13) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген өзге де әрекеттер жасауға;
14) қажет болған жағдайларда атқару құжаттарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн тартуға;
15) қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгiзуге;
16) егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттiлiк туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.
2. Сот орындаушысы:
1) соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға;
2) тараптарға немесе олардың өкiлдерiне атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелер түсiруге мүмкiндiк беруге;
3) атқарушылық iс жүргiзу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтiнiштерiн қарауға және солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзiмдерi мен тәртiптерiн түсiндiруге, егер оның өзi атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуына тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе оның әдiлдiгiне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, iстi қараудан бас тартуға;
4) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген өзге де әрекеттер жасауға мiндеттi.
ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 86-1-баппен толықтырылды
86-1-бап. Аумақтық бөлiмнiң басшысы
Аумақтық бөлiмнiң басшысы:
1) өзi басқарып отырған аумақтық бөлiмнiң жұмысын ұйымдастырып, бақылайды және сот орындаушыларына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсынымдарының, нұсқауларының және өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аумақтық бөлiмнiң ағымдағы шотына өкiм жүргiзуге құқылы және оның жүргiзiлуiне жауапты болады;
4) сот орындаушыларының iс-әрекетiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн шешудi жүзеге асырады, оларды қабылдауды жүргiзедi;
5) аумақтық бөлiмнiң қызметi туралы статистикалық есептiлiк жасайды және iс жүргiзу мен мұрағат жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) осы Заңда көзделген атқарушылық iс-әрекеттi жасайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де iс-әрекеттердi жасайды.
87-бап. Сот орындаушысының әрекеттерiне шағым беру
Сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі немесе сондай әрекеттердi жасаудан бас тарту жөніндегі әрекеттерiне өндiрiп алушы немесе борышкер шағым беруi мүмкiн. Шағым сот орындаушысының әрекет жасаған күннен немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбай, аталған адамдарға ол жөнiнде белгiлi болған күннен бастап он күн iшiнде сот орындаушысының қызмет ететiн учаскесіндегі аудандық сотқа берiледi.
ҚР 16.11.99 ж. № 479-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 05.05.03 ж. № 409-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Сот орындаушыларының қызметi мен құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз ету
1. Сот орындаушыларының қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. алынып тасталды
3. Сот орындаушысы мемлекеттік қызметшi болып табылады.
4. алынып тасталды
5. Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сот орындаушысын борышкердiң ақша сомалары немесе мүлкiнiң барлығын тексеруге жiберуден бас тарту, сұратуы бойынша мәлiметтер бермеу, оларды қорлау, қорқыту, оларға күш көрсету немесе сот орындаушыларының қызметтiк әрекетiн орындауына байланысты оның немесе отбасы мүшелерiнiң өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сот орындаушысының қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттік органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындау орнындағы сотқа бередi.
Қазақстан Республикасының