телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден екi мыңға дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жазалар қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жүзден екi жүзге кейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлетiн лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
345-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа ықпал жасау
Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру
Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн
даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар
материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 349-бап өзгертілді
349-бап. Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге
шығару тәртібін бұзу
1. Темекi және алкоголь өнiмдерiн насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтердi эфирге шығару тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
теле- және радиохабарлардың, жарнамалық роликтердiң жекелеген шығарылымдарын тәркiлей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Заңдарда белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 349-1-баппен толықтырылды
349-1-бап. Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау
1. Мерзiмдi баспа басылымдарында жарнаманы шығару тәртібін, оның iшiнде оларда темекi және темекi бұйымдарына жарнаманы бiрiншi және соңғы беттерiнде, мұқабаларында орналастыру жолымен бұзу, кәмелетке толмағандарға бағдарланған мерзiмдi баспа басылымдарында темекi бұйымдарын жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темекi бұйымдарын жарнама мақсатында тегiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кәмелетке толмағандар арасында жарнама мақсатында темекi бұйымдарының үлгiлерiн тарату, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мәдени-ойын-сауық және спорт шараларын өткізу кезiнде темекiнi және темекi бұйымдарын жарнамалау, сол сияқты, кәмелеттiк жасқа толмағандарға арналған шараларға демеушi болып, егер бұл орайда мұнда темекi бұйымдарының атауы, бейнесi немесе тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) пайдаланылса, -
айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темекi бұйымдарын көлiкте жарнамалау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 350-бап өзгертілді
350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртібін бұзу
1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету
Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 352-бап жаңа редакцияда
352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау
1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын
әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 353-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, не белгiленген тәртiпте жарияламау, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 354-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң
ережелерiн бұзу
1. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 354-1-баппен толықтырылды
354-1-бап. Мемлекеттік нышандарды пайдалану тәртібін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын заңсыз пайдалануы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 354-2-баппен толықтырылды
354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртібін бұзу -өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 09.08.02 ж. № 346-II ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 355-бап өзгертілді
355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 356-бап өзгертілді
356-бап. Мемлекеттік инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн
орындауына кедергi келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де
талаптарын орындамау
1. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстiң 130, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 13) тармақшасында, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік инспекцияның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 356-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-бап. Озбырлық
Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-1-бап. Тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы
рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз)
кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу,
сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге
асыру
1. Рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлігі) міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркіленіп не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірісті (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-2-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-2-бап. Лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзу
1. Заңнамада белгіленген лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзу, соның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, -
белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан лицензиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықты жоймау, -
белгілі бір қызмет түріне берілген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-3-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-3-бап. Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия, арнайы
рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру
тәртібі мен мерзімін бұзу
1. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, біліктілік аттестатын (куәлігін) беру мерзімін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін) заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III Заңымен 357-4-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
357-4-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктердi
мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы бұзу
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру, -
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тіркеуші органға заңды тұлғаның тұратын жерінің өзгергені туралы уақытында хабарламау, -
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 358-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III Заңымен 358-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -