1) автокөлік құралдарын пайдалану аяқталғаннан соң оларды пайдаланудың мүмкін еместігінің алдын алу үшін шаралар қолдану қажет;
2) пайдалану және жою процесінде улы заттармен, радиоактивті аэрозольдармен ластанған автокөлік құралдары, зиянды заттарды қолдануға, улы, физика-химиялық қасиеттеріне байланысты арнайы ерітінділермен (әдістермен) залалсыздандыру бойынша міндетті өңдеуден өтуі тиіс;
3) автокөлік құралдарын пайдалану және жоюдың барлық кезеңін өткізген персоналдың қажетті біліктілігі болуы, сәйкес оқудан өтуі және еңбек қауіпсіздігінің барлық талаптарын қадағалауы тиіс.".
27. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2004 ж., № 3-4, 17-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақшасындағы "еңбек жағдайлары нормативтеріне" деген сөздер "еңбектің қауіпсіз жағдайларына" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) тармақшадағы "қауіпсіздік нормаларынан" деген сөздердің алдына "нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларынан" деген сөздермен толықтырылсын.
12) тармақшасы алынып тасталсын.
2) 5-баптың 1) тармақшасындағы ", мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 7-баптың 1-тармағындағы "сақтауға бағытталған" деген сөздерден кейін "қауіпсіздік талаптарынан," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
5) 9-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
5) Жұмыс берушінің қаржысы есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тамақтандыру рациондарын, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғау құралдарын беру нормаларын әзірлейді және бекітеді;";
Мынадай мазмұндағы 13) тармақшасымен толықтырылсын:
"13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.";
6) 10-баптың 7) тармақшасындағы "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін" деген сөздер "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
7) 14-баптың 1-тармағындағы "жөніндегі мемлекеттік стандарттар, ережелер" деген сөздер "еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген" сөздерімен ауыстырылсын;
8) 19-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қызметкерлерден еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және жұмыс берушілер бекіткен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулықтарын сақтауды талап етуге;";
9) 20-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "ережелер мен нормативтердің" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын.
10) 22-бап алынып тасталсын.
11) Мынадай мазмұндағы 22-1-бабымен толықтырылсын:
"22-1-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша қызметтік қажеттілігіне және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2. Жұмыс жабдығы жабдықтың осы түріне арналып белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі, оның сәйкесті сақтандыру белгілері болуы және жұмыс орындарындағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі тиіс.
3. Апаттық жолдар және қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуы және ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа шығаруы тиіс.
4. Жұмыс сипаты түрінен қызметкердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіп тудыратын жұмыс орындары қауіп-қатер деңгейін ескере отырып, оларға бөгде адамдар кіре алмайтын қоршау (шектеу) құрылғыларымен анық белгіленуі және жабдықталуы тиіс.
Ұйым аумағы ішінде жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайларда қозғалуы тиіс.
5. Қызметкерлердің қауіпті өндірістік объектілерде (телімдерде), соның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіздердің қайраңдарында және ішкі су қоймаларында жұмыс істеулері үшін жеке қорғану құралдары болуы тиіс.
6. Жұмыс уақыты аралығында температура, табиғи және жасанды жарықтандыру, сондай-ақ жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы желдеткіш қауіпсіз еңбек шарттарына сәйкес келуі тиіс.
7. Жұмыскерлер зиянды (шаң-тозандалған, газдалған және басқа факторлар) еңбек жағдайлары бар жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.
8. Жұмыс орындары орналасқан жерлердегі шуыл мен діріл деңгейі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуі тиіс.
9. Қызметкерлерге, егер бұны еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы шарттары талап етсе, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес демалыс бөлмесі немесе тиісті демалыс аймағы берілуі тиіс.";
12) 23-бапта:
1-тармақта:
"Мемлекеттік стандарттардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелері мен нормаларының" деген сөздер "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақта "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелері мен нормаларының" деген сөздер "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер" деген сөздермен ауыстырылсын.
