ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 2.2-тармағын орындау үшін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру;
- жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру;
- салық есептілігін тапсыру;
- Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама және салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алу.
Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЛЫҚ КОМИТЕТІ
Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
Жеке кәсіпкердің
арнаулы салық режимін
қолдануына патент беру
Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудың пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсат
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсынудың сапасын үнемі арттыру салық қызметі органдарының жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жалпы ережелер
· Патент негізіндегі шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі жеке кәсіпкерлер үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік және жеке табыс салықтарын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгідейді.
· Басқа салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
· Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшіндегі табыс салық салу объектiсi болып табылады.
· Патенті жеке кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Патент негізіндегі
арнаулы салық режимін қолданудың шарты
· Патент негiзіндегі арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын
3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
· Бюджетпен есеп айрысуды патент негізінде жүзеге асыратын жеке тұлғалар (акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратындардан басқа) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылады.
· Қызметін әртүрлi елдi мекендерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
· Патент негізіндегі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын
5) жер қойнауын пайдаланатын
6) төменде көрсетілгендерді қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлерiне қолданылмайды.
Патентті беру тәрітібі
· Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін Сізге оны қолдануды бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша Салық органының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына ҚР ҚМ Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 657 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш беру қажет.
· Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша Салық органының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығынан патентті алу үшін мынадай құжаттар:
1. Жеке кәсіпкерлерге арналған патентті қолдануға өтініш (912.00 нысаны)
912.00 нысанын жасау ережесі ҚР ҚМ Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы
13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.
2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
3. Бюджетке патенттің құнын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төленгенін растайтын құжаттар.
4. Лицензиялауға жататын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда, осындай қызмет түрімен айналысуға лицензия.
· Егер патентті алуға өтініш электронды түрде берілсе, онда аталып өткен басқа құжаттар берілмейді.
· Кезекті патентті алу үшін өтініш алдыңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
· Арнаулы салық режимін қолдануға өтініштің бланкісін Сіз Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында тегін ала аласыз, ал патент алуға өтініштің бланкісін салық органдарында баспаханалық ұйымдарға сату үшін арнайы белгіленген орындардан сатып аласыз.
· Өтінішке салық төлеуші қол қояды және мөрімен куәландырады (бар болғанда). Жеке тұлға салық төлеуші болмаған не әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда өтінішке оның өкілі қол қояды және куәаландырады.
Патенттің үлгісі
· Патентті алған кезде Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы Жеке кәсіпкерлерге берілген патенттерді тіркеу журналына қол қою қажет.
· Патент кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Патенттің құны
Жеке кәсіпкер, патенттің құнын есептеуді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды есепке алмай, мәлімделген (болжанған) кіріске 2% мөлшеріндегі ставканы қолдана отырып, өзі жүргізеді.
· Патент құнының есептелген сомасы бюджетке мынадай:
жеке табыс салығы - патент құнының ½ бөлігі мөлшеріндегі;
әлеуметтік салық - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың сомасын шегерумен, патент құнының ½ бөлігі мөлшеріндегі түрінде төленуі тиіс.
· Патенттің құнымен қоса бір мезгілде:
1) жинақтаушы зейнетақы қорына мәлiмдейтiн кiрiстің 10% мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес міндетті зейнетақы жарналарын
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына алынатын кірістен 3% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қабылданатын кірістің мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының мөлшеріне теңестіріледі.
· Егер нақты кіріс патентті алу кезінде мәлімделген кірістен асып түссе, кәсіпкерге
5 жұмыс күні ішінде асып түсу сомасын мәлімдеу және осы сомадан салықтар төлеу қажет. Салық төлеушінің өтініші бойынша оған бұрын берілген патенттің орнына нақты кірісті көрсетумен жаңа патент беріледі.
· Егер нақты кіріс патентті алу кезінде мәлімделген кірістен төмен болса, салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық тексеруден кейін патенттің артық төленген сомасын қайтару жүргізіледі.
Салық органдарының қызмет көрсетуді ұсынуының мерзімі
Жеке кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру өтінішті және жоғарыда аталған құжаттарды бергеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қосымша қызмет көрсетулер
| Патент негізіндегі арнаулы салық режимі туралы қажетті ақпаратты Сіз ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті сайтының «Кәсіпкерлерге арналған жолнұсқаушы» бөлімінде www.nalog.kz мекен-жайы бойынша ала аласыз. |  |
Сапаның басты көрсеткіштері
Төменде Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша салық қызметі органдары қол жеткізген қызмет көрсетудің сапасы деңгейінің және оларды арттыру үшін қойылған мақсаттардың көрсеткіштері келтірілген.
