Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 30 маусымдағы № 253-I Заңы
(ҚР 22.12.98 ж. № 327-1; 16.11.99 ж. № 479-1; 29.03.00 ж.
№ 42-II; 05.05.00 ж. № 48-II; 09.08.02 ж. № 346-II;
05.05.03 ж. № 409-II; 03.06.03 ж. № 427-II; 2004.28.12 № 24-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Негiзгi ережелер (статьи 1 - 5)
2-тарау. Атқарушылық әрекеттердi жасаудың (статьи 6 - 32)
жалпы жағдайлары
3-тарау. Ақша сомаларын және өзге мүлiктi (статьи 33 - 68)
өндiрiп алу тәртібі
4-тарау. Өндiрiп алынған ақша сомаларын бөлу (статьи 69 - 76)
5-тарау. Атқарушылық санкция, атқару құжаттарын (статьи 77 - 78)
орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
6-тарау. Шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар және (статьи 79 - 80)
шетелдiк заңды тұлғалар жөнiнде атқарушылық
әрекеттер жасау. Шет мемлекеттердiң сот
және өзге құжаттарын орындау
7-тарау. Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы (статьи 81 - 88)
құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
Осы Заң атқарушылық iс жүргiзудiң құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, сондай-ақ сот орындаушыларының құқықтық мәртебесiн айқындайды.
1-тарау. Негiзгi ережелер
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi
Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөніндегі сот шешiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер жөніндегі үкiмдер мен қаулыларды мiндеттi түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешiмдерi мен қаулыларын орындау болып табылады.
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар
Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдардың қолданылу тәртібі
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмдердi, бюджетке төленетiн салық төлемдерi мен өзге де мiндеттi төлемдер туралы заңдарды бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөніндегі атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және салық пен кеден заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары жөнiнде атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан өзгеше туындамаса, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары
1. Осы Заңның 5-бабында тiзiп келтiрiлген атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен бөлiмдерiнiң сот орындаушыларына жүктеледi.
2. Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.
3. Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқарушылық iс-әрекеттi бұл жайында заңда тiкелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Атқарушылық ic жүргiзу органдарының жүйесi және құзыреті
1. Атқарушылық iс жүргiзу органдарының жүйесiн:
1) атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
2) уәкiлеттi органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары (аумақтық органдар);
3) аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардағы бөлiмдерi (аумақтық бөлiмдер) құрайды. Аумақтық бөлiмдердiң банктерде ағымдағы шоттары, сондай-ақ мөрлерi мен мөртабандары болуы мүмкiн.
2. Уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi мен қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережемен айқындалады.
Уәкiлеттi органның аумақтық органдарының және аумақтық бөлiмдерiнiң өкiлеттiктерi мен қызмет тәртібі уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 № 346-II Заңдарымен 5-бап өзгертілді; ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Атқару құжаттарының тiзбесi
1. Мыналар атқару құжаттары болып табылады:
1) сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
3-1) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөніндегі iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
2. Атқару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен беретiн оның дубликаты өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.
2-тарау. Атқарушылық әрекеттердi жасаудың
жалпы жағдайлары
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 6-бап өзгертілді; ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негiздерi
Сот орындаушысы осы Заңмен белгiленген тәртiппен өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған атқару құжаты мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға негiз болып табылады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 № 346-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара) 2004.28.12 № 24-III Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Атқару құжаттарын орындауға беру мерзiмдерi
1. Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде:
1) сот актілері негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл iшiнде;
1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - үш жыл iшiнде;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары - егер заңмен өзге мерзiмдер белгiленбесе, бiр жыл iшiнде;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - бiр жыл iшiнде;
4) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде берiлуi мүмкiн.
2. Аталған мерзiмдер:
1) мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде сот актілері негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - сот актiсi заңды күшiне енген не сот актiсiн орындаудың мерзiмiн ұзарту немесе оған мәулет беру кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда - ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап;
1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқару парақтарын орындау кезiнде - шешiм күшiне енген күннен кейiнгi күннен бастап;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезiнде - қаулы шығарылған күннен бастап;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулыларын орындау кезiнде - мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен бастан;
4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.
3. Мерзiмдi төлемдер өндiрiп алу туралы шешiмдер (алимент өндiрiп алу туралы, мертiктiрумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен келтiрiлген зиянды өтеу туралы және басқа iстер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берiлген барлық уақытта күшiн сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзiм әрбiр төлем үшiн жеке есептеледi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Атқару құжатын беру кезіндегі мерзiмiнiң үзiлуi
1. Атқару құжатын орындауға беруге арналған мерзiм:
1) атқару құжатын орындауға беру;
2) атқару құжатын борышкердiң iшiнара орындауы арқылы;
3) борышкердi iздестiру кезiнде үзiледi.
2. Үзiлiстен соң мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады, бұл орайда үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.
3. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқару құжаты бойынша өндiрiп алу толық не iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап, не өндiрушiнiң борышкердiң тұратын жерiн анықтаған немесе өндiрушiнiң борышкердiң тұратын жерiн анықтағандығы туралы хабарлаған күннен бастап есептеледi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру
1. Атқару құжатын орындауға ұсынуға арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе орындалатын жердегi сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Атқару парағын орындауға берiлген мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
3. Қалған атқару құжаттары бойынша өтiп кеткен мерзiм қалпына келтiруге жатпайды.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 10-бап өзгертілді; ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-бап. Атқару құжатын iс жүргiзуге қабылдау
Сот орындаушысы өзiне заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн атқару құжаты келiп түскеннен кейiн үш тәулiктен кешiктiрмей атқарушылық іс жүргiзудi қозғап, бұл туралы қаулы шығарады.
Сот орындаушысы сонымен бiр мезгiлде атқару құжаттарын қамтамасыз ету жөнiнде осы Заңда көзделген шараларды қабылдайды.
Бұл орайда сот орындаушысы борышкердiң дәлелдi жазбаша өтiнiшi бойынша, дереу орындалуға тиiс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерiктi орындау үшiн атқарушылық ic жүргiзу қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм белгiлейдi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-бап. Атқару құжатын қайтару
1. Атқару құжаты заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы бiр күн iшiнде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жiбередi, бұл жөнiнде өндiрiп алушыға хабарлайды. Қайтару туралы қаулыда атқару құжаты қайтарылып отырған негiздер көрсетiлуге тиiс.
2. Сот орындаушысына кемшiлiктерi жойылғаннан кейiн немесе белгiленген мерзiмнен кешiрек келiп түскен атқару құжатының берiлген күнi болып оның қайтадан келiп түскен күнi саналады.
3. Қайтару туралы қаулыда аталған кемшiлiктер жойылмай келiп түскен атқару құжаты орындалуға тиiс емес және ол жiберген органға қайтарылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12-бап. Атқарушылық әрекеттердi орындау мерзiмдерi
1. Атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық ic жүргiзу қозғалған күннен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс, бұған мерзiмдi өндiрiп алу туралы атқару құжаттары, сондай-ақ заң актілерінде өзге де орындау мерзiмдерi белгiленген жағдайлар қосылмайды.
2. Құрылыстарды бұзуға, технологиялық операцияларды жүргiзуге байланысты атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, сауда-саттық өткізудi, борышкердiң мүлкiн iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқару құжаттары бойынша орындау төрт ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
3. Осы Заңда көзделген негiздер бойынша атқару құжаттарын орындау тоқтатыла тұрған, мерзiмi ұзартылған, мәулет берiлген не кейiнге қалдырылған уақыт атқарушылық iс жүргiзу мерзiмiне кiрмейдi.