5-тармақ 2) тармақшасында "гигиеналық нормативтерге" деген сөздер "нормаларға" деген сөзбен ауыстырылсын.
13) 23-1 бапты мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"23-1-бап. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздік талаптары
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздік талаптары адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің өмірлік циклінің процестері қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттермен белгіленеді.".
28. "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңына (2004 ж., № 14, 81-құжат); 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 5-баптың 6) тармақшасы "байланыстың" деген сөзден кейін "қауіпсіздігін" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"14-1) байланыс саласында техникалық регламенттерді бекіту";
3) 8-баптың 1-тармағындағы:
1) тармақшасындағы "стандарттау, метрология және сертификаттау" сөздері "техникалық реттеу және метрология" сөздерімен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"19-1) байланыс саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;";
4) 9-баптың 1)-тармақшасындағы "мемлекеттік стандарттарды, пайдалану ережелерін және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды" деген сөздер алынып тасталсын;
5) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Радиоэлектрондық құралдардан және жоғары жиілікті құрылғылардан пайда болған индустриалды бөгеуілдер деңгейі байланыс саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған нормативтік құжаттар белгілеген нормалардан артпауы тиіс.
Радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың индустриалды бөгеуілдерден сыртқы бөгелуден қорғанушылық байланыс саласындағы техникалық регламенттер мен радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың осы түрлеріне арналған нормативтік құжаттар белгілеген нормалардан төмен болмауы тиіс.";
6) 12-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы "және ұлттық стандарттарға" сөздері алынып тасталсын;
7) 6-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау";
бірінші бөліктегі "міндетті сертификатталуға" сөздері "сәйкестігі расталуға" сөздеріне ауыстырылсын;
екінші бөлік алынып тасталсын.
29. "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2004 ж., № 15, 88-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1 бапта:
13-2) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"13-2) куәландыру - кеменің арналуы мен класының расталуын есепке ала отырып, оның суда жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кемемен жүзу Регистрінің техникалық регламенттермен және ережелерімен белгіленген талаптарға сәйкес кеменің техникалық жай-күйін анықтау мақсатында кемені тексеру;
24-1) техникалық қадағалау - сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын қадағалауды кезеңімен тексеру кіретін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жіктеу іс-әрекетінің құрамды бөлігі;";
2) 6-бап 1-1) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-1) ішкі су көлігінің, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін оның өмірлік айналымы процессінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;";
3) 7-баптың 1-тармағындағы "қызмет түрі" сөздерінен кейін ", техникалық реттеу" сөздерімен толықтырылсын;
4) 8-бап 15-1) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"15-1) ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
5) 9-бап, 1-тармағы 27-1) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"27-1) ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;";
6) 14 бап 2 тармақтағы "мемлекеттік стандарттарды" деген сөздер "ішкі су көлігі саласындағы техникалық регламенттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15 бапта:
1 тармақ 1) тармақшадағы "кеме қатынасы қауіпсіздігін, оның ішінде экологиялық және өрт қауіпсіздігі" деген сөздер "ішкі су көлігі саласындағы қауіпсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"7. Кеме жасау өнімдерін шығару және кемелерді жөндеу бойынша қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларда кеме қатынасы Тізімімен берілетін сәйкестік құжаты болуы тиіс.";
8) 15-1, 15-2, 15-3 және 15-4 баптармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"15-1 бап. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу
1. Ішкі су көлігі саласындағы қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалар адам өмірі мен денсаулығын, жолаушылар жол кірісін, сондай-ақ кеме қатынасы қауіпсіздігінің талаптарын қадағалау үшін қауіпсіз шарттармен қамтамасыз етуге міндетті.
