«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 2.2-тармағын орындау үшін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті
ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру;
- жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру;
- салық есептілігін тапсыру;
- Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама және салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алу.
Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
Салық есептілігін табыс ету
Мемлекеттік қызмет көрсетудің Пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсатымыз
Салық қызметі органдары жұмыстарының басты міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын үздіксіз арттырып отыру болып табылады.
Жалпы ережелер
· ҚР Конституциясында айтылған, заңды белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы мен міндеті болып табылады.
· Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық және дұрыс есептеуге, уақтылы төленуіне бақылау салық органына тапсырылатын салық есептілігінде көрсетілетін деректер негізінде жүзеге асырылады.
· Салық есептілігі - бұл салық төлеушінің, салық агентінің салық органына тапсырған және салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілері туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтерді құрайтын жазбаша өтініші және (немесе) электронды құжаты.
· Салық есептілігі салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу жөніндегі декларациядан немесе есептен, оларға қосымшалардан және қосымшалардың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша нысандардан тұрады.
· Салық төлеушілер, салық агенттері салық органдары үшін салық есептілігін сақтау мерзімі:
- салық кезеңі аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде;
- жер қойнауын пайдалануға келісім-шартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде;
Салық есептілігін сақтау мерзімі салық төлеуші, салық агенті талап қою мерзiмi
(5 жыл) күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады
Салық есептілігін тапсыру шарттары
· Салық есептілігі салық төлеушінің, салық агентінің тіркелген жері бойынша салық органына тапсырылады.
·
Салық есептілігін салық төлеуші, салық агенті немесе олардың өкілдері дербес уәкілетті мемлекеттік орган (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті) бекіткен тәртіпте және нысандар бойынша жасайды.
· Алдыңғы жылдардың салық кезеңдері үшін салық есептілігі сол кезеңнің тиісті жылына бекітілген нысан бойынша тапсырылады.
· Салық есептілігінде деректер болмаған кезде оларды ашу үшін тиісті қосымша тапсырылмайды.
Салық есептілігі мынадай жағдайларда салық органына тапсырылмады деп есептеледі:
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс емес көрсетілсе;
- салық кезеңі көрсетілмесе;
- қолы мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптар бұзылса;
- ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті белгілеген электрондық пішіннің құрылымы бұзылса.
Салық есептілігін кім және қандай мерзімдерде тапсырады
· Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлеушілер мен олардың салық есептілігін тапсыру мерзімдері Салық кодексінде айқындалған.
· Мыналар Тарату салық есептілігін тапсырады:
- жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 айдың ішінде - салық кезеңінің басынан бастап қызметін тоқтатқанға дейін жасалған;
- заңды тұлғалар өткізу актiсiн, бөлу немесе тарату балансын бекіту күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде - салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн жасалған.
Салық есептілігін тапсыру тәртібі
· Салық есептілігі салық төлеушінің, салық агентінің қалауы бойынша:
- қағаз тасығыштарда:
өзi келу тәртібімен;
хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
- электронды түрде:
өз офисінен Хабарламаны кепілдендірілген жеткізу жүйесі арқылы;
электрондық цифрлық қолтаңбасы бар магниттік тасығыштарда;
салық органдарының офистерінде орнатылған «Салық төлеуші терминалы» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы.
· Салық есептілігін тапсыру бойынша жалпы талаптарды қоспағанда салық есептілігі оның дұрыс және логикалы жасалуына (камералды бақылау) тексерусіз қабылданады.
Егер Сіз салық есептілігін қағаз тасығыштарда тапсыруды таңдасаңыз
· Салық есептілігі нысанының бланкі уәкілетті мемлекеттік органының (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті) бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес келуі тиіс, оның ішінде есептілік бланкісінің түсіне.
· Салық есептілігі нысанының бланкілерін типографиялық ұйымдарда салық органдарының ғимараттарында арнайы сол үшін бөлінген орындарда сатып алуға болады.
· Салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті (бастығы мен бас бухгалтері) немесе оның уәкілетті өкілі қол қоюы, сондай-ақ салық төлеушінің, салық агентінің немесе оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылуы тиіс.
· Салық есептілігін өзi келу тәртібімен тапсырғанда қабылдау салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында жүзеге асырылады.
· Салық есептілігін қабылдаған кезде Орталық қызметкері салық есептілігіндегі деректемелердің дұрыс толтырылғанын көзбен тексереді. Қызметкер қабылдау күнін, құжаттың кіріс нөмірін, тегі, аты, әкесінің аты және қолын қойғаннан кейін есептіліктің екінші данасы Сізге қайтарылады.
· Өзі келу тәртібімен тапсырылған салық есептілігін тапсыру күні салық органының құжатты қабылдаған күн болып табылады.
· Пошта арқылы жіберілген салық есептілігі тапсыру бойынша белгіленген талаптарға сәйкеспеген жағдайда жазбаша түрде дәлелдей отырып бас тарту жіберу жолымен қайтарылуы тиіс.