13-бап. Мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, орындау тәсiлi мен тәртібін өзгерту, берiлген сомаларды индекстеу
Атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн болдырмайтын мән-жайлар болған ретте сот орындаушысы, өндiрiп алушы немесе борышкер iстi қараған сот алдына немесе орындалатын жердегi сот алдына орындау мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе ұзарту туралы, орындау тәсiлi мен тәртібін өзгерту туралы, сондай-ақ ұйғарылған сомаларды индекстеу туралы мәселе қоюға хақылы.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру
Атқарушылық әрекеттер жасауға кедергi келтiретiн жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша он күнге дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады, бұл жөнiнде тиiстi қаулы шығарылады, оны аға сот орындаушысы бекiтедi. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру туралы сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзуге қатысатын адамдарға хабарлауға мiндеттi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 15-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
15-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) егер сот белгiлеген құқық қатынасы құқықтық мұрагерлiкке жол берсе борышкер қайтыс болған, ол қайтыс болды деп хабарланған немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылған;
2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе оның таратылуы туралы заңда белгiленген тәртiппен шешiм қабылданған немесе дәрменсiздiгi (банкроттығы) туралы iс қозғалған;
3) борышкердiң немесе өндiрiп алушы әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
4) борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған;
5) әкiмшiлiк жаза қолданған органдардың (лауазымды, адамдардың) әрекеттерiне сотқа шағым берiлген;
6) сот немесе атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берiлген лауазымды адам қаулы шығарған;
7) сотқа атқару құжаты бойынша өндiрiп алынатын мүлiктi хатталудан шығару туралы (пайдалануға тыйым салудан босату) талап қойылған;
8) борышкер немесе өндiрiп алушы борышкер мүлкiн бағалау нәтижелерiне дау шығарған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиiс.
Осы баптың 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiзiмдемеден шығару (мүлiкке тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлiктiң бөлiгiнде ғана атқарушылық iс-әрекет тоқтатыла тұрады не оны бағалау нәтижелерi дауланады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру құқығы
Атқарушылық iс жүргiзу сол сияқты:
1) сот орындаушысы, өндiрiп алушы немесе борышкер сот актiсiн түсiндiру туралы, не орындау мерзiмiн ұзарту және оған мәулет беру туралы, сот актiсiн орындау әдiсi мен тәртібін өзгерту туралы өтiнiш жасаған;
2) борышкер ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы iссапарда болған;
3) борышкер емдеу мекемесiнде болған;
4) сот орындаушысының iс-қимылына өндiрiп алушы, борышкер сотқа шағым берген;
5) алып тасталды
6) өндiрiп алушы өтiнiш жасаған;
7) борышкер не өндiрiп алушы елдi мекен шегiнен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарында мерзiмдi әскери қызмет өткеруiне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) осы Заңның 15-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердiң құқықтық мұрагерi айқындалғанға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi борышкерге қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату, заңды тұлғаны немесе жеке кәсiпкердi (борышкердi) банкрот деп жариялау туралы шешiм белгiленген тәртiппен қабылданғанға дейiн;
2) осы Заңның 16-бабының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкер не өндiрiп алушы қызмет бабындағы iссапардан, демалыстан, мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен, Қазақстан Республикасының басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарынан қайтқанға, емдеу мекемесiнен шыққанға дейiн;
3) осы Заңның 15-бабының 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында және 16-бабының 1), 4-тармақшаларында көзделген жағдайларда талапты немесе шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот қаулысы заңды күшiне енгенге дейiн;
4) осы Заңның 16-бабының 6)-тармақшасында көзделген жағдайда өндiрiп алушыдан өтiнiш түскенге дейiн;
5) осы Заңның 15-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда қадағалау тәртібімен iс жүргiзу аяқталғанға немесе сот не өзге де органның шешiмiн тоқтата тұрудың күшiн жою туралы тиiстi лауазымды адамның өкіміне дейiн;
6) осы Заңның 16-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда орындалуға жататын қаулының түсiндiрмесi келiп түскенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Борышкерге iздеу салу
1. Борышкердiң жүрген жерi белгiсiз болған жағдайда сот орындаушысы iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы арқылы борышкердi iздестiрудi жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгiнуге міндетті. Бұл ретте атқару құжатының түпнұсқасы өндіріп алушыға қайтарып берiледi, ол атқару құжатын борышкердiң жүрген жерi анықталған кезде мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы, көшiрмесi борышкер iздестiрiлетiн кезеңде сот орындаушысының бақылауында болады.
