14) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне апаттар, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпаратты ұсыну;
15) іс-әрекеті үшінші тұлғаларға залал келтірумен байланысты декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
16) мемлекеттік органдарға, азаматтарға қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы анық ақпарат беру;
17) тексерудің тағайындалғаны туралы бұйрықты және қызметтік куәлікті көрсеткен жағдайда мемлекеттік инспекторды осы Заңмен жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін объектіге кедергісіз рұқсат беру;
18) өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық жабдықтардың уақтылы жаңаруын қамтамасыз ету;
19) осы Заңмен анықталған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялау;
20) қауіпті өндірістік объектіні жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралармен белгіленген талаптарға сәйкес жұмыскерлер штатының толықтыруын қамтамасыз ету;
21) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлердің дайындығын, қайта даярлануын, біліктілігін арттыруын және аттестатталуын қамтамасыз ету;
22) өнеркәсіптік объектілердің қауіптілігінің декларациялануына сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
23) кәсіби апаттық-құтқару қызметтермен қызмет көрсетуге шарт бекіту, өзіндік апаттық-құтқару қызметін құру.
Осы қызметтер уәкілетті органмен аттестатталуы керек.
Апатты жою жоспары бар декларациялануға жататын объектілерге апаттық-құтқару жұмыстарына тек мемлекеттік кәсіби апаттық-құтқару қызметтері жіберіледі;
24) апат зардаптарын таратпау және жою үшін материалдық қор мен қаржы ресурстары болуы керек;
25) жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілерде апат болған жағдайда қорғану және әрекет ету әдістеріне оқыту;
26) қауіпті өндірістік объектілерде апат болған жағдайда бақылау, хабарлау, байланыс және іс-әрекетті қолдау жүйелерін құру және олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
27) үш тәулік ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне олардың өнеркәсіптік объектіде болуы осы Заңның қосымшасына сәйкес декларациялану үшін негіз болып табылатын қауіпті заттарды тасымалданатын туралы хабарлауы керек;
28) қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыру;
29) қауіпті өндірістік объектілердің салуға, қайта құруға, түрлендіруге, жоюға (оның ішінде таратуға) арналған жобаларын уәкілетті органмен келісу;
30) қауіпті өндірістік объектілердің пайдалануға енгізу кезінде уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізу.";
мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
"11-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау
1. Міндетті декларациялануға осы Заңның Қосымшасына сәйкес қауіпті заттар әзірленетін, өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектілер, қара және түсті металл қорытпалары мен осы қорытпалар негізіндегі балқымалары, кен, геологиялық барлау, бұрғылау (оның ішінде теңіз қайрандары мен ішкі су қоймаларында), пайдалы қазбаларды игеру және байыту жөніндегі жарылыс жұмыстары, жер асты жағдайындағы жұмыстар, радиоактивті және ионды сәулелену көздері, қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары, қару-жарақ және оқ-дәрілер жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялау (бұдан әрі - декларация) қауіпті өндірістік объектіні салу, кеңейту, қайта құру, техникалық жабдықтау, сақтау және жоюға арналған жоба құрамында әзірленеді, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәліметтерден тұруы керек:
1) қауіпті заттар тізбесі (оның ішінде өндірілетін) және олардың сипаттамалары;
2) қауіпті әсер ету факторлары (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекеттесіп);
3) қауіпті факторлардың таралуы туралы технологиялық деректер;
4) қауіптілік пен тәуекелге талдау;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер;
6) апаттық жағдайлардың туындау жағдайын талдау;
7) қызметкерлерді апат жағдайда іс-әрекетке дайындау;
8) апаттардың туындау және дамуының ықтимал сценарийлерінің схемасы;
9) апатты жою жоспары (хабарлау жүйесі; адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар; апатты, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету).
4. Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым, не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
5. Декларация ондағы бар өндірістік қауіпсіздік мәліметтері өзгерген немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген жағдайда өзгерістер пайда болған кезден бастап үш ай ішінде нақтыланады.
6. Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы бекітеді. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым иесі Декларациядағы мәліметтердің дер кезінде ұсынуына, толықтығы мен растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Декларация уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сараптауға жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген жағдайда оны қайтадан сараптама өткізу міндетті.