· Пошта арқылы жіберілген салық есептілігі егер ол тапсыру үшін белгіленген мерзімнің соңғы күнінің сағат 24-ке дейін пошта ұйымы немесе өзге байланыс ұйымы арқылы тапсырылған болса, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.
Егер Сіз салық есептілігін электронды түрде тапсыруды таңдасаңыз
· Электронды түрде жіберілген салық есептілігі салық органдары беретін салық төлеушінің, салық агентінің электронды цифрлық қолтаңбасымен (криптографиялық кілтпен) куәландырылуы тиіс.
· Салық есептілігі электронды түрде салық органына салық есептілігін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйелерін (СЕЭН АЖ, ҚҚС АЖ, ККАЖ, КМ АЖ) пайдалана отырып жіберіледі.
· Өз офисінен салық есептілігін тапсыру үшін - салық есептілігін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін, оны орнату бойынша нұсқаулықты ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында: www.taxkz.kz. адресі бойынша алуға болады
· «Салық төлеуші терминалы» бағдарламалық қамтамасыз етуі салық органдарының компьютерлік жабдықтарында орнатылған және барлық пайдаланамын деушілерге еркін қол жетімді жерде орналасқан.
· Салық есептілігі электронды цифрлық қолтаңбасы бар магнитті тасығыштарда салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығына тапсырылады.
· Салық есептілігін электронды түрде тапсырған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін тапсырғаны туралы хабарландыруды/растауды Сіз:
- есептілікті ХКЖЖ немесе «Салық төлеуші терминалы» арқылы жіберген кезде - ақпараттық жүйелер арқылы;
- есептілікті ЭЦҚ бар магнитті тасығыштарда тапсырған кезде - Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығының қызметкерінен аласыз.
Хабарландыруды сондай-ақ салық есептілігі жіберілген салық органының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығына барып алуға болады.
· Салық органы электронды түрде тапсырылған салық есептілігін қабылдаған кезде салық есептілігінің тапсыру күні электронды түрде салық есептілігін тапсырғаны туралы хабарландыруда/растауда көрсетілген «ХКЖЖ торабына жеткізілді» мәртебесінің күні болып табылады.
Қалай «электронды» салықө төлеуші болуға болады
· Электронды цифрлық қолтаңба (криптографиялық кілт) алу үшін:
- салық органдарымен электронды құжат алмасу туралы өтініш беру (009.00 нысан);
- салық органымен Электронды құжат алмасу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасасу (009.02 нысан) қажет.
· Электронды цифрлық қолтаңба (криптографиялық кілт) Электронды құжат алмасу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасасқан кезде дискетада беріледі.
· Өтініш беру, Келісім жасасу және электронды цифрлық қолтаңба алу салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органында жүзеге асырылады.
Салық декларациясын тапсыру мерзімі қалай ұзартылады
· Салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсатты салық төлеушінің өтініші негізінде ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті береді. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүгінгенде салық декларациясын ұзарту мерзімі - үш айдан аспайтын уақытқа.
· Электронды түрде салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсатты осы декларацияны тапсыру мерзімі басталғанға дейін табыс етілуі тиіс өтінішті тіркеу орны бойынша салық органына тапсыру жолымен алуға болады.
Электронды түрде салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсат ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті бұйрығының негізінде беріледі.
Егер Сіз тапсырылған салық есептілігіне өзгерістер немесе толықтырулар енгізгіңіз келсе
· Тапсырылған салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы енгізіледі.
· Қосымша салық есептілігі салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген талаптарға сәйкес тапсырылады.
· Салық есептілігінің мазмұны бойынша жіберілген қате (салық салу объектілерін, салық салуға байланысты объектілерді айқындауда, салық және төлемдерді есептеуде) қосымша салық есептілігін тапсыру жолымен жойылады:
- жиынтық мәндер үшін жолы бойынша бұрын тапсырылған салық есептілігіне салыстырғанда анықталған айырма сомасын ғана көрсете отырып;
- әріптік немесе цифрлық мәндер (жиынтық емес) үшін жолдары бойынша өзгертілетін немесе толықтырылатын жолдардың дұрыс мәліметтерін көрсете отырып.
· Салық есептілігін жасау кезінде «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде жіберілген қате дұрыс мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып салық есептілігін тапсырған салық органына осы салық есептілігін кері қайтаруға өтініш беру жолымен жойылады. Салық есептілігін кері қайтаруға өтініштің тәртібі мен түрі www.taxkz.kz. сайтында орналасқан.