1-1. Борышкердi iздестiрудi соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады.
2. Борышкердi iздеу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатады және сот арқылы борышкерден жергiлiктi бюджетке өндiрiп алынуға тиiс.
19-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi жаңғырту
Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының өтiнiшi бойынша не сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн жаңғыртылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары
1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер:
1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;
2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiсу келісімiн жасаса және оны сот бекiтсе;
3) шешiмiмен белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейiн өлген адамның құқықтық мұрагерiне көше алмаса;
4) атқару құжатының орындауға беру мерзiмi бiтсе;
5) тиiстi органның атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;
6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса;
7) атқару құжатының өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемiнде орындалса;
8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса, тоқтатылады.
2. Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайларда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және атқару құжаты тиiстi белгi соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жiберiледi. Сонымен бiр мезетте орындауды қамтамасыз ету шараларының күшi жойылуы тиiс. Тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi, атқару құжатының орындауға берiлу мерзiмiн сот қалпына келтiрген жағдайларды қоспағанда, қайта бастауға болмайды.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) осы Заңның 21-бабында аталған негiздер бойынша атқару құжаты қайтарылған;
2) осы Заңның 20-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған;
3) соттың немесе құжат берген басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Атқару құжаттарын өндiрiп алушыға қайтару
1. Өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:
1) өндiрiп алушының арызы бойынша;
2) егер борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн мүлкi, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса;
3) егер өндiрiп алушы шешiмiнiң орындалуы кезiнде борышкердiң сатылмаған мүлкiн алудан бас тартса;
4) егер борышкер өндiрiп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс iстемейтiн болса не сол жерде оның мүлкi жоқ болса;
5) егер сот борышкерге қатысты iздеу жарияласа, өндiрiп алушыға қайтарылады.
2. Атқару құжатын өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескiруi мерзiмiнiң шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болмайды.
22-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқару құжатын өндiрiп алушыға қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi қарау
1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды. Бұл жөнiнде атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдарға хабарланады, алайда олардың келмей қалуы аталған мәселелердi шешуге кедергi болмайды.
2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс.
3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқару құжатын қайтару немесе оны тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына өндiрiп алушы сотқа шағымдана алады.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Орындалуға тиiстi атқару құжатын түсiндiру
Атқару құжаты түсiнiксiз болған жағдайда оны орындауға алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндiрiп алушы немесе борышкер атқару құжатын бергенде негiзге алынған шешiмдi немесе қаулыны түсiндiру үшiн сотқа немесе атқару құжатын берген органға жүгiнуге хақылы.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер
1. Атқарушылық әрекеттердi борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша немесе жұмыс орны бойынша не оның мүлкi тұрған жер бойынша сот орындаушысы жүргiзедi. Егер заңды тұлға борышкер болса, орындау оның органы немесе мүлкi орналасқан жерде жүргiзiледi.
2. Борышкерге белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн атқару құжаттарын орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегi сот орындаушысы жүргiзедi.
3. Егер атқару құжатын орындау процесiнде борышкер басқа жерге кетiп қалса және борышкердiң бұрынғы тұрған жерiнде өндiрiп алынатын мүлiк қалмаса, сот орындаушысы бұл жөнiнде дереу акт жасайды және атқару құжатын борышкердiң жаңа тұрғылықты жерi, оның жаңа жұмыс орны, жаңа орналасқан жерi бойынша не борышкер мүлкiнiң жаңа тұрған жерi бойынша сот орындаушысына үш күннен кешiктiрмей жiберiп, бұл жөнiнде өндiрiп алушыға хабарлайды.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт
1. Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерiнде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейiн жасалады. Атқарушылық әрекеттердi осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгiлейдi. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптар атқарушылық әрекеттер жасаудың өздерiне қолайлы уақытын ұсынуға хақылы.