8. Декларация екі данада жоба құрамында немесе жеке құжатпен сараптық қорытындымен бірге уәкілетті органға тіркелуге ұсынылады. Бір данасы уәкілетті органда, бір данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады.
9. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалану рұқсат етілмейді.
8) мынадай мазмұндағы 4-2-тараумен толықтырылсын:
"4-2-тарау. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғылар, материалдарды (оның ішінде шетел) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру
14-8-бап. Қайта құрылған техникалық құрылғыларға,
материалдарға қабылдау сынақтарын жүргізу
1. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын қайта құрылған, оның ішінде шетелде өнідірілген техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке қабылдау сынақтарына жатады.
Қабылдау сынақтарын уәкілетті органмен аттестатталған ұйымдар жүргізеді.
2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсатты уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.
3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат алу үшін аттестатталған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сынақ жүргізу бойынша комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;
2) сынақ бағдарламасы мен әдістемесі.
4. Тәжірибелік үлгілерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін сипаттамалар жағдайында жүргізілуі тиіс.
5. Уәкілетті органмен келісім бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізіле алады. Сынақтар көлемі мен жүргізілу тәртібін аттестатталған ұйым анықтайды.
6. Шет елде өндірілген техникалық құрылғылар, материалдар үшін үлгілерге қабылдау сынақтарын жеткізуші елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргізуі рұқсат етіледі. Бұндай сынақтарды жүргізу уәкілетті органмен келісіп және оның өкілі қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
7. Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкестігі туралы акт, кемшіліктерінің бары немесе жоғы, оларды жою жөніндегі ұсыныстар, өнімнің осы түрін Қазақстан Республикасы аумағында қолдану жөнінде ұсыныстар беріледі.
14-9-бап. Техникалық құрылғыларды дайындауға рұқсат беру
1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) арналғаны туралы қысқаша ақпаратпен ілеспе хат;
2) дайындаушының сериялық өндіру жағдайында өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ете алу мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытынды.
2. Материалдарды алғаннан кейін 30 күннен артық емес мерзім ішінде уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарастырады және олар бойынша шешім қабылдайды. Деректерді толық емес ұсынған жағдайда өтінушіден қосымша мәліметтер сұралады. Бұл жағдайда қарастыру мерзімі олардың келіп түскен мерзімінен басталып есептеледі.
Қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасы аумағында дайындауға рұқсат береді.
3. Ұсынылған өтініштің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкеспегені жағдайда өтінушіге негізделген бас тарту беріледі.
14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,
материалдарды қолдануға рұқсат беру
1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қолдануға рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың арналғаны және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар ілеспе хат;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды.
2. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жағдайда уәкілетті орган оларды қолдануға рұқсат береді.
3. Пайдалану барысында технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларға берілген рұқсат шақыртылып алынады.
4. Технологиялардың, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, шақыртылып алынған рұқсаттар есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Рұқсат Қазақстан Республикасы аумағында, барлық құқық субъектілері үшін қолданыста болады.
6. Қазақстан Республикасында қолданысқа рұқсат берілген шақыртылып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган кезеңді басылымда жариялайды.
14-11-бап. Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш
заттарды қолдануға рұқсат беру
1. Жаңа, оның ішінде импорт өндірілген жарылғыш заттарды қолдануға рұқсатты төмендегілерден тұратын сынақтар кешенін өткізгеннен кейін уәкілетті орган береді:
1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларда белгіленген талаптарға сәйкестікке бақылау сынақтары;
2) өндірістік жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтары;
3) өндірістік сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелері байланысты бір немесе екі кезеңде жүргізу.
2. Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия құрамына кәсіпорынның сараптық ұйымның және уәкілетті органның өкілдері кіргізілуі керек.
3. Рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
1) тәжірибелік партияны сынау актісі;
2) жарылғыш материалдардың сәйкестік сертификаты.
14-12-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптауға мыналар жатады:
1) қауіпті өндірістік объектілерін құруға, кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта жабдықтауға, конверсациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттама.
Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда қайта сараптауды жүргізуге міндетті;
2) қауіпті өндірістік объектілерінде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) өндірістік қауіпсіздік декларациясы;
4) ғимарат, құрылыс жағдайы.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптаманы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымдар, қауіпті өндірістік объект иесінің қаражаты есебінен жүргізеді.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу нәтижесі сараптамалық қорытынды болып табылады.
