2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, салық төлеуші мынадай қызмет түрлерін:
1) медициналық қызметті;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;
3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті;
4) қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті;
5) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының пайдалану объектілері әлеуметтік сала объектілеріне жатады.
Осы баптың мақсаттары үшін табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалады.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 91-бап өзгертілді
91-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету
1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1) дивидендтер;
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезiнде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуi және эмитенттiң өз акцияларын өткізуi кезіндегі құн өсiмi;
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) борыштық бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;
5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте iзгiлiк көмек түрiнде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүлiктiң құны;
6) республикалық мемлекеттік кәсiпорынның Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан өтеусiз негiзде алған негiзгi құрал-жабдықтарының құны;
7) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;
8) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар;
9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
10) 2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.05.06. № 146-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
11) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғасының қаржылық қызметтер көрсетуден алған табысы алып тасталуға тиіс. Осы тармақшада көрсетілген қаржылық қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны алып тасталуға тиіс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тауар-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға тиiс.
Тауар-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық төлеушi салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
§ 2. Шегерiмдер
92-бап. Шегерiмдер
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезiнде шегерiлуге тиiс.
2. Осы Кодексте шығыстарды нормалар шегiнде шегерiмдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.
3. Табиғи монополистер шеккен залалдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiлуге жатады.
4. Егер шығыстардың бiрнеше баптарында белгiлi бiр шығындар көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.
5. Мемлекеттік бюджетке енгiзiлуге тиiстiлерiн қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегерiп тасталуға тиiс.
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 259-бап өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес салық төлеушінің жеке кәсіпкерлер субъектілері бірлестігіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда қызметкерлердің орташа есеппен бір жылдағы тізімдік саны негізінде бір қызметкерге белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.
16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 93-бап өзгертілді
93-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезіндегі және өкiлдiк шығыстар бойынша өтемдер сомаларын шегеру
1. Қызметтiк iссапарлар кезіндегі шегерiмге жататын өтемдерге:
1) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар;
2) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты шыққан шығыстар;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының шегiнде iссапарда болған уақытында тәулігiне алты айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде төленетiн тәулiктiк ақы;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде iссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде төленетiн тәулiктiк ақы;
2006.07.07. № 177-III ҚР Заңымен 5) тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5) салық төлеуші кіру визасын ресімдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердің құны, міндетті медициналық сақтандыру) жатады.
2. Салық төлеушiнiң өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлердiң жалпы жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң отырысына келген қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстары өкiлдiк шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатады.
Банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар өкiлдiк шығыстарға жатпайды және шегерiлмейдi.
Өкiлдiк шығыстар Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатқызылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 94-бап өзгертілді
94-бап. Сыйақы бойынша шегерiмдер
1. Мыналар сыйақылар бойынша шегерiмдер болып табылады:
1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңiнде төленетiн кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның iшiнде қаржы лизингi түріндегі сыйақы;
2) ҚР 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алып тасталды
3) борыштық бағалы қағаздар иесiне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтiн дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) вексель бойынша төлемдер;
4) салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы.
Сыйақы бойынша шегерiм осы бапта белгiленген шекте жүргiзiледi.
2. Сыйақы бойынша шегерiм:
салық кезеңi үшiн салық төлеушінің резидентке төлейтiн сыйақы сомасы
қосу
меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасының, шектi коэффициент және салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң резидент емеске төлейтiн сыйақы сомасының көбейтiндiсi ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетін сома шегiнде жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
1) меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалық шамасына тең;
2) мiндеттемелердің орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының iшiнде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалық шамасына тең;
3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент - 7-гe, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-кe тең.
4. алып тасталды
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер
Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлеген жағдайда, жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде табыстарға жатқызылған шама шегiнде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 83-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 96-бап өзгертілді
96-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер
1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсiпкерлерiне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішiнде қанағаттандырылмаған талаптар; өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.
Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлік есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргізіледі.
3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешiмi мен оны Мемлекеттік тiркелiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмiн қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушi жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
4. ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер
1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты сол кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтiк қорға) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі жер қойнауын пайдалану келісім-шартымен белгiленедi.
2. Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа) активтер мен шарттық міндеттемелерді қоспағанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төмендегi күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге: басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда); құжаттамалық есептер мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепiлдiктермен расталған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган анықтайды.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;
5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.
3. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 99-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
99-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шығыстарды шегеру
1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиiстi (төленген) сақтандыру сыйлықтары шегерiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiруге (сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 100-бап өзгертілді; ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Әлеуметтік төлемдерге және оқытуға жұмсалған шығыстарды шегеру
1. Шегерiмге салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде:
1) қызметкерлердiң уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
2) жүктiлігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
3) өзiнің еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге бағытталған;
4) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.
2. Салық төлеушінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлеген ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген шекте шегерімге жатады.
3. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілуге жатады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
4. Салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны салық төлеушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға жұмсаған шығыстары мынадай талаптар сақталған:
1) салық төлеушіде кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы жеке тұлғамен шарт жасалған;
2) білімнің тиісті деңгейін жеке тұлға тұңғыш рет алатын;
3) жеке тұлғаның оқуы Қазақстан Республикасында не мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүзеге асырылатын жағдайларда шегерілуге жатады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
1) оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
2) оқитын адамның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген норма шегіндегі шығыстарды;
3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейін кері қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығыстарды қамтиды.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 101-бап өзгертілді
101-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр . ред. қара)
1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау, абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары және өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткізу жөніндегі шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшеріндегі амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
Жеке топ құрылғаннан кейін және коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткізу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарында белгіленген сомалар шегiнде шегерiмге жатады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 102-бап жаңа редакцияда
102-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуiнен шегерiм
Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
103-бап. Салықтар шегерiмi
1. Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға:
1) жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейiн есептен шығарылатын салықтар;
2) Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы;
3) үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
2. Өткен салық кезеңi үшiн ағымдағы салық кезеңiнде төленген салықтар төлем жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 104-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
104-бап. Шегерiмге жатпайтын шығыстар
Мыналар:
1) жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) сот жалған кәсіпорын деп таныған салық төлеушімен қылмыстық қызметтің сот белгілеген басталу кезінен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарылған әрекетсіз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;