9-5-бап. Астықты өндіру кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы
талаптары
Жер телімдерін пайдаланушылар мен жер иелері ауыл шаруашылығына арналған жердің құнарлығын өндіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осындай әрекеттің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін жоятын немесе шектейтін тәсілдермен астық өндірісін жүзеге асыруға міндетті.
9-6-бап. Астықты сақтау және өңдеу кезіндегі қауіпсіздіктің
жалпы талаптары
1. Астық астық айналымы саласындағы техникалық реттеу саласында қауіпсіздік талаптарына жауап беретін экологиялық, құрылыстық, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитарлық талаптарға жауап беретін астық қоймаларында сақталады.
2. Астықты сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары қауіп түрлері бойынша техникалық регламенттерде белгіленеді.
9-7-бап. Астықты тасымалдау кезіндегі жалпы қауіпсіздік
талаптары
1. Астықты тасу оның қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Астық құрғақ, таза, бөгде иіссіз, нан қорлары зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен тасымалданады.
9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қажетіне қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған астық техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен оны бұдан әрі пайдалануға немесе жоюға сараптама жасауға жатқызылады.
2. Астық сараптама жүргізу және оны пайдалану мүмкіндігі немесе жою туралы шешім қабылдауға қажетті уақыт аралығында топтама көлемі көрсетіліп және астыққа рұқсатты жоятын шарттарды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Қажетіне қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдаумен, сақтаумен, сараптаумен, пайдаланумен және жоюмен байланысты шығындарды оның иесі өтейді.";
10) 10-баптың 14) тармақшасындағы "астық өндірушілерге сертификаттық" сөзі "техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 24-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "бақылау" сөзі "қауіпсіздігі мен" сөздерімен толықтырылсын;
12) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) астықты сақтау кезінде техникалық регламенттермен белгіленген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды, қауіпсіздік талаптарын бұзғаны;";
15. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 17-13, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11)-тармақшамен толықтырылсын:
"11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеу болып табылады.";
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 18)-тармақшамен толықтырылсын:
"18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 18)-тармақшамен толықтырылсын:
"18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық регламенттерді әзірлеу.";
4) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарауы. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
27-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу объектілері ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыстар) және құрылыс материалдары болып табылады.
27-2-бап. Құрылыстарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін жобалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
2. Құрылыстарды жобалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетін барлық ықтимал қауіптер өмірлік циклдің барлық сатыларында, соның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше оқиғалар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде болжалданған бұзу және рұқсат етілмейтін құрылыс кезінде сәйкестендірілуі және ескерілуі тиіс.
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасау кезінде құрылыс салушы жобалық құжаттамамен анықталған, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың толық жиынтығын орындауға және олардың құрылыстар құрылысының әр түрлі сатыларында орындалуын бақылау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
4. Салынып жатқан құрылыстар өзге объектілерден қажетті қашықтықта белгіленген нормаларға сәйкес қашықтатылуы тиіс.
5. Тапсырыс берушілер құрылыстарды салуға, қайта жасауға және жөндеуге келісім-шарт жасау кезінде онда техникалық реттеу саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің және басқа нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуі тиіс.
6. Қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектілерінде тапсырыс беруші мен мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян тигізу ықтималдығын жоюға міндетті.
7. Құрылыстарды жобалау және салу кезінде мынадай:
1) құрылыстың түгел немесе оның бөліктерінің құлап түсуі;
2) рұқсат етілмейтін көлемінің пішінсізденуі;
3) аспалы элементтердің едәуір пішінсізденуі салдарынан құрылыстың басқа бөліктерінің немесе оларға орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылу жағдайлары;
4) ең бірінші себепке сәйкес емес кездейсоқ жағдайлардан болған залал тарту құбылыстарына әкелуі мүмкін жүктемелер ескерілуі қажет.
8. Құрылыстар өрт болған жағдайда:
1) аспалы элементтердің мықтылығын белгілі бір мерзім ішінде қамтамасыз ететіндей;
2) құрылыс ішінде өрт пен түтіннің пайда болуын және таралуын шектейтіндей;
3) адамдардың апаттық шығу жолдары арқылы тездетіп шығарылуын қамтамасыз ететіндей;
4) құтқарушы топтардың жану ошақтарына қауіпсіз кіре алатындай етіліп жобаланып салынуы тиіс.
