ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығының 2.2-тармағын орындау үшін және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу;
- қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға патент беру;
- жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру;
- салық есептілігін тапсыру;
- Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы анықтама және салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан көшірме жазба алу.
Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ САЛЫҚ КОМИТЕТІ
Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу .
Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудың пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсат
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсынудың сапасын үнемі арттыру салық қызметі органдарының жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Жеке кәсіпкердерді тіркеу не үшін жүргізіледі?
· Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгіленген мерзімдерде және толық көлемде төлеудің міндеттілігі ҚР салық заңнамасының негізгі қағидатының бірі болып табылады.
· Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрусыз жүзеге асыратын жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептеуі мен уақтылы төлеуіне бақылауды жүзеге асыру үшін осындай тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүргізіледі;
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу салық төлеушілер туралы мәліметтерді салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік дерекқор жүйесіне (ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімі) енгізу және Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру жолымен жүзеге асырылады.
· Жеке кәсіпкер ретінде, салық органдарында ҚР салық төлеушілері ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен тұлғалар (ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген) ғана, тіркеуден өте алады. Жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрусыз жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келу сипатында болады және тұрғылық жері бойынша аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.
· Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден мынадай жеке тұлғалар міндетті түрде өтуі тиіс:
- тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдалантындар;
- жеке кәсіпкерліктен ҚР заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен* асып түсетін мөлшерде ҚР салық заңнасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы барлар.
* 2007 жылы салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшері 117 024 теңге (9 752 теңге (ЕТЖ) * 12 ай) құрайды.
Ең төмеңгі жалақы (ЕТЖ) «Әрбір есепті жылға арналған республикалық бюджетті бекіту туралы» ҚР Заңында бекітіледі.
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден оларды тіркеу үшін белгіленген шарттарға қарамастан салық төлеушінің өз қалауы бойынша жеке тұлғалар өте алады.
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу салық төлеушінің қалауы бойынша мынадай түрде жүргізілуі мүмкін:
- дара кәсіпкерлік;
- бірлескен кәсіпкерлік.
· Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
· Бірлескен кәсіпкерлік - жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
- ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
- шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
- жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады..
Төлем
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсетуді салық органдары тегін негізде жүзеге асырады.
· Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттік тiркегенi үшiн алым:
- жеке және (немесе) бірлескен кәсіпкерлік түріндегі заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жеке тұлғаларды мемлекеттік тiркеу кезiнде;
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады;
· Алым сомасы:
- жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін - алымды төлеу күнінде қолданыстағы
4 еселенген АЕК-ті, (2007 жылы - 4 368 теңге ( 1 092 (АЕК) * 4));
- Куәліктің телнұсқасын алу үшін- алым сомасынан 25% (немесе 1 АЕК - 1 092 теңге) құрайды.
· Алым жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге құжаттарды не Куәліктің телнұсқасын алуға өтінішті беруден бұрын төленеді.
· Мыналар:
- шаруа (фермер) қожалықтары;
- I, II және III топтағы мүгедектер,;
- заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
Жеке кәсіпкерлерді тіркеу мерзімдері және орны
· Жеке кәсіпкерді тіркеу қажетті құжаттар ұсынылған соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады:
- дара кәсіпкерлік нысанында - салық органы жеке тұлғаның тұрғылық жері бойынша;
- бірлескен кәсіпкерлік нысанында - салық органы уәкілетті тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.
· Бірлескен кәсіпкерлік кезіндегі уәкілетті орган - бірлескен кәсіпкерліктің үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынасында мүддесін білдіруге уәкілеттендірілген тұлға.
· Тіркеу есебіне қою үшін жеке кәсіпкер қызметті жүзеге асыру басталған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына өтініш беруге міндетті.
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге берілген өтініште көрсетілген мәліметтерді өзгерту үшін осындай өзгерістер пайда болған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректерді өзгертуге өтініш беру қажет. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген деректер өзгерген кезде жеке кәсіпкер қайта тіркеуден өтуді және жаңа куәлік алуды жүзеге асыруға міндетті. Қызметті жүзеге асыру орны өзгерген кезде жеке кәсіпкер қызметті жүзеге асырудың жаңа орны бойынша салық органына 20 жұмыс күні ішінде тіркеу есебіне қою туралы өтініш береді.
· Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібінде жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге және есептен
шығаруға өтініш берудің тәртібі
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу
· Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарына келу тәртібімен:
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 379 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтініш;
- жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (алымның төленгені туралы квитанция) беріледі.
· Сіз Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтініштердің бланкілерін Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарынан тегін ала аласыз.
Өтінішке салық төлеуші қол қояды және мөрімен куәландырады (бар болғанда).

| Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы туралы куәлікті салық органы құжаттар ұсынылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Куәліктің нысаны ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген. · Куәлікті алған кезде Сізге Салық органдырының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы Берілген куәліктерді есепке алу журналына қол қою қажет. |
· Куәлікті ауыстыру салық төлеушінің атауы (аты-жөні) өзгерген жағдайда ғана мүмкін.
· Куәлікті ауыстыру үшін салық органына «деректер өзгерген кезде» жолына белгі қойып және дұрыс мәліметтерді көрсетумен, сондай-ақ бұрын берілген Куәлікті (Куәліктің телнұсқасын) қоса бере отырып, Куәлікті алуға өтініш беру қажет.
· Куәліктің телнұсқасы Куәлік бүлінген және жоғалған жағдайда беріледі..
· Куәліктің телнұсқасын алу үшін еркін нысанда өтініш, Куәлік бүлінген жағдайда өтінішке оның бүлінген бланкісі қоса беріледі.
Егер Сіз бірлескен кәсіпкерлік түрінде тіркелсеңіз
· Тіркеуден өту үшін бірлескен кәсіпкерлікті тіркеуге өтінішті үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста мүддені білдіруге уәкілеттендірілген тұлға береді. Өтінішке қосымша 002.00 нысаны тіркеу туралы өтініш қоса беріледі.
· Тіркеу кезінде Сізге бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің салық төлеушінің тіркеу нөмірінен (СТН) ерекшеленетін жаңа СТН беріледі.
· Куәлік уәкілетті тұлғаға беріледі. Куәлікке салық органының басшысы куәландырған бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
Егер Сіз қызметті уақытша тоқтата тұрғыңыз келсе
· Қызметті уақытша тоқтата тұру үшін тіркеу орны бойынша салық органына ҚР қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 666 бұйрығында белгіленген нысан бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш беріледі.
· Өтінішпен қоса салық кезеңінің басынан бастап қызмет тоқтатылатын кезеңге дейін жасалған салық есептілігін табыс ету қажет.
· Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтінішті:
- шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;
- жеке нотариустар;
- адвокатар бере алады.
· Өтініш кез-келген бірақ 12 айлық кезеңнен аспайтын мерзімге беріле алады.
· Салық органы өтінішті алған кезде Сізге 5 жұмыс күні ішінде мынадай хабарламаның бірін жібереді:
- қызметті уақытша тоқтата тұру туралы;
- қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы.
· Қызмет уақытша тоқтатыла тұрған уақыт кезеңінде салық есептілігі табыс етілмейді.
· Қызметті уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама мынадай жағдайда:
- салық берешегі бар болғанда;
- салық кезеңінің басынан бастап қызметті уақытша тоқтат тұру күніне дейін кезең үшін салық есептілігі табыс етілмегенде жіберіледі
ҚҚС төлеушілер бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру кезеңіне ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатыла тұрады.
Жеке кәсіпкер ретіндегі есептен шығару
· Дара кәсіпкерлік:
- қызмет ерікті тәртіппен тоқтатылған;
- қызмет мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылған;
- жеке кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған;
- қайтыс болды деп жарияланған не ол қайтыс болған кезде тоқтатылуы мүмкін.
· Бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік:
- қызмет ерікті тәртіппен тоқтатылған;
- қызмет мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылған;
- егер жеке кәсіпкерлерді әрекетке қабілетсіз деп танудың, қайтыс болды деп жариялаудың немесе олардың қайтыс болуының нәтижесінде бірлескен кәсіпкерліктің бір қатысушы қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда;
- некені бұзуға байланысты мүлікті бөлген кезде тоқтатылуы.
· Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті тәртіппен:
- жеке кәсіпкер өз бетінше - дара кәсіпкерлік кезінде;
- барлық қатысушылармен бірлесіп - бірлескен кәсіпкерлік кезінде қабылданған шешімнің негізінде кез-келген уақытта тоқтатылады.
· Жеке кәсіпкердің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен мынадай жағдайларда::
- банкрот деп танылған;
- жеке кәсіпкерді тіркеуді, тіркеу кезінде ҚР заңнамасын жойылмайтын сипаттағы жіберілген бұзушылықтарға байланысты, заңсыз деп танылған;
- күнтізбелік жылдың ішінде қызметті ҚР заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайларда соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
· Кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған кезде:
- шешім шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде салық органына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлау;
- шешім шығарылған күннен бастап 1 айдың ішінде салық кезеңінің басынан бастап кәсіпкерлік қызметті тоқтату күніне дейін жасалған таратудың салық есептілігін беру;
- кәсіпкерлік қызметтің тоқтатылуына байланысты таратудың салық есептілігімен бір мезгілде салық тексеруін жүргізу туралы өтініш беру қажет.
· Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуына байланысты тіркеу есебінен шығару үшін жеке кәсіпкер құжаттық тексеру жүргізілген соң 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына мынадай құжаттарды беруі қажет:
- 007 нысаны бойынша есептен шығару туралы өтініш;
- Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (Куәліктің телнұсқасын);
- егер жеке кәсіпкер ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген жағдайда, ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлікті (Куәліктің телнұсқасын);
- салыстырып тексеру актісін алуға өтініш.
· Жеке кәсіпкердің қызметі оның (олардың) өтінішінің (терінің) не заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде осындай кәсіпкерді Мемлекеттік тіркелімнен шығарып тасталған сәттен бастап тоқтатылған болып саналады.
Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдануға қойылатын талаптар
Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналары ақша есеп айырысулары қолма-қол ақшамен немесе төлем карточкаларымен жүзеге асырылған кезде қолданылуы тиіс.
Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудан мынадай жеке тұлғалар (акцизделетін тауарлар өткізетіндерден басқа) босатылады:
1) қызметті:
- біржолғы талонның немесе патенттің негізінде;
- шаруа (фермер) немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимдері шегінде жүзеге асыратындар;
2) егер бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүргізілмеген жағдайда, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап алты ай өтпесе;
3) тұрғаныдарға қызмет көрсетуді ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2003 жылғы 26 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген квитанцияларды, билеттерді, талондарды почта төлемдерi белгiлерiн және чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарын берумен көрсетке кезде.
Жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қосымша қызмет көрсетулер
| · ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті сайтының «Кәсіпкерлерге арналған жолнұсқаушы» бөлімінде www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. |  |
| · ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті сайтының «Салық заңнамасы» бөлімінде www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша ақпарат және ҚР-да қолдануға рұқсат етілген фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарың мемлекеттік тізілімі орналастырылған |  |
Сапаның басты көрсеткіштері
Төменде Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша салық қызметі органдары қол жеткізген қызмет көрсетудің сапасы деңгейінің және оларды арттыру үшін қойылған мақсаттардың көрсеткіштері келтірілген.