14-13-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар
жүргізуге ұйымды аттестаттау
1. Аттестаттауға жататын ұйымдар құқылы:
1) декларацияланатын объектілерде жұмыстар жүргізуге;
2) техникалық құрылғылардың, технологиялардың және материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәліктендіретін құжаттар беру;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу;
4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу;
7) апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқығына аттестатталуға жатады.
2. Аттестатталу үшін ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) нотариалды расталған ұйым жарғысының көшірмесі;
3) ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік көшірмесі;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды орындауға ұйым әлеуеті туралы түсіндірме жазба.
3. Құжаттарды қарастыру толық көлемде құжаттарды тапсырған күннен бастап үш айдан кеш емес мерзімде жүзеге асырылады.
4. Қарастыру қорытындысы бойынша уәкілетті орган аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім ұйымға шешім қабылдаған күннен бастап бір айлық мерзім ішінде беріледі.
6. Аттестатты беруден бас тарту мына себептерден болуы мүмкін:
1) барлық құжаттар ұсынылмаған;
2) ұйым әлеуетінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар орындау үшін сәйкеспеуі.
Ұйым көрсетілген себептерді жойған жағдайда аттестаттау туралы өтініш жалпы негізде қарастырылады.
7. Аттестаттың әрекет ету мерзімі 5 жылды құрайды.
Ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өзіне берілген аттестатпен қарастырылмаған іс әрекетті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган өз шешімімен аттестаттың қолданылуын алты айлық мерзімге дейін тоқтатады.
Аттестат өз әрекетін:
1) заңды тұлғаның қайта құрылғаны немесе таратылғаны;
2) олар бойынша аттестаттың қолданылуын тоқтатылған себептерді жоймаған;
3) ұйымның аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішін берген;
4) қолдану мерзімінің аяқталғаны жағдайда тоқтатады.
8. Аттестат алған немесе аттестаттың қолданылуы аяқталған ұйымдар туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ресми баспа бетінде жариялайды.
Уәкілетті орган берілген және шақыртылып алынған аттестаттар тізбесін жүргізеді.
4-1-тарау. Технологияларды, техникалық құрылғылар, материалдарды (оның ішінде шет елдік) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру
14-8-бап. Қайта құрылған техникалық құрылғыларға,
материалдарға қабылдау сынақтарын жүргізу
1. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын қайта құрылған, оның ішінде импорт техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке қабылдау сынақтарына жатады.
Қабылдау сынақтарын уәкілетті органмен аттестатталған ұйымдар жүргізеді.
2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсатты уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.
3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат алу үшін аттестатталған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сынақ жүргізу бойынша комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрық;
2) сынақ бағдарламасы мен әдістемесі.
4. Тәжірибелік үлгілерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін сипаттамалар жағдайында жүргізілуі керек.
5. Уәкілетті органмен келісім бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізіле алады. Сынақтар көлемі мен жүргізілу тәртібін аттестатталған ұйым анықтайды.
6. Шет елде өндірілген техникалық құрылғылар, материалдар үшін Қазақстан Республикасында ұйыммен аттестатталған жеткізуші елінде үлгілерге қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат етіледі. Бұндай сынақтарды жүргізу уәкілетті органмен келісіп және оның өкілі қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
7. Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен нормаларына сәйкестігі туралы, кемшіліктерінің бары немесе жоғы туралы, оларды жою жөнінде ұсыныстар, өнімнің осы түрін Қазақстан Республикасы аумағында қолдану жөнінде ұсыныстар туралы акт беріледі.
14-9-бап. Техникалық құрылғыларды дайындауға рұқсат беру
1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) техникалық құрылғылардың материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін куәлікте өндіретін, Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйыммен берілген құжат;
2) техникалық құрылғыға, материалға арналған нормативтік құжат;
3) дайындаушының сериялық өндіру жағдайында өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ете алу мүмкіндігін растайтын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген сараптамалық қорытынды.
2. Материалдарды алғаннан кейін 30 күннен артық емес мерзім ішінде уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарастырады және олар бойынша шешім қабылдайды. Деректерді толық емес ұсынған жағдайда өтінушіден қосымша мәліметтер сұралады. Бұл жағдайда қарастыру мерзімі олардың келіп түскен мерзімінен басталып есептеледі. Қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасы аумағында дайындауға рұқсат береді.