9. Құрылыстар:
1) уытты газдардың және өзге зиянды химиялық заттардың бөлінуі;
2) ауада қауіпті бөлшектердің немесе газдардың болуы;
3) қауіпті радиациямен сәулелену;
4) судың немесе топырақ қабатының ластануы немесе залалдануы;
5) судың, түтіннің немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлінуі арқылы бұзылуы;
6) құрылыс бөліктерінде немесе құрылыстың ішкі беттерінде ылғалдың болуы салдарынан адам гигиенасы мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей етіліп жобаланып, салынуы тиіс.
10. Құрылыстар оларды пайдалану мынадай сырғу, құлау, соғылу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты қайғылы жағдайлардың ретсіз қаупі болмайтындай етіліп жобаланып салынуы тиіс.
11. Құрылыстың шуылды оқшаулауы адам өмірі мен денсаулығына рұқсат етілмейтін қауіпті болдырмау есебімен жобаланып, салынуы тиіс.
12. Құрылыстар, сондай-ақ оның жылыту, суыту және желдету қондырғылары құрылысты пайдалану үшін қажетті энергияны қолдану жергілікті климаттық жағдайларды ескере отырып орынды болатындай, бірақ адам денсаулығына зиян келтірілмейтіндей етіліп жобаланып, салынуы тиіс.
27-3-бап. Құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары
Құрылыс материалдары қауіпсіздіктің міндетті талаптарының жиынтығын, соның ішінде экономикалық аспектілер есебімен пайдалануға жарамды құрылыстар салуға мүмкіндік беретін радиациялық және химиялық қауіпсіздік нормаларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келуі тиіс және оларды пайдалану осы Заңның 27-2-бабында белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.";
5) 28-баптың 2-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды;";
6) 58-баптың 1-тармағында мемлекеттік нормативтермен" деген сөздер "техникалық регламенттермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 64-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "Жобалар сараптамасын" деген сөзден кейін "техникалық регламенттермен сәйкестігіне" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 70-баптың 2-тармағындағы:
бірінші абзацтағы "(объектілерінің)" деген сөзден кейін "қауіпсіздігі және" деген сөздермен толықтырылсын;
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) техникалық регламенттермен және құрылыс өнімдеріне арналған стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттармен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау;";
9) 71-бапта:
бап атауындағы "Объектілердің" деген сөзден кейін "қауіпсіздік және" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "объектілерді пайдалану кезінде" деген сөздерден кейін "қауіпсіздік пен" деген сөздермен толықтырылсын.
16. "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 жыл, № 17-18, 246-құжат; 2005 жыл, № 23, 142-құжат, 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 3-баптың 5-тармағындағы "нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мемлекеттік стандарттармен," деген сөздер "автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағындағы "стандарттарға және" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 10-баптың 2-тармағындағы "нормалармен және стандарттармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;";
5) 12 баптың 2 тармағы келесі мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу.";
6) 15-баптағы:
1 тармақтағы "белгіленген нормалар мен стандарттарды сақтау, сертификатталған.... пайдалану" деген сөздері "пайдалануға рұқсат етілген.... қолдану арқылы белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "және мемлекеттік нормативтерді" сөздері алынып тасталсын;
7) 3-1 тарау мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"3-1 тарау. Жалпы қауіпсіздік талаптары
19-1 бап. Техникалық реттеу объектілерi
Техникалық реттеу объектілеріне автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) және пайдалану процестері жатады.
19-2 бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты шектеу және өзгерту жағдайынан, қозғалыстың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету, болашақтағы кезең шегіндегі жолдарды қайта жөндеу мүмкіндігінен өндіру қажет.
2. Автомобиль жолдарының жобалық шешімдері:
1) есептелген жылдамдықпен көлік құралдарының ұйымдасқан, қауіпсіз қозғалысын;
2) жүргізушілердің көзбен шолу шарттарын қадағалауын;
3) жанасулар мен қиылысулардың қауіпсіз орналасуын;
4) жүру жолының беткі қабатына автомобиль шиналарының қажетті жабысуын;
5) автомобиль жолдарын қажетті, соның ішінде қорғағыш жол құрылыстарымен жарақтандырылуын;
6) жол және автокөлік қызметтеріне қажетті ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуі тиіс.
3. Өндірістік базаларды, ғимараттар мен жол және автокөлік қызметтерінің құрылыстарын жобалау кезінде атмосфералық ауадағы, су объектілеріндегі және топырақтағы ластаушы заттардың шекті мүмкіндік концентрациясын қадағалауды қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуі және жүзеге асырылуы тиіс.
4. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде жол және жол қозғалысының:
1) адамдарға, фаунаға және флораға;
2) топырақ жағдайына, суға, әуе ортасына;
3) табиғатқа, жолдағы объектілерге және мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау қажет.