2. Кеме қатынасының қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың ішкі су көлігі саласындағы авариясыз жұмыстар шарттарын құруға, кеме қатынасы жағдайындағы ішкі су жолдары мазмұнына, кемелер, порттар, жағалау объектілері және ішкі су жолдары құрылыстарында, сонымен қатар кемелердегі авариялардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушы және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. Ішкі су көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып:
1) ішкі суда жүзу кемелері, порттар, жағалау объектілері және ішкі су жолдарындағы құрылыстар;
2) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, жағалау объектілері мен құрылыстарын ішкі су жолдарында өндіру (салу, жөндеу, модернизациялау);
3) ішкі су көлігі кемелерін, порттарды, жағалау объектілері мен құрылыстарын ішкі су жолдарында пайдалану;
4) ішкі су көлігі кемелерін сақтау;
5) ішкі су көлігі кемелерін тасымалдау және буксирлеу;
6) ішкі су көлігі кемелерін пайдалану және жою.
15-2-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелері,
порттар, жағалау объектілері мен құрылыстарына
қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Жіберуші (жүкті жіберуші), алушы (жүкті алушы), қауіпті жүктерді жіберуші және алушы, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдаушы тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, авариялық жағдайлар мен оның зардаптарын жою үшін қажетті қаражаты және мобильді бөлімшелері болуы тиіс (сонымен қатар шарт бойынша).
2. Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындағанда жіберуші (жүкті жіберуші), алушы (жүкті алушы), қауіпті жүктерді жіберуші мен алушы көрсетілген бөлімшелерді оқиға орнына жіберуге міндетті.
15-3-бап. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін,
порттар, жағалау объектілері мен құрылыстарды
(құрылыс, жөндеу, реконструкциялау) өндіру кезінде
қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін, порттар, жағалау объектілері мен құрылыстарды (құрылыс, жөндеу, реконструкциялау) өндіру кезінде ішкі су көлігі саласындағы жобалық құжаттамалар мен заңдар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін, порттар, жағалау объектілері мен құрылыстарды (құрылыс, жөндеу реконструкциялау) өндіру кезінде ішкі су көлігі қауіпсіздігінің қауіпсіздігіне байланысты дайындаушы, жобалық құжаттамамен белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жинағын орындауға және барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер процестегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе ішкі су жолдарындағы ішкі су көлігі кемелерін, порттар, жағалау объектілері мен құрылыстарды дайындаудан кейін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарын орындаумен толық көлемде жүргізілуі тиіс.
4. Әр кеме корпустағы номермен ұқсас таңбалануы тиіс, таңбалау көрініп, анық және жуылмайтын болуы керек.
5. Кеме борт сыртына құлау қаупін минимумға келтіріліп және борт сыртында қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету жолымен әзірленеді.
6. Рульді негізгі басқару орны айналма шолуды қамтамасыз етуі керек.
7. Кеме пайдалану бойынша басшылықпен жабдықталуы тиіс, онда өрт және су басу қаупіне аса көңіл бөлінуі керек.
15-4-бап. Ішкі су көлігі жолдарындағы ішкі су көлігi
кемелерін, порттарды, жағалау объектілері мен
құрылыстарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің
жалпы талаптары
1. Кеме қатынасы процесімен байланысты ішкі суда жүзетін кемелер, порттар, жағалау объектілері және ішкі су жолдарындағы құрылыстар жоғары қауіптілік аймағы болып табылады және ішкі су көлігі саласындағы заңдар талабына сай болуы тиіс.
2. Ішкі суда жүзетін кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін және ішкі су жолдарындағы құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалар ішкі су көлігі саласындағы заңдар талаптарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
31. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы); 2006 жылғы 14 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 15 сәуірдегі "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 сәуірдегі Заңы:
1) 3-бапта:
1-тармақтың 2)-тармақшасы "электр энергетикасы кешенінің" деген сөздерден кейін ", қауіпсіз" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың 1)-тармақшасы "тиімді" деген сөзден кейін ", қауіпсіз" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) электр энергиясы саласында техникалық реттеу.";
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:
"5) электр энергиясы саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 5-бап, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) электр энергетикасы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;";
4) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1 тарау. Электр энергетикасы саласында қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, қондырғыларды тұтынушылар пайдаланған жағдайда ұйымдастыру іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
2. Техникалық реттеу объектілері электр жабдықтары, электр және жылу желілерінің жабдықтары, электр және жылу энергиясын өндіру, беру және пайдалануға арналған тұтынушы қондырғылары, электр және жылу энергиясы болып табылады.
