240-246 (бірінші бөлігінде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бірінші бөлігінде), 259-274, 275 (бірінші бөлігінде), 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 555-бап өзгертілді
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 141, 357-2 (бірінші бөлігінде) , 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 422, 425, 431, 435, 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 556-бап өзгертілді
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлігін қоспағанда) , 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары ;
2) осы Кодекстің 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 473 (бірінші бөлігінде), 476-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде) , 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бірінші бөлігінде), 333, 357-2 (бірінші бөлігінде) , 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды
557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 557-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 557-2-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау
жөніндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 85, 85-1, 85-2, 322 (бірінші, екінші және бесінші бөліктері) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 558-бап өзгертілді
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер
министрлігі мен Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық
қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң және Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 559-бап өзгертілді
559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекара мен көліктегі бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар және мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар, облыстардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары және мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары мен мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, селолық округтердің ветеринариялық инспекторлары, жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мекемелерінің және ведомстволық ветеринариялық қызметтің мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыруға өкілеттік берілген ветеринариялық дәрігерлері жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмаға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының:
1) өткізу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың ветеринариялық -санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темір жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың ветеринариялық -санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттік шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі ветеринариялық -санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді ; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
560-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 560-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган
1. Тұқым шаруашылығы, мақта саласын дамыту және астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 309-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 560-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 560-2-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.