ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 2.2-тармағын орындау үшін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру;
- жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру;
- салық есептілігін тапсыру;
- Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама және салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алу.
Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЛЫҚ КОМИТЕТІ
Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының
салық төлеушілерін тіркеу
Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудың пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсат
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсынудың сапасын үнемі арттыру салық қызметі органдарының жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Салық төлеушілерді тіркеу
не үшін жүргізіледі?
· Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгіленген мерзімдерде және толық көлемде төлеудің міндеттілігі ҚР салық заңнамасының негізгі қағидатының бірі болып табылады.
· Салықтардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік дерекқор жүйесіне (ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімі) енгізу жолымен салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу жүргізіледі.
· ҚР-да салық төлеуші ретінде тіркеуден ҚР-ның салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеу бойынша міндеттеме таралатын жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде резидент еместер міндетті түрде өтуі тиіс.
· Салық мiндеттемесi - бұл салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептiлiгiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
· Салық төлеуші ретінде тіркеу мыналарды қамтиды:
- Салық міндеттемесі алғаш рет туындаған кезде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуді. Салық төлеушiлердi мемлекеттік тiркеу - бұл салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу. Салық төлеушілер мемлекеттік тіркеуден өткен кезде салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) алады және оған ҚР салық төлеушісінің куәлігі беріледі.
- Тiркеу есебiн - бұл салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару. Басқа салық комитетінде тіркеу есебіне қою үшін (қызметті жүзеге асыру орны, тұрғылықты жері, болу орны немесе салық салынатын объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны өзгерген кезде), Сіз 20 жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асырудың жаңа орны, тұрғылықты жері, болу орны немесе салық салынатын объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша салық органына бұрын берілген СТН-ді көрсете отырып, тіркеу есебіне қою туралы өтініш береді.
· Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау салық мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына байланысты уәкiлеттi органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен жүзеге асырылады.
Жеке тұлағалар мынадай себептер бойынша:
1) қайтыс болуы;
2) қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күшіне енуі.
Заңды тұлғалар мынадай себептер бойынша:
1) толық таратылғанда;
2) қосу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу, бөліну жолымен толық қайта ұйымдастырылғанда.
· ҚР резидент еместерін Салық төлеушiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау:
1) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместерді Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне және салық міндеттемелерін (орындауға меншік, жерді пайдалану, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты құқық тоқтатылған жағдайда
2) резидент банктерде ағымдық шоттарын және карт-шоттарын ашатын резидент еместердің банктегі шоты жабылған жағдайда;
3) жоғарыда (1-2-тармақтар) көрсетілгендерді қоспағанда, мемлекеттік тіркелуге жататын резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
· Салық төлеушіні Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару мынадай:
- заңды тұлға әрекетсіз (корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны белгiленген беру мерзiмiнен бiр жыл өткеннен кейiн бермеу) және оның тіркеу нөмірі сақтала отырып, салық берешегі болмаған;
- салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргізіледі.
· Салық төлеушінің куәлігі нде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда (мысалы, салық төлеушінің атауы) салық төлеушінің бұрынғы тіркеу нөмірі сақтала отырып, бұрын берілген Салық төлеушінің куәлігі жойылады және Сізге өзгертілген деректермен Салық төлеушінің куәлігі беріледі.
· Тұрғылықты жер (орналасқан орын) өзгерген жағдайда, Салық төлеушінің куәлігі ауыстырылмайды.
Тіркеуден және тіркеу
есебінен өту үшін жүгінудің
мерзімдері мен орны
Заңнамада тіркеуден өтудің мынадай міндетті мерзімдері белгіленген:
Егер Сіз Қазақстан Республикасының табыс алушы не жеке кәсіпкер азаматы болып табылсаңыз:
· Сіз салық міндеттемесі туындаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органында (Салық органдарының ақпартты қабылдау және өңдеу орталығы арқылы) мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттісіз.
Егер Сіз резидент емес жеке тұлға болып табылсаңыз және:
- ҚР Салық кодексінің 192-бабы
2-тармағының шарттарына сәйкес келетін табыс түрлерін алсаңыз (жапсырманы қара), не ҚР-да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырсаңыз және арнаулы салық режимін қолдансаңыз;
- ҚР-да резидент банктерде ағымдағы шот және карт-шот ашуға ниет білдірсеңіз;
- ҚР-да салық салынатын объектіге иелік етуге құқығыңыз болса;
- ҚР резиденттері шығарға бағалы қағаздарды және ҚР резидент еместері шығарға акцияларды сату кезінде құнның өсімінен табастар алсаңыз:
Сіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап, ҚР-да салық салынатын объектіге иелік ету құқығы пайда болған немесе қазақстандық банктерде шот ашуға дейін 30 жұмыс күні ішінде жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін салық органында мемлекеттік тіркеуден:
ü ҚР-да болу орны бойынша;
ü салық салынатын объектілердің, салық салумен байланысты объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша:
- жылжымайтын мүлік (жер) үшін - олардың нақты орналасқан орны;
- көлік құралдары үшін - көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу орны, ал мұндай болмаған кезде - мүлік иесінің орналасқан орны (тұрғылықты жері).
