Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды- 2006 ж. 29 желтоқсандағы № 209-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 468 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршылары, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 1996 ж., № 2, 186-құжат, 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 2-баптың төртінші бөлігіндегі "жүру қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі ережелерін қадағалау, өртке қарсы қауіпсіздік, техника-технологиялық және санитарлық нормалар" деген сөздер "көлік құралдарын техникалық реттеу (бұдан әрі - қауіпсіздік) саласындағы қауіпсіздік және адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін өмірлік циклінің процестері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігіндегі "лицензиялау" деген сөзден кейін "техникалық реттеу," деген сөзбен толықтырылсын;
3) 11-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацындағы "сертификат" деген сөз "сәйкестікті растау саласындағы құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Көлік құралдары көлік саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі бойынша талаптар мен нормаларға сәйкес келуі, сәйкестікті растау саласында құжаты болуы, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс.
Көлік құралдарының сәйкестігін растау тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленеді.
Техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көлік-құралдары әкелінуге, сатылуға және пайдаланылуға тиісті емес.";
5) 23-бапта:
5-бөліктегі "қоршаған орта ластануының алдын алатын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қайта өндіруді қамтамасыз ететін, экологиялық қауіпсіздік пен халық денсаулығын қорғауға кепілдік беретін айналадағы орта сапасының нормативтері" деген сөздер "адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "тиісті барлық шараларды жүзеге асыру" деген сөздер "белгіленген нормаларды сақтауды қамтамасыз ету" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., № 11, 76б; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-б; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56б; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат):
1) 1-баптың 7-тармақшасы "мұнай операцияларын жүргізудегі мемлекеттік реттеумен" деген сөздермен толтырылсын;
2) 2-баптың 1-тармағы ", сондай-ақ мұнай және оның өмірлік циклінің процестеріне адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздіктің (бұдан әрі - қауіпсіздік) жалпы талаптарын белгілейді" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 13)-тармақшамен толықтырылсын:
"13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне арналған техникалық регламенттерді бекітеді.";
4) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12), 13), 14)-тармақшалармен толықтырылсын:
"12) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған орта yшін зиян келтіру тәуекелдеріне талдау және бағалау жүргізу;
13) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне арналған техникалық регламенттерді әзірлеу;
14) мұнай және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";
5) 30-4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Табиғи газды өндіру кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар мен нормалар орындалуы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін өлшеу жабдықтары мен құралдары қолданылуы керек.";
6) 36-3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Теңізде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде жүргізілетін операциялардың адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етілуі керек.";
7) Мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
"39-1-бап. Мұнай операциялары мен мұнайды тасымалдау
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Мұнай операцияларын жүргізген және мұнайды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белгіленген нормаларды, адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешенінің орындалуы, сондай-ақ салу және пайдалану кезінде жерасты және жерүсті өнеркәсіптік жабдықтар мен құрылыстардың апатсыз жұмыс істеуін, оның жөнделген жағдайда ұсталуы, сондай-ақ мүмкін апаттарды болдырмау қамтамасыз етілуі керек.
2. Техникалық реттеу объектілері мұнай, сондай-ақ оның өмірлік циклінің процестері болып табылады.
3. Мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау кезінде мердігер пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлік техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
4. Мұнайды төгу және құю тәртібі, сақтау және тасымалдау жабдықтарының конструкциясы мұнайға және оның өмірлік циклының процестеріне техникалық регламенттермен белгіленген өрт қауіпсіздік нормаларына сәйкес келу тиіс.
5. Қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін заводтарға жеткізілетін мұнай осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
6. Мұнайды тасымалдау ауа, теміржол, теңіз, өзен және автомобиль көліктеріне қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы және мұнайдың сақталуын қамтамасыз етуі және мұнайды төгіп алуды болдырмауы тиіс.";
8) 41-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мұнайға және оның өмірлік циклінің процестеріне осы заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;";
6) тармақшада "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға" деген сөздер "мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада "егер бұл қызметтер көрсету мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сай болған жағдайда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен нормаларды сақтаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 45-бапта "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Су асты труба құбырлары мен кабельдерін орнату, тарту мен пайдалану кезінде қауіпсіздік пен айналадағы ортаны қорғау ережелеріне" деген сөздер "мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршылары, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 23, 321-бет; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-бет; 2003 ж., № 10, 54-бет; 2004 ж., № 23, 142-құжат, 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
5-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін" деген сөздер "мүддесін, адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 31-1-бап алынып тасталсын;
3) 31-3-баппен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"31-3-бап. Әуе кемелері және олардың жабдықтары қауіпсіздігін
қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеу
Техникалық реттеу объектілері:
1) әуе кемесі және оның жабдықтары;
2) әуе кемесі және оның жабдықтарын жобалау процесі;
3) әуе кемесі және оның жабдықтарын өндіру процесі;
4) әуе кемесі және оның жабдықтарын пайдалану процесі;
5) әуе кемесі және оның жабдықтарын тасымалдау және сақтау процесі;
6) әуе кемесі және оның жабдықтарын жүзеге асыру процесі;
7) әуе кемесі және оның жабдықтарын пайдалану және жою процесі.
Әуе кемелері және олардың жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық реттеу саласындағы негізгі талаптар әуе кемелерінің және олардың жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.".