Екпе ағаштар (жол бойындағы) қандай да бір қауіп-қатердің туындауы жойылған жағдайда көз шамасымен бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен көру біркелкілігін бұзуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолдарды жобалау кезінде орынды белгілеу және оларды орналастыру әдістерінің сызбасын әзірлеу қажет.
6. Автомобиль жолдарын жобалаудағы қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
19-3 бап. Автомобиль жолдарын салудағы (қайта құру, жөндеу)
қауіпсіздік талаптары
1. Автомобиль жолдарын салуда (қайта салудағы, жөндеудегі) осы заңның және техникалық регламенттердің жобалық-сметалық құжаттамалар талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Құрылыс салуда (жөндеуде және қайта салуда) қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар қолдану қажет. Жұмысты өндіру әдістерін және механизация құралдарын таңдауда сәйкесті санитарлық нормаларды, атмосфераға ластайтын заттардың шекті-рұқсат етілетін тастандыларының нормаларын қадағалау қажеттігін ескеру қажет.
Жолдарды салу кезінде жасыл екпелерді сақтау немесе оларды қайта қалпына келтіру қамтамасыз етілуі тиіс.
3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі қозғалысты ұйымдастыруға және жұмысты жоспарлау барысында қарастырылуы және оларды жасауда үнемі тексерілуі тиісті жұмыстар жүргізілетін орынды қоршауға шаралар қолдану жолымен қамтамасыз етілуі керек.
4. Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда жол салуда (жөндеуде және қайта құруда) жер қыртысы жолын тұрақтандыру мерзімі құрылыстың белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жол төсемін сатылап салу құрылысын қарастыруға рұқсат етіледі.
5. Автомобиль жолдарын салудағы (қайта салудағы, жөндеудегі) қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттермен белгіленеді.
19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалануда қойылатын
қауіпсіздік талаптары
1. Жол жағдайлары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, қоршаған орта және көліктік-пайдалану деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Осындай жолдар үшін жол жиегіндегі белдеулер ені белгіленген нормадан аспауы тиіс.
Ақпараттық көрсеткіштер мен белгілер қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жолдар составы аймақтың климаттық ерекшеліктері және толық көліктік-пайдалану есебімен пайдалану кезіндегі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
2. Автомобиль жолдарының жүргіншілер бөлігі және қалалар көшелері, елді мекендер, жаяу жүргіншілер тротуарлары және велосипед жолдарының жабындылары, қонатын алаңдар, аялдамалар, бөлуші сызықтардың беткі қабаты оларды орналастыруға қатысы жоқ бөгде заттарсыз таза болуы тиіс.
Жол жабындылары есептік жылдамдықты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз үшін қажетті беткі қабаты кедір-бұдыр болуы керек.
Жүретін бөлігінің жабындысында көлік құралдары қозғалысын қиындататын шұңқырлар және басқа да кемшіліктер болмауы тиіс.
Қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін және сәйкес шараларды қабылдау жолымен оны ұйымдастыруды максималды қамтамасыз ету керек.
3. Жол-көлік оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргізу орындарындағы көлік құралдарының тоқтап қалуының алдын алу үшін қоршау қондырғыларымен, белгілермен алдын алу қажет, сонымен қатар күндізгі және түнгі уақыттардағы жұмыстарды жүргізетін орындардың көрініп тұруын қамтамасыз ету керек.
Жол қимылын ұйымдастырудағы қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгілер, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жyйелері, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері) тәуліктің кез-келген уақытында жақсы көрініп тұруы және олардың мағынасы қозғалысқа қатысушыларға түсінікті болуы қажет. Бұл қондырғылар халықаралық қатынастарға сәйкес болуы қажет, ал олардың жолда болуы жүйелі тексеріліп тұруы қажет.
4. Жол қозғалысы, жолда қызмет көрсету және оны қамтамасыз ету нәтижесінде болған шу, діріл деңгейін, ауа мен судың ластануын автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптар негізінде сәйкесті шаралармен шектеу керек.
19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік
талаптары
Жол-құрылыс материалдары қоршаған орта әсеріне төзімді болуы, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды компоненттер мен қоспалар белгіленген нормадан аспауы тиіс.
