жалпы талаптары
1. Тасымалдау процесімен байланысты темір жолдары, темір жол станциялары аймақтары, вокзалдар және тасымалдау процесіне қатысушылардың басқа да объектілері қауіптілігі жоғары аймақ болып саналады және олардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес белгі беру қоршаулары болуы тиіс.
2. Пайдалану кезінде (монтаждау және жөндеу кезінде) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық сипаттамаларды сақтауға қойылатын барлық қажетті талаптар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасында берілуі тиіс.
3. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалануды (монтаждауды және жөндеуді) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
4. Тартқыш көлік құралының (локомотивтің) иесі локомотивті тартқыш қызметін көрсету кезінде оның дұрыс жұмыс жағдайын, соның ішінде пайдалануға технологиялық дайындығының іске асырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Магистралдық және маневр жасау тепловоздарының зиянды заттарының және пайдаланылған газдарының тастандылары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мәнінен аспауы тиіс.
6. Темір жол көлігі мен жабдығы өз қызметтерін орындауы, реттеуге және техникалық қызмет көрсетуге жатқызылуы, осы операцияларды орындау кезінде адамдарға қауіп-қатер төндірмеуі тиіс.
7. Темір жол көлігі мен жабдығын басқару жүйелері жұмыстың барлық қарастырылған режимінде және пайдалану жағдайларында оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
8. Басқару қондырғылары жеңіл ажыратылуы тиіс, ал қажет болған жағдайларда жазулармен, символдармен немесе басқа тәсілдермен белгіленуі тиіс.
Темір жол көлігі мен жабдығы олардың толық және қауіпсіз тоқтатылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ететін қажетті жабдықтармен жабдықталуы тиіс.
Басқару жүйесіне шұғыл тежеу және апаттық тоқтату жабдықтары, егер оларды пайдалану қауіп-қатердің алдын ала алатын немесе азайта алатын болса, кіргізілуі тиіс.
9. Темір жол көлігі мен жабдығының жүйесін орталықтан басқару пульті жүйенің кез-келген бөлігін пайдаланудың бұзылуы туралы ақпараттарды бейнелейтін құралдармен, сондай-ақ апаттық тоқтату (сөндіру) құралдарымен жабдықталуы тиіс.
10. Темір жол көлігі мен жабдықтарды басқарудың таңдалған режимінде апаттық тоқтатулардан (сөндіруден) басқа басқарудың басқа да барлық режимдеріне қатысты басымдылығы болуы тиіс.
11. Қуат көзінің және басқару сызбасының бұзылуы қауіпті жағдайлардың туындауына әкеліп соқтырмауы тиіс.
31-4 бап. Темір жол көлігі мен жабдығын тасымалдау және
сақтау кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдығын тасымалдау және сақтау процесінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық сипаттамаларды сақтауға қойылатын барлық қажетті талаптар, соның ішінде буып-түюге, консервациялауға, тасымалдау және сақтау шарттарына қойылатын талаптар, белгіленген сақтау мерзімі, жайы-күйін қайта куәландыру мерзімі бойынша нұсқаулар, сақтау мерзімі өтіп кеткен жеке элементтерді, бөлшектерді, тораптарды ауыстыру темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамаларында келісілуі тиіс.
2. Темір жол көлігі мен жабдығының нақты түрлерін тасымалдау және сақтау қауіпсіздігінің талаптары теміржол көлігі саласындағы техникалық регламенттермен белгіленеді.
3. Буып-түю мен консервациялау үшін қолданылатын материалдар мен заттар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4. Тиеуді, түсіруді, тасымалдауды және қоймаға қоюды бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып оқуын оқыған маман жүргізуі тиіс.
31-5-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын кәдеге жарату және
жою кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Заңды немесе жеке тұлға темір жол көлігі мен жабдығын кәдеге жаратуды және жоюды темір жол көлігінің әрбір түріне арналған техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.".
18. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2001 ж., № 23, 320-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат):
1) 1-баптың 11-тармақшасындағы "параметрі және ұшу сапасына" деген сөздер "қауіпсіздік және ұшу сапасын қамтамасыз етуші" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті орган мынадай:
азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авиация әуе кемелерін пайдаланушы сертификаты;
тип сертификаты;
аэродромның жарамдылық сертификаты;
ұшу жарамдылығы сертификаты;
нұсқа сертификаты құжаттарын беруді Азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ААХҰ) талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Көрсетілген құжаттарды беру техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттелмейді.";
3) 4-бапта:
7-1) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу;
18) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авияция әуе кемелерін пайдаланушы сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын сертификаттау және беру тәртібін бекіту;
19) азаматтық авиация саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен өндіріс санитариясын қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
20) ұшу қауіпсіздігі мен авиация қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер бекіту;
21) ұшуды және авиациялық электр байланысы радиотехникалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
22) азаматтық авиация саласындағы техникалық регламенттерді бекіту.";
4) 5-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша "адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
8) және 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авияция әуе кемелерін пайдаланушы сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын сертификаттау және беру;
9) азаматтық авиация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;";
26-1), 26-3), 26-7), 26-8) және 26-9) тармақшалары алынып тасталсын;
5) 10-бап мынадай редакцияда баяндалсын:
"10-бап. Азаматтық авиация саласындағы сәйкестікті растау.