ü кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша;
ü резидент банктің орналасқан орны бойынша - ҚР-да резидент банктерде ағымдағы шоттар және карт-шоттар ашылған жағдайда;
ü мүлігі сатылған акциялар, резидент емес заңды тұлғаның қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 % астамын құрайтын эмитентрезидентті немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша - бағаларды қағаздарды сату кезінде құнының өсімінен табыстар алынған жағдайда өтуге міндеттісіз.
Егер Сіз - шетелдік азамат және азаматтығы жоқ тұлға ҚР-ның резиденттері және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылсаңыз:
· Сіз мемлекеттік тіркеуден ҚР резиденттігін алған сәтте тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органында өтуге міндеттісіз.
Егер Сіз заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, соның ішінде ҚР-да қызметті тұрақты мекеме құрумен жүзеге асырушы резидент емес болып табылсаңыз:
· Сіз салық органында мемлекеттік тіркеуден статистика жөніндегі уәкілетті орган берген хабарламаның негізінде, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күінінде өтуге міндеттісіз.
Резидент еместер салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден ҚР-да қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өтуге міндетті.
Егер Сіз салық салынатын объектілерге иелік етуші немесе ҚР-ның резиденттері шығарған бағалы қағаздарды және ҚР-ның резидент еместері шығарған акцияларды сату кезінде құнның өсімінен табыс алған немесе ҚР-да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, салық салынатын объектіге иелік ету құқық туындаған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде шот ашатын немесе қазақстандық банктерде:
ü мүлігі сатылған акциялар, резидент емес заңды тұлғаның қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 % астамын құрайтын эмитентрезидентті немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша;
ü резидент банктің орналасқан орны бойынша - ҚР-да резидент банктерде ағымдағы шоттар және карт-шоттар ашылған жағдайда;
ü салық салынатын объектілердің, салық салумен байланысты объектілердің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша:
- жылжымайтын мүлік (жер) үшін - олардың нақты орналасқан орны;
- көлік құралдары үшін - көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу орны, ал мұндай болмаған кезде - мүлік иесінің орналасқан орны (тұрғылықты жері) бойынша шотты ашқанға дейінгі резиден емес заңды тұлға болып табылатын болсаңыз.
· Тіркеу есебіне қою немесе тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін барлық салық төлеушілер тіркеу есебіне қою бойынша талап пайда болған сәттен бастап не өзгерістер туындаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өтініш беруге міндетті.
Тіркеуге, тіркеуден шығаруға
өтініштерді беру
тәртібі
ҚР салық төлеушілерін мемлекеттік тіркеу
· Тіркеуден өту және (немесе) тіркеу есебіне қою үшін Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарына мынадай құжаттар беріледі:
Резидент жеке тұлғалар үшін:
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Көшірмелерін беру қажет құжаттардың тізбесі (* белгісі, құжаттардың көшірмесін нотариуста куәландыру қажет екенін білдіреді, ** белгісі құжат тек қана тұрғылық жер өзгерген кезде берілетіндігін білдіреді): |
| Жеке тұлғаны куәландыратын құжат; | ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік * | Олар бар болған кезде салық салынатын объектілерге құқықты растайтын құжат | ҚР салық төлеушісінің куәлігі немесе азаматтығы елінде салық тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі | ҚР-да болу мерзімін және орнын белгілейтін құжаттар | Мүлікті ҚР-на кіргізген кезде кедендік декларациялар | Тұрғылық жерінің өзгергенін растайтын құжат немесе жаңа тұрғылықты жері туралы тіркеуші орган анықтамасының көшірмесі** |
| Резидент жеке тұлғалар | 001.00 | ü | | ü | ü | | | ü |
| Жеке кәсіпкерлер (ЖК) | 001.00 | | ü | | | | | |
| Бірлескен кәсіпкерлік (БК) нысанындағы жеке кәсіпкерлер | 002.00 | ü (БК барлық мүшелерінің) | | | ü (БК барлық мүшелерінің) | | | |
Резидент емес жеке тұлғалар үшін:
