446-бап. Төлеушiлер
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 447-бап толықтырылды ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 447-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
447-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi. Бұл орайда, осы Кодекстің 338-бабының 2, 4-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем белгiленбейдi.
ҚР 29.11.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 448-бап өзгертілді
448-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi.
Төлемақының жыл сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.
Шарт талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда жергілiктi атқарушы орган, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
2. Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi.
3. Төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 4-1 және 4-2-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, төлемақы төлеушілер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4-1- тармақпен толықтырылды
4-1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем сомаларын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен төлейді.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 4-2- тармақпен толықтырылды
4-2. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептілік кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін төлеудің белгіленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгізудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 5-1- тармақпен толықтырылды
5-1. Осы баптың 4-2-тармағында айқындалған төлеушілер жер учаскесін осы Кодекстің 450-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, төлемді уақытша өтеулі жер учаскесін пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде төлейді.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін мемлекет өтемін төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi.
7. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi.
8. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
9. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
449-бап. Салық кезеңi
Жер учаскелерiн пайдалану төлемiнiң сомаларын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстің 136-бабына сәйкес белгiленедi.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 450-бап өзгертілді
450-бап. Салық есептілігi
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебін табыс етедi.
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2- тармақ өзгертілді
2. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 20-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 2006.31.01. № 125-III (2007 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.06.07. № 275-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебімен бірге жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi.
Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi.
Осы тармақтың ережелері төлеушілерге - дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi табыс етiледi.
82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
451-бап. Жалпы ережелер
1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат беру құжаты негiзiнде жүзеге асырылады.
Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңдарымен белгiленедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкiлеттi органдар есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-iнен кешiктiрмей облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiне уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер бередi.
452-бап. Төлеушiлер
Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.
453-бап. Салық салу объектiлерi
1. Төлемақы салынатын объектiлер:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1) мыналарды:
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;
2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;
4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады.
2. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 454-бап өзгертілді
454-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Су жинаудың нақты көлемi cy қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары осындай асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады.
3. Су объектiлерiн тиiстi рұқсат беру құжатынсыз пайдаланған кезде осы баптың 1-тармағында белгiленген төлемақы ставкалары бес есе ұлғайтылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 455-бап өзгертілді
455-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды.
2. Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгізуге мiндеттi.
3. 04.07.03 ж. № 475-II ҚР Заңымен алып тасталды
4. Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.
5. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 456-бап өзгертілді
456-бап. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
2. Өнеркәсіп орындары өндірістік қажеттер үшін су шаруашылығы жүйелерінен алатын суға, ол тікелей су шаруашылығы жүйелерінен, басқа өнеркәсіп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетініне қарамастан, төлемақы төлейді.
3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн бюджетке төлемақы төлейдi.
4. Жеке және заңды тұлғалар суды қысыммен ағызатын және суды реттейтiн құрылыстары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшiн төлемақы төлейдi.
5. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгілейдi.
6. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге суды жинау лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгiлейдi. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.
457-бап. Салық кезеңi
Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн бюджетке төлемдi есептеу және енгізу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
458-бап. Салық есептілігi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын, осы баптың 4-тармағында аталған төлемдердi қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталсын (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4 тармақ өзгертілді
4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
83-тарау. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 459- бап өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 459-бап жаңа редакцияда
459-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.
2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
3. Экологиялық рұқсатта белгіленген тәртіппен ресімделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар, жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-нен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мәліметтер береді.
460-бап. Төлеушілер
Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 461-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
461-бап. Салық салу объектісi
Салық салу объектісі қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемі болып табылады.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 462-бап өзгертілді
462-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкаларын базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шекті ставкадан жоғары болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары жыл сайын белгiлеп отырады.
Қоршаған ортаға белгіленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-ІІ; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 463-бап өзгертілді
463-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаға эмиссиялауға лимиттi сатып алу нысанында жеткізуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ету құжаты салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстің 465-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде лимитті сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
3. Уәкілетті орган оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген жер бойынша бюджетке төлемақы енгізілетін ластанудың жылжымалы көздерін қоспағанда, бюджетке төлемақы енгізу қоршаған ортаға эмиссия көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
4. Төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
5. алынып тасталды
6. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi.
7. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
464-бап. Салық кезеңi
Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақыны бюджетке есептеу мен енгізу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
465-бап. Салық есептілігi
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Төлемақы төлеушілер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер, осы баптың 2-1 және 4-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Төлемақы көлемі аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебін салықтың есептілік кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2-2 тармақпен толықтырылды
2-2. Рұқсат ету құжаты осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін рәсімделген жағдайда, аталған төлеушілер ағымдағы төлем сомаларының есебін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат ету құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
3. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4 тармақ өзгертілді
4. Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 5 тармақ өзгертілді
5. Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы салық органына табыс етiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы