1) 1-баптың 11)-тармақшасы алынып тасталсын;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:
"6) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы санасында техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 6-баптың 1-тармағында:
3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;";
18)-тармақшада "пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерінің сақталуын бақылау" деген сөздер "пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 12-баптың 2)-тармақшасындағы "мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көліктік бақылау органдарының келісімімен уәкілетті орган белгілейді" деген сөздер "пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді." деген сөздермен ауыстырылсын.
5) 14-5-баптың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында техникалық регламенттермен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;";
6) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1 тарауы. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы жалпы қауіпсіздік талаптары
19-6-бап. Пестицидтерді буып-түю жөніндегі талаптар
1. Пестицидтерді буып-түю және оларға арналған ыдыс өнімді сақтау, тасу және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің қауіпті қасиеттерінен қорғау үшін арнайы лайықталуы тиіс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердің құрама заттарының бұзатын немесе өзге зиянды әсеріне төзімді болуы және:
1) жану және/немесе жылудың едәуір бөлігінің бөлінуін;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлінуін;
3) басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттардың түзілуін тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуі тиіс.".
19-7 бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Пестицидтерді қолдану Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімінде белгіленген тиімді және қауіпсіз технологияларды сақтау арқылы жүзеге асырылады.
2. Пестицидтерді техникалық регламенттерді бұзып қолдануға тиым салынады.
3. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тиым салынады.
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозоль және фумигациялық тәсілдермен қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
19-8-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) таңбалау жөніндегi
талаптар
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) орамын таңбалау мыналарды:
1) телефонның, факстың, телекстің нөмірін және электрондық мекен-жайды қоса, тапсырыс берушінің (жеткізушінің, дайындаушының, дистрибьюторды немесе импортердің) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтің (улы химикаттың) атауын және оның қандай мақсатқа арналғанын;
3) пестицидтің (улы химикаттың) атаулы мөлшерін (салмағы мен көлемін);
4) шығару топтамасының нөмірінің белгіленуін;
5) дайындалған (шығарылған) күнін;
6) қауіптілік қасиеттерінің және адамға, қоршаған ортаға және мүлікке әсер ету сыныптарының белгілері (пиктограммалары);
7) өнімді қауіпсіз сақтау, тасу, өткізу, қолдану және кәдеге жарату өнімдегі ұсыныстарды қамтиды.
19-9-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау осы үшін арнайы арналған экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беретін қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуы тиіс.
2. Қоймалар жіберу және тартып алу желдеткіштерімен жабдықталады. Тартып алу желдеткіші құрғақ сүзгіш элементтерімен жабдықталады.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймада сақтауға тек үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметі органдары зерттеп болып, пестицидтерді (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
4. Сақталынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшері қойманың жобалық құжаттамасында қарастырылған қойма сыйымдылығынан асып кетпеуі тиіс.
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрсетілген талаптарды сақтауға бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
19-10-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау
кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасу мәселелері туралы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасу үшін пайдаланылған көлік құралдарымен тамақ өнімдерін, жем-шөп және ауыз су тасуға қатаң тиым салынады.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасу үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және көлік құралы залалсыздандырылмай, кейіннен тазарту тиімділігіне зертханалық бақылау жасалмай басқа, тағамдық емес жүктерді тасу үшін пайдаланыла алмайды.";
23. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-бапта:
11)-тармақшасында "тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар" деген сөздер "тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
22) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"22) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сұрыптық және егу сапасын, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы;";
23)-тармақшасында "тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасының және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын.
38)-тармақшасында "тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың" деген сөздер "тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-бап 14), 15) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"14) тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық реттеу саласында қауіпсіздікпен (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету;
15) тұқым шаруашылығы саласындағы қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу.";
3) 5-бап 11) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"11) тұқым шаруашылығы саласында техникалық регламенттерді белгілейді.";
4) 6-бапта:
11-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"11-1) Тұқым шаруашылығы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді.";
12) және 13) тармақшалар мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"12) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі бар мемлекеттік стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
13) облыстардың (республикалық мәні бар қалалар, астана) жергілікті атқарушы органдарының сұрауы негізінде тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;."
5) 13-бапта:
2-тармақта "мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-1 тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"2-1. Тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдар егу (отырғызу) үшін өткізілмеуі және пайдаланылмауы тиіс.".
3-бапта:
Бірінші абзацта "тізіліміне енгізілмеген" деген сөздерден кейін "генді инженерия негізінде алынған (генетикалық түрлендірілген) тұқым сұрыптарынан басқа" деген сөздер толықтырылсын.
1)-тармақша "сондай-ақ мемлекеттік сұрыптарға сынау жүргізуі үшін сұрыпты бір мезгілде беруге (Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органдардың басқа да ұйымдарының ауыл шаруашылығы өсімдік сұрыбын сынауда оң нәтиже алынған жағдайда) шарттаса отырып, өндірістік жағдайларда сынақ жүргізу мақсатында пайдаланылатын болса;" деген сөздермен толықтырылсын.
6) 19-бапта:
3-тармақ "тұқым топтарын," деген сөздерден кейін "сондай-ақ осы Заңның 13-бабы, 3-тармағында қарастырылған жағдайларда," деген сөздермен толықтырылсын.
5-тармақта "мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттың" деген сөздер "тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын.
7) 23-1) және 23-2) баптармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қажетіне қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқым техникалық регламентпен белгіленген тәртіпте қосымша өңделуі, кәдеге жаратылуы және (немесе) жойылуы керек.
Сараптама жүргізуге және оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін қажет кезеңге арналған тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, жеке үй-жайларда сақталуы керек.
2. Қажетіне қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға және жоюға байланысты шыққан шығындарды олардың иесі өтейді.
23-2-бап. Тұқымның қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Тұқымның қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклінің процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және/немесе тұтынушыларға тұқымның қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және шындыққа сай ақпарат беруге міндетті.";
24. "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-бапта:
11) тармақтағы "тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар және өзге де нормативтік құжаттар" сөздері "техникалық регламенттер талаптарына және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға" сөздерімен ауыстырылсын;
22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы;";
23) тармақшасындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар" сөздері "Қазақстан Республикасы заңнамасының және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар" сөздерімен ауыстырылсын;
38) тармақшасындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік стандарттар мен нормативтік құжаттардың" сөздері "тұқым шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық реттеу саласында қауіпсіздікпен (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету;
15) тұқым шаруашылығы саласындағы қауіпсіздікке қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу".
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) тұқым шаруашылығы саласында техникалық регламенттерді бекітеді";
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен:
"11-1) тұқым шаруашылығы саласында техникалық регламенттерді әзірлейді;";
12) тармақшасында:
"стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұқым шаруашылығы саласында техникалық талаптар мен басқа да нормативтік құжаттарды" сөздері "мемлекеттік стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды" сөздерімен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"13) облыстардың (республикалық мәні бар қалалар, астана) жергілікті атқарушы органдарының сұрауы негізінде тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;";
5) 13-бапта:
2-тармақтағы "мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың" сөздері "Қазақстан Республикасы заңнамасының" сөздерімен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы 2-1 тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдар егу (отырғызу) үшін өткізілмеуі және пайдаланылмауы тиіс.".
6) 19-баптың 5-тармағындағы:
"мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттың талаптарына" деген сөздер "стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) Мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 баптарымен толықтырылсын:
"23-1-бап. Тұқымдарды кәдеге жарату және жою кезіндегі жалпы
қауіпсіздік талаптары.
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қажетіне қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған тұқым техникалық регламенттерде белгіленген тәртіппен қосымша өңделуі, кәдеге жаратылуы және (немесе) жойылуы керек.
Сараптама жүргізуге және оларды пайдалану мүмкіндігі немесе жою қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін қажет кезеңге арналған тұқымдар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, жеке үй-жайларда сақталуы керек.
2. Қажетіне қарай пайдалануға жарамсыз тұқымдарды тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, пайдалануға және жоюға байланысты шыққан шығындарды олардың иесі немесе тұқымдардың бұзылуына жол берген тұлға өтейді.