4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357 бет; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы № 30-31 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жер қойнауын пайдалану саласында өнімнің, оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.";
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) жер қойнауын пайдалану саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян тигізу қаупіне талдау және бағалау жүргізеді;
4) 8-3-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 63-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-1) жер қойнауын пайдалану саласында адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;";
1-тармақтың 7) тармақшасындағы "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 63-2-бапта:
1-тармақта "мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "белгіленген стандарттарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 1996 ж., № 11-12, 263 б; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат, № 23, 142-құжат, 2006 ж., № 5-құжат):
1) 10-бапта:
он бірінші абзацтағы "мемлекеттік инспекцияны" деген сөздер "мемлекеттік бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.";
2) 11-бапта:
екінші бөлімде:
үшінші абзацтағы "нормативтерді, стандарттарды және ережелерді" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы "мемлекеттік инспекцияға басшылық етеді" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, оның ішінде апаттық-құтқару жұмыстарының қызметкерлеріне шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттерді әзірлейді.";
3) 12-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады (немесе әзірлейді).";
4) 14-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттерін талдау.";
5) 25-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
6) 26-баптың екінші бөлігіндегі "алдын ала жобалау, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
7) 34-баптағы "стандарттар" деген сөз "техникалық регламенттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29-1 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламент Жаршылары, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат))
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;";
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
3) 7-бап мынадай мазмұнда толтырылсын:
"- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу.";
4) 18-бапта:
бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар";
1-тармағындағы "стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың" деген сөздер "белгіленген техникалық регламенттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағындағы "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар бекітетін ережелер мен рәсімдерге сәйкес міндетті түрде сертификатталуға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес сәйкестігі расталуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағы екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Механикалық көлік құралы мен тіркемені техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.";
4-тармағындағы "сертификаттауды" деген сөз "Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкес сәйкестікті растау процедурасын" деген сөздермен ауыстырылсын.";
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:
1) жол қозғалысын қамтамасыз ететін тежегіш жүйелері, рульді басқару артты шолу айнасы, дыбысты сигналы, шассилер, түсті құралдар, көлік құралдарында бар болса;
2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін шолуды және көруін қамтамасыз ету;
3) адам өміріне және қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін механизмдердің, қосымша жабдық заттарының және көлік құралының тетіктерінің болуы;
4) жол көлігі оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және басқа да қатысушылар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.";
мынадай мазмұндағы алтыншы тармақпен толықтырылсын:
"6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде қоршаған ортаға шығарылған тастандылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген рұқсат етілетін деңгейден аспауы тиіс.";
20-баптың 2-тармағындағы ", стандарттардың" деген сөз алынып тасталсын;
6) 21-бапта:
1-тармақтағы:
бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"көлік құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;";
алтыншы абзацтағы "стандарттардың талаптары" деген сөздер "белгіленген талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген стандарттармен" деген сөздер "техникалық регламенттермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-бапта:
1-тармағының бірінші бөлігіндегі "стандарттарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтік құқықтық құжаттар" деген сөздер "техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары" сөздерімен ауыстырылсын;
3-тармағының бірінші бөлігіндегі "нормалар, ережелер, стандарттар және басқа да нормативтік құжаттар" деген сөздер "қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттерде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағындағы "стандарттарға, техникалық және басқа да нормативтік құжаттарға" деген сөздер "жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177б, № 23, 142-құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы № 30-31 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-баптың алтыншы абзацындағы "стандарттарды" деген сөз алынып тасталсын;
2) 5-бап мынадай мазмұнда толықтырылсын:
өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттерді бекітеді;
дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған тұрғылықты орындарда өртті сөндіру тәртібін белгілейді;
өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді.";
3) 6-бапта:
5) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;
13) өрт қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";
4) 9-1-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық регламенттерді бекітуден басқа барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың орындауы міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";
5) 9-5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган басшысы;
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары;
бас мемлекеттік инспекторлар;
- облыстардың және қалалардың өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аймақтық органдарының басшылары;
- облыстардың және қалалардың өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аймақтық органдарының басшыларының орынбасарлары;
- облыстардың және қалалардың өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аймақтық органдарының барлық санаттағы мамандары жатады.";
6) 10-3-баптың бірінші бөлігіндегі:
2) тармақшадағы "елу жас" деген сөздер "елу үш жас" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "бес" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық
реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық реттеу нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін міндетті өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеуі.
Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары мазмұндалатын нұсқаулар, техникалық регламенттер мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімдерге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге тиіс.
Өрт қауіпсіздігі талаптарынан сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген өрт қауіпсіздігінің талаптарынан ауытқуларды келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау мен
сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау мен сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады";
9) мынадай мазмұндағы 4-1 тарауымен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілерi
Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері өнім және оның өмірлік циклінің процестері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, құрылыс салу, қайта салу және өндіру
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Өрт қауіпсіздігі саласында техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу жөндеу және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді қолдану;
3) объектілерді өрт-техникалық жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараты мен имаратымен қамтамасыз ету;
5) адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болдырмау;
7) өртті өшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өртті өшіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуы керек.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау тасымалдау, қолдану және сату
кезінде қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Өрт қауіпсіздігі саласында техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және сату кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды көшіру жолдары;
3) өрт туындаған жағдайда адамдар қауіпсіздігі мен іс-әрекет тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелерді жабдықтау және жұмыс жағдайына келтіру;
5) өрт автоматикасы жүйесін жабдықтау және оның жұмыс істеу жағдайы, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлердің ұдайы болатын орындарына шығару;
6) өрт техникасының жабдықталуы және жұмыс жағдайына келтіру;
7) өрттің таралуының алдын алу;
8) өртті өшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтар, ғимараттар мен құрылыстар, объектілер үй-жайларының ұсталуы;
10) өртті өшіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуы керек.".
8. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338б; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 137, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):