| Сапаның басты көрсеткіштері | Стандарт | 2008 жылы | 2007 жыл |
| Уақтылылығы |
| жеке кәсіпкерлерге арналған патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға патентті уақтылы беру жағдайларының % (үлесі) | 97 | 95 | 90 |
| кезекте 20 минуттан кем тұрған тұтынушылардың % (үлесі). | 95 | 93 | 85 |
| Сапасы |
| қызмет көрсетуді ұсыну процесімен қанағаттанған жағдайлардың % (үлесі) | 97 | 95 | 90 |
| кезекте тұру кезіндегі жасалған жағдайлармен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 97 | 95 | 90 |
| Қол жетімділігі |
| жеке кәсіпкерлерге арналған патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға патентті беру тәртібі туралы ақпараттың сапасымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 98 | 96 | 95 |
| олар туралы ақпарат Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің % (үлесі) | 97 | 95 | 90 |
| Шағым жасау процесі |
| патент негізіндегі арнаулы салық режимінде жұмыс істейтін тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,001 | 0,01 | 0,01 |
| Шағымдарды қарау және шағымдарды белгіленген мерзімде қанағаттандыру жағдайларының % (үлесі) | 100 | 100 | 100 |
| қараудың нәтижелері бойынша шаралар қабылданған негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,001 | 0,01 | 0,01 |
| Сыпайылылық |
| Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 99 | 96 | 95 |
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
· Егер Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы қызмет көрсетудің сапасы ұнамаса, Сіз мынадай жолмен салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана аласыз не қызмет көрсету жағадайларын және сапасын жақсарту бойынша ұсыныс бере аласыз:
- Аудандық салық комитеттердің төрағаларына тікелей
| Аудандық салық комитеті | Төрағасы | Телефон нөмірі | Бөлмесі |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Нұрғалиев М.М. | 267-15-45 | 204 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Байжанов Н.С. | 298-29-01 | 201 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Бекбердиев А.Л. | 274-65-01 | 511 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Танабаев А.А. | 279-38-37 | 201 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Нұрдәулетов А.Д. | 261-29-64 | 402 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Қабышев А.Ж. | 235-02-32 | 33 |
- Қабылдау орталықтарындаға қызмет көрсетудің сапасы бойынша салық төлеушілердің көзқарасы сауланамасын арнайы бланкін толтыру; толтырылған бланкті шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшікке тастау қажет.
- «Сенім» телефонына жүгіну
| Салық орган атауы | сенім телефонының нөмірі |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті | 8 (3172) 71-79-63 |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-57 |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-40 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 298-29-30 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 274-80-74 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 279-43-30 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 272-11-34 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 235-02-32 |
- call-e-tax@mgd.kz мекен-жайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгіну.
ü Егер қабылданған шаралар Сізді қанағаттандырмаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияда қарауды талап етсе, Сіз шағымды Алматы қ, Абылайхан даңғ. 93/95 мекен-жайы бойынша Алматы қаласыны бойынша Салық комитетіне жазбаша жібере аласыз.
Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қаралады және ол бойынша шешім ол келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнінің ішінде қабылданады. Сізідің жүгінісіңізді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Сізге бұл туралы жазбаша хабарланады.
Егер Сіз Алматы қаласыны бойынша Салық
комитетінің жауабына қанағаттанбасаңыз, Сіз өзіңіздің хатыңызды Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, мекен-жайы бойынша ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетіне жібере аласыз. Сіздің жүгінісіңізді қарау мерзімі Алматы қаласыны бойынша Салық комитеті үшін белгіленгенмен бірдей.
· Сонымен қатар Сіз келесі телефондар бойынша қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып аудандық Салық комитеті Төрағасының орынбасарына қабылдауға жазыла аласыз
| Салық орган атауы | Төрағаның орынбасарының аты-жөні | Қабылдау бөлмесінің телефондары | Қабылдау уақыты |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | Тастемірова Ж.Ө. | 267-15-54 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Иманғожин А.О. | 267-69-76 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Бірбаев Н.И. | 298-29-05 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Жартыбаев Н.Р. | 274-79-45 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Ідрісова А.И. | 279-94-68 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Ошакбаев Т.Т. | 267-69-11 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Бектемісов Н.Б. | 236-69-14 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жайлар мен телефондар
| Салық орган атауы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының мекен-жайы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының бастығы | Жұмыс уақыты |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 93/95 | Ісбаев М.Х. 272-11-65 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Алтынсарин даңғ., 23 | Сейсенбаев Б.Н. 298-29-36 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Айманов даңғ., 191 | Жазылбеков Б.Н. 274-14-12 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 2 | Ахметқалиев К.С. 279-43-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Абылай хан даңғ., 93/95 | Мәмісейіт Н.Т. 261-52-62 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Шолохов к-сі, 14 | Арашапов Е.К. 235-86-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Егер Сізге қосымша ақпарат қажет болса
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз қолданыстағы заңнамалық, нормативтік, құқықтық актілер туралы ақпарат ала ала аласыз, салық органдарының жұмысына түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.