2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының 2001 ж. 15 желтоқсандағы № 273-ІІ
Заңы
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңын iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 27.12.01 ж. № 1715 қаулысын қараңыз
1-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсiн:
кiрiстер - 465612615 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 49064505 мың теңге;
кредиттердi қайтару - 10727276 мың теңге;
шығындар - 572856905 мың теңге;
кредиттер - 33024491 мың теңге;
тапшылық - 80477000 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiнің 2,3 процентi.
Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн төлейтiн 4251500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы республикалық бюджеттің кiрiстерiнде көрсетiледi, оның:
494720 мың теңгесi ақшалай түрде келiп түседi;
3756780 мың теңгесi қару-жарақ пен әскери техника беру, оларға жөндеу жүргiзу және әскери қызметшiлердi Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында даярлау жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың 17-бабына сәйкес өзге де жеткiзiлiмдер мен қызметтер көрсету түрiнде өтемдi негiзде жүзеге асырылады және оны "Әскери полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды iске асыру" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады.
2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының түсiмi 17779000 мың теңге сомасында көзделсiн.
3-бап. 2002 жылы "Өнiмдердi бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын Қазақстан Республикасының өнiмдердi бөлу жөніндегі үлесi, республикалық бюджетке 90 процент, жергілiктi бюджетке 10 процент есептелетiн Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, 100 процент мөлшерiнде республикалық бюджетке есептеледi деп белгiленсiн.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негiзiне көшiрудi жеделдету жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 24 ақпандағы № 135 қаулысының негiзiнде бұрын Жер қойнауын қорғаудың және минералдық-шикiзат базасын молықтырудың республикалық қорына төлемдер жасап келген жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалғанға дейiн жоғарыда аталған төлемдердi бiрыңғай бюджеттік жiктеменiң кiрiстер жiктемесінің "Роялти" коды бойынша республикалық бюджеттің кiрiсiне төлейдi.
5-бап. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетiн салық түсiмдерінің көлемi облыстар бойынша 2-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
6-бап. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2002 жылға шикiзат секторы ұйымдарынан жасалған келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының жергілiктi бюджеттерге есептелетiн өнiм бөлу жөніндегі үлесiнің көлемi 215089 мың теңге сомасында белгiленсiн.
7-бап. Төлеушiлер:
жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтiн, келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуге жұмсалып, мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын бiрыңғай бюджеттік жiктеменің кiрiстер жiктемесiнiң "Роялти" коды бойынша;
бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешектi, сондай-ақ бұрын Жол қорына түсiп келген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын бiрыңғай бюджеттік жiктеменің кiрiстер жiктемесiнің "Әлеуметтiк салық" коды бойынша;
бұрын Жол қорына түсiп келген бензин мен дизель отынынан алынатын алым бойынша берешектi - арнайы жабдықталған тұрақты пункттерден түпкi тұтынушыға сатылатыннан басқа, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынына акциздер ретiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударады.
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктiлiгi және босануы бойынша, бала туылған кезде, жерлеуге жұмыс берушiлер аударған жәрдемақылар сомасының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептелiп отырады.
9-бап. Акционерлік қоғамдардан - ұлттық компаниялардан 2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
10-бап. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
11-бап. Облыстық бюджеттерден және Алматы қаласының бюджетiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мөлшерi 2002 жылға жалпы сомасы 49064505 мың теңге, оның iшiнде:
Ақтөбе - 569100 мың теңге;
Атырау - 19602863 мың теңге;
Қарағанды - 81131 мың теңге;
Маңғыстау - 9000442 мың теңге;
Павлодар - 1895969 мың теңге;
Алматы қаласы - 17915000 мың теңге болып белгiленсiн.
12-бап. Мемлекеттік білім беру мекемелерi, санитариялық-эпидемиологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, туберкулез мекемелерi, психоневрологиялық мекемелер, Қазақ республикалық лепрозорийi, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегi интернат-үйлер, ойлау қабiлетi төмен балаларға арналған интернат-үйлер мен психоневрологиялық интернаттар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, iшкi iстер органдарының тергеу оқшаулауыштары, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерi, Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің әскери бөлiмдерi, шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан, оқшауланған жабық гарнизондарда қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олардың отбасы мүшелерiн ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз еткен жағдайда, мемлекеттік мұрағат мекемелерi, мемлекеттік кiтапханалар, мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сату мен қызметтер көрсетуден түсетiн түсiмдердi өздерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтiн тәртiппен пайдаланады.
13-бап. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ең төменгi мөлшер:
айлық жалақы - 4181 теңге;
зейнетақы - 4336 теңге;
2) заңдарға сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де әлеуметтiк төлемдер есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық төлемдерi мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 823 теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
14-бап. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), сондай-ақ iшкi iстер органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерi, қаржы полициясы қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшiн айлық ақшалай өтемақы мөлшерi 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 3430 теңге сомасында белгіленсiн.
15-бап. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық iшкi iстер органдарының қызметтiк үй-жайларын және жанар-жағармай материалдарды сатып алуды қоса, көлiк құралдарын ұстауға, оларға қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығындар, сондай-ақ коммуналдық қызметтерiне, электр энергиясына, жылуына және байланыс қызметтерiне ақы төлеу жөніндегі шығындар жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
16-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте аумақтарында ұшыру-сынақ полигондары және "Байқоңыр" ғарыш айлағының кешенi орналасқан облыстардың облыстық бюджеттерiне халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 305000 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделсiн.
Аталған қаражатты облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
17-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 1998 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 жыл үшiн борыштық мiндеттемелер мен талаптарды реттеу туралы келісімге сәйкес 1992 жыл үшiн өзара есеп айырысу нәтижесiнде құралған берешек бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Өзбекстан Республикасының Үкіметі алдындағы мiндеттемелерiн орындауға 309200 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
18-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялардың мөлшерi 2002 жылға жалпы сомасы 59763278 мың теңге, оның iшiнде:
Ақмола - 7191511 мың теңге;
Алматы - 10289366 мың теңге;
Шығыс Қазақстан - 5189908 мың теңге;
Жамбыл - 6877104 мың теңге;
Батыс Қазақстан - 1285861 мың теңге;
Қостанай - 4181616 мың теңге;
Қызылорда - 6645453 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан - 5201645 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан - 12900814 мың теңге болып белгiленсiн.
19-бап. Батыс Қазақстан облысының 2002 жылға арналған облыстық бюджетiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн 21509 мың теңге сомасында трансферттер көзделедi деп белгiленсiн.
20-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығыстарының құрамында "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының объектiлерiн салу және реконструкциялау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әкiмшiлiк үйiн салуға 1250000 мың теңге сомасында шығындар ескерiлдi деп белгiленсiн.
21-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Тараз қаласының 2000 жылдығын мерекелеуге дайындыққа 1500000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. Аталған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
22-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жағдайлары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100000 мың теңге сомасында трансферттер көзделсiн.
23-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Даму банкiнің жарғылық капиталын қалыптастыруға 2500000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
24-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн трансферттер 12614796 мың теңге сомасында көзделсiн.
25-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі шығыстарының құрамында сумен қамтамасыз ету жүйелерiн салу мен реконструкциялауға 2320000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
Аталған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
26-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегi мекемелерiне 919649 мың теңге, оның iшiнде орман өсiру және орманды қалпына келтiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге 168000 мың теңге сомасында шығындар көзделсiн.
27-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлiмшелерiн Талдықорған қаласына көшiру жөніндегі iс-шараларды аяқтау үшiн 800000 мың теңге көзделсiн. Аталған қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне және Алматы облысының әкіміне бөлу Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен белгіленетiн көлемде жүзеге асырылады.
28-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1286068 мың теңге, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне - Қазақстан Республикасының меншiгiне шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алуға 193858 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мiндеттемелер жөніндегі кредиторлық берешектi өтеуге 500000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстеме төлеуге 460000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгiне - жерге орналастыру жұмыстарына 132210 мың теңге көзделсiн.
29-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанкі" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттерi заемшыларының 1999 және 2000 жылдар төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеуге 178009 мың теңге көзделсiн.
30-бап. 2002 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервi 5258913 мың теңге сомасында, оның ішінде:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен анықталатын өзге де күтпеген шығыстар үшiн - 4428000 мың теңге;
Қазақстан Республикасы ?кіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеу үшiн - 230913 мың теңге;
кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн арнаулы резерв - 600000 мың теңге сомасында бекітілсiн.
31-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының кредит ресурстарын толықтыру үшiн 300000 мың теңге, оның iшiнде әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуға 150000 мың теңге көзделсiн.
32-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiгiмен алынған заемдарды жабу және оларға қызмет көрсету үшiн 13553571 мың теңге көзделсiн.
33-бап. 2002 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiктерiн беру лимитi 7730000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
34-бап. Үкiметтiк борыш лимитi 2002 жылғы 31 желтоқсанға 750000000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
35-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджетте:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру 4000000 мың теңге сомасында көзделсiн. Көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын жүргiзуге арналған кредит сомасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алу лимитiне енгiзiлмейтiн болып белгiленсiн;
көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер бойынша сыйақыны (мүдденi) өтеуге 195000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
2002 жылға арналған көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесін қараңыз
36-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
37-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi 6-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
38-бап. 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi 7-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
2002 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердің атқарылу процесiнде 8-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгiленсiн.
39-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының 2002 жылға арналған республикалық бюджеті
Санаты Атауы Сыныбы Ішкі сыныбы Ерекшелігі | Сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
| 465612615 415010788 200755100 200755100 94567050 5893536 2669414 6779774 83882542 1141100 5821684 178841761 136532651 32921590 103287102 323959 1601720 46800 9600 13100 96700 65900 700 15600 40300 11400 220800 695720 17800 226900 40186541 411785 711589 3371176 6480 520000 45862 140977 46362 32996514 1935796 520849 517000 183 3666 33267600 23192600 21923800 1268800 10075000 9719000 356000 533259 533259 533259 1613068 1613068 1613068 42933597 39153226 500895 500895 36888695 7240000 1000000 5800000 8434 539761 120000 4251500 17779000 150000 1763636 158800 1604836 182030 182030 15400 166630 845070 845070 515300 120200 96200 7300 170 105900 1568481 488449 147000 5411 336038 7627 7627 426900 195000 231900 147378 3950 66 33909 19945 71309 18199 262766 190822 71944 58384 58384 176977 176977 1184790 1184790 22450 176 9000 955664 70200 127300 7668230 2008900 2008900 8900 2000000 5659330 5659330 245930 5413400 49064505 49064505 49064505 49064505 569100 19602863 81131 9000442 1895969 17915000 10727276 10727276 8293686 2693995 142857 8118 10000 151537 1045 1000 100 900 126007 154600 2097831 110298 110298 4813076 4000000 600000 213076 272123 13142 39449 219532 404194 404194 1574818 1574818 1574818 858772 858772 858772 |
|
Функционалдық топ Атауы Әкімші Бағдарлама | Сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
2-қосымша
Республикалық бюджетке есепке алынатын шикізат секторы
ұйымдарынан түсетін 2002 жылға арналған салықтық түсімдердің
көлемі
(мың теңге)
N р/р | Атауы | Барлығы | Шикізат сектор- ының ұйымда- ры-заң- ды тұл- ғалар- дан алы натын корпо- ративтік табыс салығы | Шикізат секторы ұйымда- рынан түсетін роялти | Шикізат секторы ұйымдарынан жа- салған келісім- шарттар бойынша өнімдер бөлу жө нін-гі Қазақст. Республикасының үлесі | Шикізат секторы ұйымда- рынан түсетін бонус- тар | Шикізат секторы ұй- ымдарының өндірген та- уарларына, орындаған жұмыстарына және көрсет- кен қызмет- теріне салы- натын қосыл- ған құн салығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 2 3 4 5 6 7 | | 126147957 2229038 66605431 5487357 2195880 12578796 17193443 19858012 | 90845326 1217562 46366917 5432354 260084 11698793 9988677 15880936 | 32996514 687517 20192152 55003 880000 7204766 3977076 | 1935796 1935796 | 46362 46362 | 323959 323959 |
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
3-қосымша
Акционерлік қоғамдардан - ұлттық компаниялардан
2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемі
Төлемдердің атауы | Сомасы, мың теңге |
1 | 2 |
| 15033508 3674551 2170169 |
* Астана қаласы бойынша республикалық бюджетке аударымдардың
нормативі - 50%
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
4-қосымша
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан (шаруашылық жүргізу
құқығындағы) 2002 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін
түсімдердің көлемі
Төлемдердің атауы | Сомасы, мың теңге |
1 | 2 |
| 17491155,9 9807954,7 500895,4 |
* Астана қаласы бойынша республикалық бюджетке аударымдардың
нормативі - 50%
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
5-қосымша
2002 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Функционалдық топ Әкімші Атауы Бағдарлама |
1 | 2 |
"2002 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы
15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңына
6-қосымша
2002 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму
бағдарламаларының тізбесі
Функционалдық топ Әкімші Атауы Бағдарлама |
1 | 2 |
"2002 жылға арналған республикалық