2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнің мазмұны
Уәкілеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.
557-8-бап. Қосымша тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
1. Салық қызметі органы салық төлеушінің шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
3. Шағымды қараудың мерзімі қосымша тексеруді өткізу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағым бойынша шешім қосымша тексерудің нәтижелерін ескере отырып шығарылады.
101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
566-бап. Шағымдану құқығы
Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.
567-бап. Шағымдану тәртібі
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен шағым жасалады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 568-бап өзгертілді
568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, 2001 жылғы 12 маусым
№ 210-ІІ ҚРЗ