3. Ұсынылған өтініштің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкеспегені жағдайда өтінушіге негізделген бас тарту беріледі.
14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды,
материалдарды қолдануға рұқсат беру
1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың арналғаны және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараттан тұратын ілеспе хат;
2) техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды.
2. Технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жағдайда уәкілетті орган техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат береді.
3. Пайдалану барысында техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларға берілген рұқсат шақыртылып алынады.
4. Техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, шақыртылып алынған рұқсаттар есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Рұқсат Қазақстан Республикасы аумағында, барлық құқық субъектілері үшін қолданыста болады.
6. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген шақыртылып алынған техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган ресми басылымда жариялайды.
14-11-бап. Жаңа, оның ішінде импорт өндірілген жарылғыш
заттарды қолдануға рұқсат беру
1. Жаңа, оның ішінде импорт өндірілген жарылғыш заттарды қолдануға рұқсатты төмендегілерден тұратын сынақтар кешенін өткізгеннен кейін уәкілетті орган береді:
1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларда белгіленген талаптарға сәйкестікке бақылау сынақтары;
2) өндірістік жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтары;
3) өндірістік сынақтарды бір немесе екі кезеңде жүргізу бақылау сынақтарының нәтижелері бойынша анықталады.
2. Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссия құрамына кәсіпорын сараптық ұйым және уәкілетті орган өкілдері кіргізілуі керек.
3. Рұқсат алу үшін өтінуші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тәжірибелік партияға сынақтың бекітілген актісі;
2) жарылғыш материалдардың сәйкестік сертификаты.
14-12-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптауға:
1) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қайта жабдықтауға, сақтауға және жоюға арналған жобалық құжаттама жатады.
Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізген жағдайда қайталау сараптамасын жүргізу міндетті;
2) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) өнеркәсіптік қауіптілік декларациясы;
4) ғимараттар, құрылыстар жағдайы жатады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымдар қауіпті өндірістік объект иесінің есебінен жүргізеді.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу нәтижесі сараптамалық қорытынды болып табылады.
14-13-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар
жүргізуге ұйымды аттестаттау
1. Аттестаттауға жататын ұйымдар құқылы:
1) декларацияланатын объектілерде жұмыстар жүргізуге;
2) техникалық құрылғылардың, технологиялардың және материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәліктендіретін құжаттар беру;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу;
4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу;
7) апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқығына аттестатталуға жатады.
2. Аттестатталу үшін ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) нотариалды расталған ұйым жарғысының көшірмесі;
3) ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік көшірмесі;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды орындауға ұйым әлеуеті туралы түсіндірме жазба.
3. Құжаттарды қарастыру толық көлемде құжаттарды тапсырған күннен бастап үш айдан кеш емес мерзімде жүзеге асырылады.
4. Қарастыру қорытындысы бойынша уәкілетті орган аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім ұйымға шешім қабылдаған күннен бастап бір айлық мерзім ішінде беріледі.
6. Аттестатты беруден бас тарту мына себептерден болуы мүмкін:
1) барлық құжаттар ұсынылмаған;
2) ұйым әлеуетінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар орындау үшін сәйкеспеуі.
Ұйым көрсетілген себептерді жойған жағдайда аттестаттау туралы өтініш жалпы негізде қарастырылады.
7. Аттестаттың әрекет ету мерзімі 5 жылды құрайды.
Ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өзіне берілген аттестатпен қарастырылмаған іс әрекетті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган өз шешімімен аттестаттың қолданылуын алты айлық мерзімге дейін тоқтатады.
Аттестат өз әрекетін:
1) заңды тұлғаның қайта құрылғаны немесе таратылғаны;
2) олар бойынша аттестаттың қолданылуын тоқтатылған себептерді жоймаған;
3) ұйымның аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішін берген;
4) қолдану мерзімінің аяқталғаны жағдайда тоқтатады.
8. Аттестат алған немесе аттестаттың қолданылуы аяқталған ұйымдар туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ресми баспа бетінде жариялайды.
Уәкілетті орган берілген және шақыртылып алынған аттестаттар тізбесін жүргізеді.
9) Заңды осы Заңның қосымшасына сәйкес қосымшамен толтыру.
22. "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 23, ст. 142); 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):