| | Көшірмелерін беру қажет құжаттардың тізбесі |
| Жеке тұлғаны куәландыратын құжат; | ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік * | Олар бар болған кезде салық салынатын объектілерге құқықты растайтын құжат | ҚР салық төлеушісінің куәлігі немесе азаматтығы елінде салықтық тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі | Мүлікті ҚР-на кіргізген кезде кедендік декларациялар | Резидент еместен ҚР-да қызметті жүзеге асыруға өкілеттіліктер беруге шарт |
| Салық салынатын объектілерге иелік етуші жеке тұлғалар | 003.00-нысан | ü | ü | ü | ü | |
| Қызметті резидент еместің атынан жүзеге асыратын жеке тұлғалар | 003.00-нысан | ü | | ü | | ü |
| Құнның өсімінен табыстар алатын жеке тұлғалар | 003.00-нысан | ü | ü | ü | | |
| Резидент банктерде шот ашатын жеке тұлғалар | 003.00-нысан | ü | | ü | | |
Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер үшін
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Көшірмелерін беру қажет құжаттардың тізбесі (* белгісі, құжаттардың көшірмесін нотариуста куәландыру қажет екенін білдіреді) |
| Тұлғаның басшысын тағайындау туралы бұйрық | Бюджетпен есеп-айырысулар бойынша жауапты қызметкерді тағайындау туралы бұйрық | Заңды мекен-жайды растайтын құжат | Құрылтайшы құжаттардың немесе құрылымдық бөлімше туралы ереженің көшірмелері * | Белгіленген тәртіппен мемлекеттік немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен филиалдың, өкілдіктің басшысына (бсқарушысына) немесе оның орынбасарына резидент емес заңды тұлға берген сенімхат, |
| Заңды тұлғалар | 004.00-нысан | | ü | ü | ü | |
| Заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері | 006.00-нысан | ü | ü | ü | ü | |
| ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға резидент емес заңды тұлғалар | 005.00-нысан | ü | ü | ü | ü | ü |
Резидент емес заңды тұлғалар үшін
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Көшірмелерін беру қажет құжаттардың тізбесі ((* белгісі, құжаттардың көшірмесін нотариуста куәландыру қажет екенін білдіреді, ** белгісі, құжат тек қана өкілдіктердің қызметкерлерін тіркеу кезінде берілетіндігін білдіреді) |
| Салық салынатын объектіге құқықты және оның ҚР-да тіркелгенін растайтын құжаттар * | Мүлікті ҚР-на кіргізу кезіндегі кедендік декларация | Инкорпорация елінде салықтық тіркеуді растайтын құжат | Резидент еместен Қр-да қызметті жүзеге асыруға өкілеттіліктер беруге шарт | ҚР СІМ-нің Өкілдіктердің аккредиттелгендігін және оның орналасқан жерін растайтын хаты | Өкілдіктің қызметкердің болу орнын көрсетумен хаты ** | Түпнұсқасын берумен дипломатиялық карточка ** |
| Салық салынатын объектілерге иелік ететін заңды тұлғалар | 005.00-нысаны | ü | ü | ü | | | | |
| Қызметті резидент еместің атынан жүзеге асыратын заңды тұлға | 005.00-нысаны | | | ü | ü | | | |
| Құнның өсімінен табыстар алатын заңды тұлғалар | 005.00-нысаны | | | ü | | | | |
| Резиден банктерде шот ашатын заңды тұлағалар | 005.00-нысаны | | | ü | | | | |
| ҚР-да аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері | 005.00-нысаны | | | | | ü | ü | ü |
· Салық төлеушілер өтініштің бланкісін салық органдарында баспаханалық ұйымдарға сату үшін арнайы белгіленген орындардан сатып ала алады.
· Өтінішке салық төлеуші қол қояды және мөрімен куәландырады (бар болғанда). Жеке тұлға салық төлеуші болмаған не әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда өтінішке оның өкілі қол қояды және куәаландырады.
· Салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезде Салық төлеушілердің куәліктерін беруді тіркеу журналында қол қойдырып ҚР салық төлеушісінің куәлігі беріледі.
Жеке тұлғалар үшін Заңды тұлғалар үшін
· Куәліктің телнұсқасы ҚР салық төлеушісінің куәлігі бүлінген немесе жоғалтылған кезде беріледі.
· Куәліктің телнұсқасын алу үшін тіркеу (тұрғылықты, орналасқан, болу) орны бойынша салық органына өтініш беріледі, Куәлік бүлінген жағдайда оның бүлінген бланкісі қоса беріледі.
· Тіркеу деректерін өзгерту үшін «Тіркеу деректерін өзгерту» операция түрін көрсетумен және аталған өзгерістерді оастайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берумен тіркеу туралы өтініш беру қажет.
Тіркеу есебінен шығару (Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шығарып тастау)
· Тіркеу есебінен шығу (Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шғарып тастау) үшін мынадай құжаттар беріледі:
Резидент жеке тұлғалар үшін
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Құжаттардың тізбесі |
| Салық төлеушінің куәлігі (телнұсқа) | ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (телнұсқа) | Салыстырып тексеру актісін алуға өтініш |
| Физические лица - резиденты | 007.00 | ü | | | |
| Индивидуальные предприниматели | 007.00 | ü | ü | ü | ü |
Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер үшін
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Құжаттардың тізбесі |
| Салық төлеушінің куәлігі (телнұсқа) | ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (телнұсқа) | Қызметті тоқтату туралы уәкілетті орган бұйрығының не сот шешімінің көшірмесі | Филиалдар мен өкілдіктердің қызметін тоқтату туралы өкім жүргізетін құжаттардың көшірмелері |
| Резидент заңды тұлғалар | 008.00 | ü | ü | ü | |
| Резидент заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері | 008.00 | ü | ü | | ü |
| Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар | 008.00 | ü | ü | ü | ü |
Резидент еместер үшін:
| Салық төлеушілердің санаттары | Өтініштің нысаны | Құжаттардың тізбесі |
| Салық төлеушінің куәлігі (телнұсқа | Салық салынатын объектілерге құқығының тоқтатылғанын растайтын құжат | Қазақстандық банктің банктегі шотты жабуы туралы шоты | Келісім-шарттың қолданысы тоқтатылғанын растайтын құжат немесе орындалған жұмыстар актісі | Салыстырып тексеру актісін алуға өтініш | Салық тексеруінің актісі | ҚҚС куәлігі (телнұсқа) |
| ҚР-да салық салынатын объектілерге иелік ететін резидент емес жеке және заңды тұлғалар | 007.00 немесе 008.00 | ü | ü | | | ü | | |
| Резидент банктерде шоттары бар резидент емес жеке және заңды тұлғалар | 007.00 немесе 008.00 | ü | | ü | | | | |
| Резидент еместің атынан ҚР-да қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар | 007.00 немесе 008.00 | ü | | | ü | ü | ü | ü |
| ҚР-да қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға | 007.00 | ü | | | ü | ü | | ü |
Салық органдарының қызмет көрсетуді ұсыну мерзімі
· Салық органдарында мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне қою салық төлеуші өтініш берілген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
· ҚР салық төлеушісі куәлігінің телнұсқасы телнұсқаны беруге өтініш берілген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
· Тіркеу есебінен шығару ҚР заңнамасында көзделген (қайтыс болу, қайтыс болды деп жариялау және т.с.с.) жағдайларды қоспағанда, есептен шығару туралы өтініш берілген және салық міндеттемелері орындалған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Төлем
· ҚР салық төлеушілері ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсетуді салық органдары тегін негізде жүзеге асырады.
· Мемлекеттік тіркеу үшін алым:
1) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде:
- жеке және (немесе) бірлескен кәсіпкерлік түріндегі заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жеке тұлғаларды мемлекеттік тiркеу кезiнде;
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу кезінде;
2) заңды тұлғаларды тіркеу кезінде:
- заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу;
- Мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу кезiнде алынады.
· Алым сомасы:
1) жеке кәсіпкерлер үшін:
- жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін - алымды төлеу күні қолдагыстағы 4 еселенген АЕК (2007 жылы - 4 368 теңге (1 092 (АЕК)* 4));
- Куәліктің телнұсқасын алу үшін- алым сомасынан 25% (немесе 1 АЕК - 1 092 теңге).
2) заңды тұлғалар үшін:
- мемлекеттік (есептік) тіркеу үшін - алымның сомалары санатына байланысты ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1160 қаулысында белгіленген;
- Куәліктің телнұсқасын алу үшін - 50 теңге құрайды.
· Алым тіркеуге құжаттарды не Куәліктің телнұсқасын алуға өтінішті бергенге дейін төленеді.
· Мындай жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым төленбейді::
- шаруа (фермер) қожалықтары;
- I, II және III-топтағы мүгедектер;
- ҚР азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар).
Жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қосымша қызмет көрсетулер
| · ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті сайтының inis@taxkz мекен-жайы бойынша «ҚР салық төлеушілерінің тізілімі» бөлімінде Сіз мынадай салық төлеушіленрдің тізбесін көріп шыға аласыз:
- салық органдарында тіркеу есебінде тұрған; - ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліменен шартты түрде шығарылған; - соттар жалған кәсіпорындар деп таныған. |