«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 2.2-тармағын орындау үшін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті
ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру;
- жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру;
- салық есептілігін тапсыру;
- Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама және салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алу.
Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЛЫҚ КОМИТЕТІ
Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары бойынша және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің бар (жоқ) екендігі туралы анықтаманы және жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрмені беру
Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудың пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсат
Салық қызметі органдарының мынадай есепке алу нысандарын:
- Талап ету орындарға көрсету үшін ҚР бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары бойынша және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің бар (жоқ) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі - Анықтама);
- Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрмені (бұдан әрі - Дербес шоттан көшірме) беру кезінде салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сапалы қызмет көрсету
Жалпы ережелер
Есепке алу нысандарына іс-қағаздар номенклатурасына сәйкес құжаттардың түрлері бойынша топталатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есепке алу бойынша құжаттамалар жатады.
Есепке алу нысандары «Дербес шоттарын жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 530 бұйрығымеен бекітілген.
Анықтама - өтініш берген күнге салық төлеушінің (салық агентінің) салық мiндеттемелерiн орындауы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйiн көрсететін құжат.
Анықтама басқа салық органдарында ашық дербес шоттардың деректерін ескере отырып беріледі:
заңды тұлға үшін - орналасқан жері бойынша;
жеке кәсіпкерлер үшін - қызметін жүзеге асыратын жер бойынша және/немесе тұрғылықты жері бойынша;
жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері бойынша немесе салық салынатын объектісінің орналасқан жері бойынша.
Құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар бойынша Анықтама оның құрылымдық бөлімшелерінің дербес шоттарының жағдайын ескере отырып заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша жасалады.
Құрылымдық бөлімшенің Анықтамасында тек сол құрылымдық бөлімшенің дербес шоттарының ақпараты көрсетіледі.
Анықтасмада дербес шоттардың жай-күйі туралы барлық салық органдарынан жиынтық ақпарат көрсетіледі, ал анықтамаға қосымшада әрбір салық органы бойынша ақпарат көрсетіледі.
Анықтамада салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың қимасында бересі, артық төлеу, өсімақылар мен айыппұлдар бойынша берешек бойынша сомалар көрсетіледі, сондай-ақ анықтамалық түрінде мыналар көрсетіледі:
шағымдалу кезеңінде және шағымдалған салық тексеруінің нәтижелері бойынша есептелген сомалар;
төлеу мерзімдері өзгерген сомалар;
оңтайландыру рәсімдері қолданылған сомалар,
жалпы берешек сомасына қосылмайтын сомалар.
Анықтамада қосымшалар саны; барлық салық органдарынан дербес шоттар жөніндегі мәліметтер алынған уақыт пен күні көрсетіледі.
Салық төлеушінің (салық агентінің) және оның құрылымдық бөлімшелерінің таратылған жағдайда Анықтама салық тексеруі жүргізілгеннен кейін беріледі.
Анықтама талап ету орны бойынша көрсету үшін салшық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша тапсырылады.
Салық төлеуші (салық агенті) және оның құрылымдық бөлімшелері өтініш берген күнге салық есептілігін тапсырмаған жағдайда Анықтама берілмейді.
Анықтама салық төлеуші (салық агенті) есепте тұрған салық органы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Дербес шоттан көшірме - салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішіне сәйкес белгілі бір кезең үшін дербес шоттың жай-күйі көрсетілетін, Салық кодексінің 17-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тапсырылатын.
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірмеде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдарының, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген (қоса есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомалары көрсетіледі.
Одан басқа, онда кезеңнің басына, аяғына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар, өсімпұлдар, айыппұлдар бойынша есеп сальдосы; қабылданған, берілген және алып тасталған сальдо көрсетіледі, сондай-ақ анықтама ретінде:
Салық міндеттемелерін орындау мерзімінің өзгеруімен салықтар мен өсімақылар сомасы;
шағымдалу кезеңіндегі және шағымдалған салық тексеруі актісі бойынша есептелген сома көрсетіледі.
Дербес шоттан көшірме салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу туралы ақпарат алу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша беріледі.
Дербес шоттан көшірме салық төлеуші (салық агенті) есепте тұрған салық органының есепке алу бөлімі бастығының қолымен куәландырылады.
Қызмет көрсету тәртібі
Анықтама мен Дербес шоттан көшірмені алу үшін Сіздің тұрғылықты жер, қызметті жүзеге асыру орны немесе немесе орналасқан орны және/немесе салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша аумақтық салық органдарына немесе Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығына баруыңыз қажет.
Анықтама:
Заңды тұлғалар үшін - құрылымдық бөлімшелерінің дербес шоттарының деректерін ескере отырып орналасқан орны бойынша;
Жеке кәсіпкерлер үшін - қызметін жүзеге асыру орны бойынша және/немесе тұрғылықты жері бойынша;
Жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жері бойынша немесе салық салу объектісі орналасқан жер бойынша беріледі.
Дербес шоттан көшірме:
Орналасқан/тұрғылықты орны бойынша;
Қызметін жүзеге асыру орны бойынша;
Салық салу объектісі орналасқан және/немесе тіркелген орын бойынша беріледі.
Белгіленген нысанның өтініш бланкілерін Сіз аумақтық салық органдарынан, сондай-ақ www.nalog.kz, inis.taxkz.kz. web-сайтынан ала аласыз.
Қажетті құжаттар
Анықтама мен Дербес шоттан көшірме тек салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша ғана беріледі, қосымша құжаттар тапсыру талап етілмейді. Бұл ретте, Анықтама беруге өтінішті бергенге дейін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептерді салыстыра тексеру Актісі жасалады .