Сапаның басты көрсеткіштері
Төменде Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша салық қызметі органдары қол жеткізген қызмет көрсетудің сапасы деңгейінің және оларды арттыру үшін қойылған мақсаттардың көрсеткіштері келтірілген.
| Сапаның басты көрсеткіштері | Стандарт | 2008 жыл | 2007 жыл |
| Уақтылылығы |
| уақтылы салық есептілігін қабылдау және салық сомаларын дербес шоттарға таратып жазу жағдайларының % (үлес) | 90 | 80 | 75 |
| кезекте 20 минуттан кем тұрған тұтынушылардың % (үлесі). | 90 | 85 | 70 |
| Сапасы |
| Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 93 | 85 | 80 |
| кезекте тұру кезіндегі жасалған жағдайлармен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 90 | 85 | 75 |
| Қол жетімділігі |
| Салық есептілігін тапсыру тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 95 | 90 | 80 |
| Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, сол туралы ақпараттый % (үлесі) | 95 | 90 | 80 |
| Шағым жасау процесі |
| Тіркелген жұмыс істеп тұрған жеке тұлғалардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,01 | 0,05 | 0,10 |
| Шағымдарды қарау және шағымдарды белгіленген мерзімде қанағаттандыру жағдайларының % (үлесі) | 100 | 100 | 100 |
| қараудың нәтижелері бойынша шаралар қабылданған негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,01 | 0,05 | 0,1 |
| Сыпайылылық |
| Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 98 | 95 | 90 |
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
· Егер Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы қызмет көрсетудің сапасы ұнамаса, Сіз мынадай жолмен салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана аласыз не қызмет көрсету жағадайларын және сапасын жақсарту бойынша ұсыныс бере аласыз:
- Аудандық салық комитеттердің төрағаларына тікелей
| Аудандық салық комитеті | Төрағасы | Телефон нөмірі | Бөлмесі |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Нұрғалиев М.М. | 267-15-45 | 204 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Байжанов Н.С. | 298-29-01 | 201 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Бекбердиев А.Л. | 274-65-01 | 511 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Танабаев А.А. | 279-38-37 | 201 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Нұрдәулетов А.Д. | 261-29-64 | 402 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Қабышев А.Ж. | 235-02-32 | 33 |
- Қабылдау орталықтарындаға қызмет көрсетудің сапасы бойынша салық төлеушілердің көзқарасы сауланамасын арнайы бланкін толтыру; толтырылған бланкті шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшікке тастау қажет.
- «Сенім» телефонына жүгіну
| Салық орган атауы | сенім телефонының нөмірі |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті | 8 (3172) 71-79-63 |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-57 |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-40 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 298-29-30 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 274-80-74 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 279-43-30 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 272-11-34 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 235-02-32 |
- call-e-tax@mgd.kz мекен-жайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгіну.
Егер қабылданған шаралар Сізді қанағаттандырмаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияда қарауды талап етсе, Сіз шағымды Алматы қ, Абылайхан даңғ. 93/95 мекен-жайы бойынша Алматы қаласыны бойынша Салық комитетіне жазбаша жібере аласыз.
Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қаралады және ол бойынша шешім ол келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнінің ішінде қабылданады. Сізідің жүгінісіңізді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Сізге бұл туралы жазбаша хабарланады.
Егер Сіз Алматы қаласыны бойынша Салық
комитетінің жауабына қанағаттанбасаңыз, Сіз өзіңіздің хатыңызды Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, мекен-жайы бойынша ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетіне жібере аласыз. Сіздің жүгінісіңізді қарау мерзімі Алматы қаласыны бойынша Салық комитеті үшін белгіленгенмен бірдей.
· Сонымен қатар Сіз келесі телефондар бойынша қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып аудандық Салық комитеті Төрағасының орынбасарына қабылдауға жазыла аласыз
| Салық орган атауы | Төрағаның орынбасарының аты-жөні | Қабылдау бөлмесінің телефондары | Қабылдау уақыты |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | Тастемірова Ж.Ө. | 267-15-54 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Иманғожин А.О. | 267-69-76 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Тәліпова И.Р. Бірбаев Н.И. | 298-29-03 298-29-04 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Сидоров П. В. Жартыбаев Н.Р. | 274-77-96 274-79-45 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Салиғазиев А.А. Ідрісова А.И. | 279-75-73 279-94-68 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Базаров М.Б. Ошақбаев Т.Т. | 267-71-62 267-69-11 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Исабеков Е.К. Бектемісов Н.Б. | 235-02-32 236-69-14 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жайлар мен телефондар
| Салық орган атауы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының мекен-жайы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының бастығы | Жұмыс уақыты |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 93/95 | Исмағұлова Б.Х. 267-15-66 Ісбаев М.Х. 272-11-65 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Алтынсарин даңғ., 23 | Ли Г.Ф. 298-29-15 Сейсенбаев Б.М. 298-29-36 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Айманов даңғ., 191 | Асқарова Э.Р. 274-80-30 Жазылбеков Б.Н. 274-14-12 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 2 | Сағындықова А.К. 279-29-54 Ахметқалиев К.С. 279-43-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Абылай хан даңғ., 93/95 | Аманова Ж.Б. 272-80-79 Мәмісейіт Н.Т. 261-52-62 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Шолохов к-сі, 14 | Юсупова А.М. 235-32-61 Арашапов Е.К. 235-86-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Егер Сізге қосымша ақпарат қажет болса
· ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз қолданыстағы заңнамалық, нормативтік, құқықтық актілер туралы ақпарат ала ала аласыз, салық органдарының жұмысына түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.