17. "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
"40) пайдалану құжаттамасы - теміржол көлігі мен жабдығын пайдалану тәртібін белгілейтін құжаттама.";
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі және оның өмірлік циклінің процесі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.";
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Сәйкестікті растау
1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат, егер басқа да халықаралық шарттармен қарастырылмаса, техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде танылған жағдайда, Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.";
4) 14-бапта:
1-тармақтағы 9) тармақша алынып тасталсын;
17), 18) тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"17) темір жол көлігіндегі техникалық реттеу объектілеріне және оның өмірлік циклінің процесіне техникалық регламенттерді бекіту;
18) темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту;
5) 16-баптың 2-тармағындағы "сәйкес емес" деген сөздерден кейін "қауіпсіздік талаптарына және" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары";
7) 30-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"30-бап. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу объектілері темір жол көліктері, темір жолдары, темір жол станциялары, вокзалдар және темір жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы басқа да объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистралдық, станциялық және кірме жолдармен жүрудің қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Қозғалыс қауіпсіздігі адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымал процесіне қатысушылардың апатсыз жұмыс істеуіне жағдайлар туғызуға магистралдық темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетіктерді дұрыс жағдайда ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал апаттардың зардаптарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
4. Темір жолмен қиылысатын немесе оларға жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын жүргізу және басқа құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін ортақ жауаптылық олардың меншік иелері мен иеленушілеріне жүктеледі.
Аталған құрылыстардың иеленушілері тасымал процесіне қатысушыларға және мемлекеттік көлік бақылау органдарына жүру қауіпсіздігіне қатер төндіретін апаттың немесе апаттық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтіп және қабылдап отыратын жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда апаттық жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (соның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде апаттық жағдайлар туындаған жағдайда тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
31-бап. Темір жол көлігі мен жабдықтарды рынокта айналдыру
кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдықтары, егер олар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келмесе немесе тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін болса, онда оларды базарда өткізуге және пайдалануға тиым салынады.
2. Сәйкестікті растауға жататын темір жол көлігі мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының рыногына орналастыратын тұлға олардың техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
3. Темір жол көлігі мен жабдықтарда қауіптілік және қауіпсіз пайдалану туралы қажетті сақтандыру жазулары немесе белгілері болуы тиіс.
4. Темір жол көлігі мен жабдықтарын рынокта орналастырушы тұлға таратылып кеткен темір жол көлігі мен жабдықтарының қауіпсіздік талаптарын бұзғаны туралы және оларға қолданылған шаралар туралы уәкілетті органдарға жедел түрде ақпарат беруге міндетті.
5. Дайындаушыдан, импорттердан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан темір жол көлігі мен жабдықтарының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған тұлға оларды рынокқа орналастырмауы тиіс.";
8) мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2, 31-3, 31-4, 31-5 баптарымен толықтырылсын:
"31-1-бап. Темір жол көлігі мен жабдықтарды жобалау кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Темір жол көлігі объектілері, сондай-ақ қауіпті жүктерді өндіру, тиеу, түсіру (түсіріп алу), сақтау және тасымалдау жұмыстары жүргізілетін объектілер елді мекендерден, өндірістік, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардан, жеке ғимараттар мен құрылыстардан уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес тиісті қашықтыққа алыстатылуы тиіс.
2. Жобалауда темір жол көлігі мен жабдықтардың жеке түрлеріне арналған техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына темір жол көлігінің немесе жабдықтардың жобасының сәйкестігі қамтамасыз етілуі тиіс.
3. Жобалауда барлық өмірлік циклінің сатысындағы, соның ішінде бірқалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (бас тарту және сыртқы әсер), қызметкердің болжамды қателіктері мен рұқсат етілмейтін пайдалануы кезіндегі барлық мүмкін қауіп-қатерлер сәйкестендірілуі тиіс.
4. Темір жол көлігінің, оның тежегіш жабдығының, тежегіш жабдықтарды ауамен қамтамасыз ету қондырғысының, белгі беру және байланыс қондырғыларының, бақылау-өлшегіш және электр жабдығының конструкциясы пайдаланудың барлық кезеңіндегі адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Темір жол көлігі мен жабдығының барлық түрлері үшін пайдалану жөніндегі нұсқамаға сәйкес қызмет етудің белгілеген мерзімі (белгіленген ресурс) ішінде өрт, жарылыс, тікелей машинадан, будан немесе басқа да материалдардан туындаған қызып кету қаупі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс.
6. Жұмыс пен техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық аймақтарға кіруге қауіпсіз қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз ету қажет.
31-2-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын өндірудегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінің жобалық құжаттаманың, осы Заңның және темір жол көлігі мен жабдығының нақты түрлеріне арналған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде дайындаушы жобалық құжаттамамен анықталған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шаралар жинағын орындауға және қауіпсіздіктің тәуелді болатын барлық технологиялық операцияларын орындауға бақылау жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарын орындай отырып толық көлемде жүргізілуі тиіс.
31-3-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалану кезіндегi
(монтаждау және жөндеу кезіндегі) қауіпсіздіктің