| Сапаның басты көрсеткіштері | Стандарт | 2008 жылы | 2007 жыл |
| Уақтылылығы |
| салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде белгіленген мерзімде тіркеу жағдайларының % (үлесі) | 99 | 98 | 96 |
| кезекте 20 минуттан кем тұрған тұтынушылардың % (үлесі). | 95 | 92 | 90 |
| Сапасы |
| құжаттарды ресімдеу, қызмет көрсетулер дұрыс жүргізілген жағдайлардың % (үлесі) | 97 | 96 | 95 |
| кезекте тұру кезіндегі жасалған жағдайлармен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 97 | 95 | 90 |
| Қол жетімділігі |
| жеке кәсіпкер ретінде тіркеу тәртібі туралы ақпараттың сапасымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 98 | 97 | 95 |
| тұтынушы дұрыс толтырған және бірден тапсырылған құжаттардың % (үлесі) | 98 | 95 | 90 |
| Шағым жасау процесі |
| Тіркелген жеке кәсіпкер - жеке тұлғалардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,001 | 0,01 | 0,01 |
| Шағымдарды қарау және шағымдарды белгіленген мерзімде қанағаттандыру жағдайларының % (үлесі) | 100 | 100 | 100 |
| қараудың нәтижелері бойынша шаралар қабылданған негізделген шағымдардың % (үлесі) | 0,001 | 0,01 | 0,01 |
| Сыпайылылық |
| Персоналдың сыпайылығымен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | 99 | 95 | 93 |
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
· Егер Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы қызмет көрсетудің сапасы ұнамаса, Сіз мынадай жолмен салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана аласыз не қызмет көрсету жағадайларын және сапасын жақсарту бойынша ұсыныс бере аласыз:
- Аудандық салық комитеттердің төрағаларына тікелей
| Аудандық салық комитеті | Төрағасы | Телефон нөмірі | Бөлмесі |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Нұрғалиев М.М. | 267-15-45 | 204 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Байжанов Н.С. | 298-29-01 | 201 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Бекбердиев А.Л. | 274-65-01 | 511 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Танабаев А.А. | 279-38-37 | 201 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Нұрдәулетов А.Д. | 261-29-64 | 402 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Қабышев А.Ж. | 235-02-32 | 33 |
- Қабылдау орталықтарындаға қызмет көрсетудің сапасы бойынша салық төлеушілердің көзқарасы сауланамасын арнайы бланкін толтыру; толтырылған бланкті шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшікке тастау қажет.
- «Сенім» телефонына жүгіну
| Салық орган атауы | сенім телефонының нөмірі |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті | 8 (3172) 71-79-63 |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-57 |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 267-15-40 |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 298-29-30 |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 274-80-74 |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 279-43-30 |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 272-11-34 |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | 8 (327) 235-02-32 |
- call-e-tax@mgd.kz мекен-жайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгіну.
Егер қабылданған шаралар Сізді қанағаттандырмаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияда қарауды талап етсе, Сіз шағымды Алматы қ, Абылайхан даңғ. 93/95 мекен-жайы бойынша Алматы қаласыны бойынша Салық комитетіне жазбаша жібере аласыз.
Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қаралады және ол бойынша шешім ол келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнінің ішінде қабылданады. Сізідің жүгінісіңізді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Сізге бұл туралы жазбаша хабарланады.
Егер Сіз Алматы қаласыны бойынша Салық
комитетінің жауабына қанағаттанбасаңыз, Сіз өзіңіздің хатыңызды Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, мекен-жайы бойынша ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетіне жібере аласыз. Сіздің жүгінісіңізді қарау мерзімі Алматы қаласыны бойынша Салық комитеті үшін белгіленгенмен бірдей.
· Сонымен қатар Сіз келесі телефондар бойынша қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып аудандық Салық комитеті Төрағасының орынбасарына қабылдауға жазыла аласыз
| Салық орган атауы | Төрағаның орынбасарының аты-жөні | Қабылдау бөлмесінің телефондары | Қабылдау уақыты |
| Алматы қаласы бойынша салық комитеті | Тастемірова Ж.Ө. | 267-15-54 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Иманғожин А.О. | 267-69-76 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Бірбаев Н.И. | 298-29-05 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Жартыбаев Н.Р. | 274-79-45 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Ідрісова А.И. | 279-94-68 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Ошакбаев Т.Т. | 267-69-11 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Бектемісов Н.Б. | 236-69-14 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жайлар мен телефондар
| Салық орган атауы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының мекен-жайы | Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығының бастығы | Жұмыс уақыты |
| Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 93/95 | Ісбаев М.Х. 272-11-65 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Алтынсарин даңғ., 23 | Сейсенбаев Б.Н. 298-29-36 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Айманов к-сі., 191 | Жазылбеков Б.Н. 274-14-12 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ.,. Абылай хан даңғ., 2 | Ахметқалиев К.С. 279-43-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Абылай хан даңғ., 93/95 | Мәмісейіт Н.Т. 261-52-62 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
| Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша салық комитеті | Алматы қ., Шолохов к-сі, 14 | Арашапов Е.К. 235-86-77 | Күнсайын 9.00-ден 19.00-дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-дейін |
Егер Сізге қосымша ақпарат қажет болса
· ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз қолданыстағы заңнамалық, нормативтік, құқықтық актілер туралы ақпарат ала ала аласыз, салық органдарының жұмысына түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.