23-2-бап. Тұқымның қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар
Тұқымның қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклі процестеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу мақсатында тұқым өндірушілер сатып алушыларға және/немесе тұтынушыларға тұқымның қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және шындыққа сай ақпарат беруге міндетті.";
25. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-II Заңына (Қазақстан Республикасы Парламент Жаршылары, 2003 жыл, № 11, 70-құжат; № 23, 142-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1-бапты 10-1) абзацпен мынадай мазмұнда толтырылып жазылсын:
"10-1) денсаулық сақтау стандарты - ұйымды регламенттеуші және медициналық және дәрігерлік қызмет жүзеге асырушы құжат;";
2) 5-бапта:
5) "дәрілік заттармен" сөздердің алдында "қауіпсіз" деген сөз толықтырылсын.";
6) тармақшасында "медициналық стандарттар бойынша" деген сөздердің орнына "денсаулық сақтау стандарттар бойынша" сөздер жазылсын.";
3) 6-бапта:
7) тармақшасында "сертификаттау және стандарттау" деген сөздердің орнына "сәйкестікті растау" деген сөздер жазылсын.";
10) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"10) денсаулық сақтау саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
4) 7-бапта:
7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) денсаулық сақтау стандарт бекітеді;";
16) тармақшасында:
"мен сапасына," деген сөздің орнына "қауіпсіздігі" деген сөз жазылсын;
"мен сапасына" деген сөз алынып тасталсын;
29) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"29) денсаулық сақтау саласында техникалық регламенттерді әзірлейді.";
5) 12, 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Денсаулық сақтау саласында сәйкестікті растау
1. Денсаулық сақтау саласындағы өнімдерді, процестерді, қызмет көрсетудің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шетел мемлекетпен берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының Заңнамасымен сәйкес танылады.
13-бап. Денсаулық сақтау стандарттары
1. Денсаулық сақтау стандарттары Қазақстан Республикасы Заңымен сәйкес уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті болып табылады.
3. Денсаулық сақтау стандарттарының сақталуына бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Денсаулық сақтау стандарттары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды, оларды реттеу техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6) 44-бап, 2 тармағы 3) тармақшасында "сертификаттау" деген сөз "сәйкестігін растау" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 7-бап, 1-тармағының 2) тармақшасындағы "тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздер "техникалық регламенттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 1-тармағындағы "сертификаттау" деген сөз "техникалық реттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-бапта:
8) тармақша алынып тасталсын;
10), 11) тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"10) автокөлік құралдарын техникалық пайдалану Ережелерін бекітеді;
11) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.";
4) 13-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;";
13), 14), 16) тармақшалары алынып тасталсын;
5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Сәйкестікті растау
1. Автомобиль көлігі саласында автокөлік құралдарын, автокөлікке арналған жабдықтарды, олардың өмірлік цикл процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жарамды деп табылады.";
6) 2-2 тараумен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"2-2 тарау. Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілеріне қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары
19-12-бап. Жалпы ережелер
1. Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу объектілері:
1) автобустар;
2) микроавтобустар;
3) жеңіл көліктер;
4) жүк тасығыш автомобильдер;
5) автомобиль тіркемелері;
6) ерлі тартқыштарға жартылай тіркемелер;
7) мамандандырылған автомобильдер (жүктің нақты түрлерін тасымалдауға арналған);
8) арнайы автомобильдер (түрлі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).
9) автомобиль көлігін жобалау;
10) автомобиль көлігін өндіру (жөндеу);
11) автомобиль көлігін тасымалдау және сақтау;
12) автомобиль көлігін пайдалану және жою.
2. Автокөлік құралдары адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтірсе немесе орнату, қызмет көрсету және пайдалану шарттарындағы қызметі мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстырған жағдайда рынокта өткізіліп және қолданылмауы тиіс.
3. Қазақстан Республикасы рыногында сәйкестікті растауға жататын автомобиль көліктерін орналастыратын тұлға өзінің талаптарының осы заңға сәйкестігін және автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламеттерді растау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасы рыногында автомобиль көліктерін орналастырушы тұлға:
1) мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану құжаттамасын және тұтынушының мүмкін қауіп-қатерді бағалауға және олармен сәйкес қауіпсіздік шараларын қабылдауға қажетті басқа да ақпараттарды ұсынуға;
2) автомобиль көлігін сату кезінде іріктеу бақылауын жүргізу, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге;
3) адам өмірі мен денсаулығына автомобиль көлігінің зияны тию қаупі бар болса, пайдаланушыны уақытында және тиімді ескерту мүмкіндігімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ автомобиль көлігін қайтаруға дейін баратын іс-шаралар жүргізуге;
4) таратылып қойған автомобиль көлігі қауіпсіздігінің талаптарын бұзу және оларды шеттету бойынша қабылданған іс-шаралар туралы сәйкес мемлекеттік басқару органдарын кідірусіз ақпараттандыруға;
5) дайындаушыдан, уәкілетті өкілден, импортердан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік басқару органдарынан автомобиль көлігінің осы заңда белгіленген талаптарға және автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі туралы ақпарат бар болса, автомобиль көлігін өткізбеуге міндетті.
5. Автомобиль көлігінде қажетті алдын алушы жазулар немесе қауіптілік белгілері және қауіпсіз пайдалану шарттары болуы тиіс.
6. Пайдалану құжаттамасындағы қауіпсіздік талаптары осы заңмен және автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламентпен белгіленген талаптардан төмен болмауы керек.
19-13-бап. Автокөлік құралдарын жобалаудағы қауіпсіздік
талаптары
1. Автокөлік құралдарын жобалауда өмірлік айналымның барлық сатысындағы мүмкін қауіптіліктер теңестірілуі қажет, оның ішінде бірқалыпты пайдалануда, төтенше жағдайларда (бас тарту және сыртқы әсер), персоналдың қателігінде және пайдаланудың мүмкін еместігінде.
2. Пайдалану (қолдану) және төлқұжат (формуляр) бойынша басшылықтың (нұсқама) әзірлеуі автокөлік құралдарын жобалаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
19-14-бап. Автокөлік құралдарын өндірудегі қауіпсіздік
талаптары
1. Өндіруде автокөлік құралдарын дайындаудың осы заңның автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттеріне, жобалық құжаттама талаптарына және Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Автокөлік құралдарын өндіруде дайындаушы жобалық құжаттамамен анықталған қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жинағын орындауға және қауіпсіздікке байланысты барлық технологиялық операцияларды орындауға бақылау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер процесте немесе автокөлік құралдарын дайындаудан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптарын орындаумен толық көлемде жүргізілуі тиіс.
6. Автокөлік құралдарын өндіру кезінде жобалық құжаттамадан бас тарту жобалаушымен келісіледі және автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген мүмкіндік шегінен аспауы тиіс.
19-15 бап. Автокөлік құралдарын тасымалдау және сақтау
қауіпсіздігінің талаптары
1. Тасымалдау және сақтау процесіндегі автокөлік құралдарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажетті талаптар, олардың қауіпсіздігін келісетін техникалық сипаттамаларды сақтау, оның ішінде қорғау, тасымалдау және сақтау шарттарына талаптар, белгіленген сақтау мерзімі, жағдайын куәландыру мерзімі бойынша нұсқаулар, жеке элементтерді, бөлшектерді, мерзімі аяқталған тораптарды ауыстыру автокөлік құралдарының техникалық құжатында ескертілуі қажет.
2. Автокөлік құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерін тасымалдау және сақтау жобалаушымен және Қазақстан Республикасы заңдарымен алды алынған қауіпсіздік бойынша барлық талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
3. Қорғау үшін қолданылатын материалдар мен заттар қауіпсіз болуы тиіс.
19-16 бап. Автокөлік құралдарын пайдалану және жоюдағы
қауіпсіздік талаптары
Заңды және жеке тұлғалар автокөлік құралдарын пайдалану және жоюды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, келесі талаптарды қадағалауды ескере отырып жүргізеді: