2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізілгенін растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге тауарлардың тиеліп жіберілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушілерге тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
37-тарау. Қосылған құн салығынан босатылған
айналымдар және импорт
23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 225-бап өзгертілді
225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтердi;
4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
6) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру тәртібімен өткiзiлетiн мүлікті;
6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiк;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7) тармақша өзгертілді (бұр . ред. қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;
8) жарғылық капиталға жарналарды;
9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;
11) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткізу бойынша айналымды;
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдар;
12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;
13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткізу;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр . ред. қара)
14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу жөніндегі айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);
16) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр . ред. қара)
17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды;
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;
19) 2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 226-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) тақырыбы жаңа редакцияда (бұр . ред. қара)
226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
айналымдар
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
1. Тұрғын үй ғимаратын өткізу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:
1) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2) тармақша өзгертілді (бұр . ред. қара)
2) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткізудi немесе жалға берудi;
3) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 227-бап өзгертілді
227-бап. Қаржылық қызмет көрсетулер
1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;
аударым операциялары;
банктік заем операциялары;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;
4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;
6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;
8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;
9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;
11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2- тармақ 12) тармақшамен толықтырылды
12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 228-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 228-бап өзгертілді
228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.
2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде тiзiп көрсетiлген шарттардың бiрi сақталған кезде:
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Koдекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;
2) егер берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
229-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
Осы Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар:
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және діни қажеттілік заттарын өткізуіне;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 230-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:
жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған келісім-шарттың;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 230 -1 баппен толықтырылды
230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жаңа объектілерді салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.
Салықтан босату салық төлеуші (мердігер, қосалқы мердігер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қатысты қолданылады.
Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны әрбір жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негізге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
231-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөніндегі;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк білім беру; қайта даярлау және біліктілігiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;
3) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
4) кiтапхана қызметiн көрсету жөніндегі;
5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.
232-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
233-бап. Кәсiпорынды сату
1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткізуi:
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) берiлетiн активтерiн, оларды қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу балансы мен беру актісі негiзiнде;
2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөніндегі операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 234-бап өзгертілді
234-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету;
5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;
7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.
Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;
8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9) ақша белгілерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты;
9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;
10) 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды
11) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.
12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.
2006.06.05 № 140-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
13) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердігерлері немесе қосалқы мердігерлері әкелген тауарлар импорты.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердігерлері мен қосалқы мердігерлерінің тізбесін, сондай-ақ аталған тізбеге өзгерісті концессионер уәкілетті органмен келіседі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір инфрақұрылымдық жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тізбесін бекітеді.