Есепке алу нысандарын беру мерзімдері:
- Анықтама үш жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға беріледі;
- Анықтама бес жұмыс күні ішінде қалған салық төлеушілерге беріледі;
- үш күндік мерзімнен кешіктірмей Дербес шоттан көшірме беріледі.

Анықтама мынадай жағдайда берілмейді:
Салық төлеуші (салық агенті) және оның құрылымдық бөлімшелері өтініш беру күніне салық есептілігін тапсырмаған жағдайда Анықтама берілмейді. Салық төлеуші (салық агенті) және оның құрылымдық бөлімшелері таратылған жағдайда Анықтама салық тексеруін жүргізгеннен кейін беріледі.
Төлем
Белгіленген нысандағы өтініштердің бланкілерін қоса алғанда, есепке алу нысандарын беру тегін негізде жүзеге асырады.
Сапаның басты көрсеткіштері
Төменде Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша салық қызметі органдары қол жеткізген қызмет көрсетудің сапасы деңгейінің және оларды арттыру үшін қойылған мақсаттардың көрсеткіштері келтірілген
| Сапаның басты көрсеткіштері | Стандарт | 2008 жылы | 2007 жыл |
| Уақтылылығы |
| салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде белгіленеген мерзімде тіркеу жағдайларының % (үлесі) | 98 | 95 | 90 |
| кезекте 20 минуттан кем тұрған тұтынушылардың % (үлесі). | 98 | 95 | 90 |
| құжаттарды ресімдеу, қызмет көрсетулер дұрыс жүргізілген жағдайлардың % (үлесі) | 98 | 95 | 93 |
| кезекте тұру кезіндегі жасалған жағдайлармен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 99 | 98 | 97 |
| Қол жетімділігі |
| жеке кәсіпкер ретінде тіркеу тәртібі туралы ақпараттың сапасымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 98 | 95 | 93 |
| тұтынушы дұрыс толтырған және бірден тапсырылған құжаттардың % (үлесі) | 99 | 99 | 99 |
| Сыпайылылық |
| Персонлдың сыпыйалығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 98 | 95 | 93 |
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
· Егер Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы қызмет көрсетудің сапасы ұнамаса, Сіз мынадай жолмен салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана аласыз не қызмет көрсету жағадайларын және сапасын жақсарту бойынша ұсыныс бере аласыз:
- Аудандық салық комитеттердің төрағаларына тікелей
| Аудандық салық комитеті | Төрағасы | Телефон нөмірі | Бөлмесі |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Нұрғалиев М.М. | 267-15-45 | 204 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Байжанов Н.С. | 298-29-01 | 201 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Бекбердиев А.Л. | 274-65-01 | 511 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Танабаев А.А. | 279-38-37 | 201 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Нұрдәулетов А.Д. | 261-29-64 | 402 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Қабышев А.Ж. | 235-02-32 | 33 |
- Қабылдау орталықтарындаға қызмет көрсетудің сапасы бойынша салық төлеушілердің көзқарасы сауланамасын арнайы бланкін толтыру; толтырылған бланкті шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшікке тастау қажет.
- «Сенім» телефонына жүгіну
| Салық орган атауы | сенім телефонының нөмірі |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті | 8 (3172) 71-79-63 |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-57 |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-40 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 298-29-30 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 274-80-74 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 279-43-30 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 272-11-34 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 235-02-32 |
- call-e-tax@mgd.kz мекен-жайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгіну.
Егер қабылданған шаралар Сізді қанағаттандырмаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияда қарауды талап етсе, Сіз шағымды Алматы қ, Абылайхан даңғ. 93/95 мекен-жайы бойынша Алматы қаласыны бойынша Салық комитетіне жазбаша жібере аласыз.
Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қаралады және ол бойынша шешім ол келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнінің ішінде қабылданады. Сізідің жүгінісіңізді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Сізге бұл туралы жазбаша хабарланады.
Егер Сіз Алматы қаласыны бойынша Салық
комитетінің жауабына қанағаттанбасаңыз, Сіз өзіңіздің хатыңызды Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, мекен-жайы бойынша ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетіне жібере аласыз. Сіздің жүгінісіңізді қарау мерзімі Алматы қаласыны бойынша Салық комитеті үшін белгіленгенмен бірдей.
· Сонымен қатар Сіз келесі телефондар бойынша қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып аудандық Салық комитеті Төрағасының орынбасарына қабылдауға жазыла аласыз
| Салық орган атауы | Төрағаның орынбасарының аты-жөні | Қабылдау бөлмесінің телефондары | Қабылдау уақыты |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | Тастемірова Ж.Ө. | 267-15-54 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Бусова Н.В. | 67-15-43 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Шабунина Н.И. | 298-29-04 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Сидоров П. В. | 274-77-96 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Астаева Т.М. | 279-58-85 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Базаров М.Б. Ошақбаев Т.Т. | 267-71-62 267-69-11 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Исабеков Е.К. | 235-02-32 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жайлар мен телефондар
| Салық орган атауы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының мекен-жайы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының бастығы | Жұмыс уақыты |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 93/95 | Пархоменко Е.Ф. 267-69-79 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Алтынсарин даңғ., 23 | Торыбаева М.А. 298-29-07 Жандарбеков А.Р. 299-67-04 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Айманов даңғ., 191 | Жанболсынов М.М. 274-24-42 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 2 | Пацаева С.К. 279-39-38 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Абылай хан даңғ., 93/95 | Алиева М.М. 272-11-52 Қонысбаев С.Ч. 267-71-92 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Шолохов к-сі, 14 | Ідрішева М.В. 235-06-22 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Егер Сізге қосымша ақпарат қажет болса
· ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз қолданыстағы заңнамалық, нормативтік, құқықтық актілер туралы ақпарат ала ала аласыз, салық органдарының жұмысына түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.