3. Тұтынушыларда электр энергиясын қабылдау шығыстарында электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуі және оларды бағалау тәртібі электр энергиясын жеткізуге арналған шарттарда белгіленуі керек.
Электр энергиясының сапасын бағалау тәртібі электр энергиясын жеткізуге арналған келісім-шартта белгіленеді.
4. Электр энергиясының сапа сипаттамалары:
жұмысшы кернеудің номинальды мәннен ең үлкен ауытқуы; кернеу жиілігінің ауытқуы;
кернеудің өнеркәсіптік жиілігінен кернеу артуының рұқсат етілетін ұзақтығы болып табылады.
5. Магистралды және тарату құбыржолдарында жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған жылу энергиясының параметрлері ұсталынатын температура кестесіне, желілік судың қауіпсіз және сапалық сипаттамалар көрсеткіштеріне сәйкесуі керек.
9-2-бап. Электр энергетикасы саласында жабдықтар мен электр
қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалаған және пайдаланған жағдайда осы Заңға және электр энергиясы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі керек.
2. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтынуға арналған электр және жылу желілерінің электр станцияларының жабдықтары, тұтынушы қондырғылары электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну
жағдайында пайдаланылатын электр жабдықтарына және
материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электротехникалық жабдық пен материалдар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкесуі және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда техникалық регламенттерге сәйкестігін растау процедурасынан өтуі керек.
2. Электротехникалық жабдық пен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемі үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкесуі керек.
3. Сәйкестігі расталуға жататын электр станциялар, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылар қондырғыларын техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігін растау саласындағы құжатсыз пайдалану енгізу рұқсат етілмейді.
4. Электр станцияларының, электр және жылу жабдығы, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан дұрыс күйде болуы тиіс.";
5) 12-бап, 2-тармағында:
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;";
5) тармақшада "нормативтік-техникалық құжаттардың" деген сөздер "техникалық регламенттердің" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы парламентінің Жаршылары, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
6)-тармақшада "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда" деген сөздер "техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
12)-тармақшада "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына" деген сөздер "техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласында техникалық реттеу;";
4)-тармақша "мұнай өнімдерінің" деген сөздерден кейін "қауіпсіздігі мен" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 9)-тармақшамен толықтырылсын:
"9) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.";
4) 5-бап мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) мұнай өнімдерін өндіру және айналысы саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупіне талдау жүргізу және бағалау;
14) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
15) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласында техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";
5) 6-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы "Стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда" деген сөздер "өз құзыреті шегінде, техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласында техникалық реттеу және метрология жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады;";
6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
"8-1-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы
техникалық реттеу
1. Мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өнімдері айналымы осы Заң және мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өнімдері айналымы саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
2. Мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өнімдері айналымы саласында техникалық реттеу объектілері: бензин, дизель отыны, мазут және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу процестері, мұнай өнімдерін компаундау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы болып табылады.
3. Мұнай өнімдерін өндіру және айналымы барысында пайдаланылатын жабдықтар мен техникалық құралдар техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4. Өндірістік аймақ пен үй-жайлардың ауа ортасында мұнай буларының шоғыры мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шекті рұқсат етілетін нормалардан аспауы тиіс.
5. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және тарату жөніндегі объектілерді жобалау және салу кезінде қала құрылысы әрекеті, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнама талаптары сақталуы және төтенше жағдайлардың туындау қауіптері ескерілуі керек.";
7) 9-бапта:
1-тармақтың 2)-тармақшасында "стандарттау" деген сөз "техникалық регламент" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мұнайды қайта өңдейтін заводтар өндіретін мұнай өнімдері осы Заңмен және мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген нормаларға сәйкес келуі керек.
8) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласында техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау.";
9) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде "көрсетілетін қызметтері сертификатталған" деген сөздер алынып тасталсын;
10) 14-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттары өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкесуі керек.".