Азаматтық авиация саласындағы сәйкестікті растау осы заңның 3-бабының екінші бөлімінде қарастырылған жағдайларынан басқа техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
19. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16)-19)-тармақшалармен толықтырылсын:
"16) теңіз кемелерін жіктеу ережесін бекіту;
17) теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі ережені бекіту;
18) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ережені бекіту;
19) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында техникалық регламенттерді бекіту кіреді";
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Сәйкестікті растау
1. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметке жататын өнімді және оның өмірлік циклінің процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау жөніндегі құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.";
3) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
"1-1 тарау. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында қауіпсіздіктің жалпы талаптары
8-1-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Тасымалдау процесіне қатысушылар адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіз сауда мақсатында теңізде жүзу талаптарын сақтауға міндетті.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың апатсыз жұмыс жағдайын құруға, су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстауға, кеме, порттар, жағалаулық объектілерді және теңіздегі басқа да құрылыстарды техникалық жарамды жағдайда ұстауға, сондай-ақ кемелерде апат жағдайларды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі.
Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында техникалық реттеу объектілері:
1) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалау объектілері және су жолындағы басқа да құрылыстар;
2) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, порттар, жағалау объектілері және теңіздегі басқа да құрылыстарды өндіру процесі (салу, жөндеу, қайта құру) болып табылады.
8-2-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын
кемелерді, порттарды, жағалау объектілерін және су
жолдарындағы құрылыстарды жасау (салу, жөндеу, қайта
құру) кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, қайта құру) кезінде олардың жобалау құжаттама талаптары мен сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасына сәйкестігі қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерді жасау (салу, жөндеу, қайта құру) кезінде дайындаушы жобалық құжаттамамен анықталған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың барлық кешенін орындауы және теңізде жүзу қауіпсіздігі тәуелді болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
3. Егер кеме жасау процесінде немесе одан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынаулар жүргізілуі талап етілсе, онда олар жобалық құжаттамалардың барлық талаптарын толық көлемде орындаумен жүргізілуі керек.
4. Әр кеме корпусына түсіріліп сәйкестендірілетін нөмірмен таңбалануы керек. Таңбалау көрінетін, анық және жуылмайтын болуы керек.
5. Кеме борттан асып құлап кету қаупін болдырмайтындай және борттан тыс қалған адамдарды құтқаруды қамтамасыз ететіндей үлгіде әзірленуі керек.
6. Негізгі рульдік басқару орны сенімді айнала шолуды қамтамасыз етуі керек.
7. Кеме өрт туындау және бату қаупіне ерекше көңіл бөлінетін пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталған болуы керек.
8-3-бап. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын
кемелерді, порттар, жағалау объектілері мен су
жолдарындағы құрылыстарды пайдалану кезіндегi
қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Кемелер, порттар, жағалау объектілері мен сауда мақсатында теңізде жүзу процесімен байланысты теңіздегі басқа да құрылыстар қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және заңнамалық актілер мен сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің талаптарына жауап беруі керек.
2. Кеме, порттар, жағалау объектілерін және теңіздегі басқа да құрылыстарды пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар заңнамалық актілер мен сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі керек.
3. Сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелерді пайдалану адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етпеуі керек.";
4) 15-баптың 3-тармағында "уәкілетті орган" деген сөздер "сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 42-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайда;";
6) 59-баптың 1-тармағы "кеменің" деген сөзден кейін "қауіпсіздігін және" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тасымалдау кезінде жүктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін ыдысқа салуды және буып-түюді қажет ететін жүк тасымалдауға жарамды ыдысқа салынып және буып-түйіліп берілуге тиіс. Ыдыс және орау техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкес болуы тиіс.";
9) 196-баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында "азаматтың" деген сөз "адам" деген сөзбен ауыстырылсын.".
20. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2002 ж., № 5, 54-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат, 2006 ж. № 1, 5-құжат, 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 6-бапты мынадай мазмұндағы 12)-тармақшамен толықтырылсын:
"12) атмосфералық ауаны қорғау саласында техникалық регламенттерді бекіту.";
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 17)-тармақшамен толықтырылсын:
"17) атмосфералық ауаны қорғау саласында техникалық регламенттерді әзірлеу.";
3) 16-баптың 1-тармағында "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 27-бапты мынадай мазмұндағы 13)-тармақшамен толықтырылсын:
"13) атмосфералық ауаға таралатын зиянды заттар тастандыларының белгіленген шекті-рұқсат етілген нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге.".
22. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршылары, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2005 ж., № 23, 142-құжат; 2006 жылғы 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
1) 1, 3 және 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік (бұдан әрі - өнеркәсіптік қауіпсіздік) жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйі;
2) авария - ғимараттардың, құрылыс және (немесе) қауіптік өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың тасталуы;
3) оқиға - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестің режимінен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).";
3-бап Қауіпті өндірістік объектілер
Қауіпті өндірістік объектілерге:
1. Төмендегі мына сияқты:
1) тұтанғыш - қалыпты қысым мен ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын заттар;
2) жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өз-өзінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын заттар;
3) жанғыш - өздігінен тұтана, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жаңа алатын заттар;
4) тотықтандырғыш - жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын заттар;
5) уытты - тірі ағзаларға әсер ету жағдайында олардың опат болуына әкелетін және мынадай сипаттамаларға ие заттар:
асқазанға енгізген жағдайда орташа өлтіру өлшемі салмақ килограмына 15-тен 200 миллиграмға дейін қоса;
теріге жұққан жағдайда орташа өлтіру өлшемі салмақ килограмына 50-ден 400 миллиграмға дейін қоса;
ауадағы орташа өлтіретін шоғыры литрге 0,5-тен 2 миллиграмға дейін қоса;
6) уыттылығы жоғары - тірі ағзаларға әсер ету жағдайында олардың опат болуына әкелетін және мынадай сипаттамаларға ие заттар:
асқазанға енгізген жағдайда орташа өлтіру өлшемі салмақ килограмына 15 миллиграмнан артық емес;
теріге жұққан жағдайда орташа өлтіру өлшемі салмақ килограмына 50 миллиграмнан артық емес;
ауадағы орташа өлтіру шоғыры литрге 0,5 миллиграмнан артық емес;
7) қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар, сондай-ақ су ортасында мынадай өте уыттылық көрсеткіштерімен сипатталатын заттар:
балыққа 96 сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында орташа өлтіру өлшемі литрге 10 миллиграмнан артық емес;
шашақмұрт шаянға 48 сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғыры литрге 10 миллиграмнан артық емес;
балдырларға 72 сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежеу шоғыры литрге 10 миллиграмнан артық емес;
қауіпті заттар өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын объектілер жатады.
2. 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен немесе сұйықтықтың қайнау температурасынан 115 Цельсий градусынан жоғары температурада жұмыс істейтін техникалық жабдық.
3. Қара және түсті металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар.
4. Тау-кен, геологиялық барлау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, байыту жөніндегі жұмыстары, жер асты жағдайындағы, (оның ішінде теңіз қайрандары мен ішкі сутоғандарындағы) жұмыстар.
5. Құрамында адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтар.
6. Жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифттер.
7. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері.
8. Қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары.
9. Радиоактивті және ионды сәулелену көздері.
10. Қару-жарақ пен оларға оқ-дәрілерді әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сақтау және кәдеге жарату.";
"4-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптарын белгілеу;
2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін растау процедурасынан өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жіберу;
3) қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өндірістік қадағалау;
5) қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге ұйымды аттестаттау;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізумен қамтамасыз етіледі.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өнеркәсіптік қызметкерлерді, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және құрылыс қауіпсіздігі саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуы тиіс.";
2) 6-баптың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында техникалық регламенттерді бекітеді.";
3) 7-бапта:
3)-тармақшада "салааралық" деген сөз алынып тасталсын;
"көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді" деген сөз "техникалық регламенттерді бекітуден басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік заң бұзушылық туралы өндіруді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26) және 27)-тармақшалармен толықтырылсын:
"17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында техникалық регламенттерді әзірлейді немесе келіседі;
18) өндірістік қадағалау тиімділігін, ұйымдардың апаттарды және оның зардаптарын жоюға дайындығын, қауіпті өндірістік объектілерде апат зардаптарын таратпау және жою жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
19) ғылыми зерттеулер жүргізуге, білімді насихаттауға, халықты даярлауға аттестатталған ұйымдарды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін бақылайды;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізеді;
21) қауіпті өнеркәсіптік объектілерді есептеуді жүзеге асырады;
22) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттар, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазіргі техникалық растаудың жүргізілуін бақылайды;
23) ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды жүзеге асырады;
24) әскери, тау-кен құтқару, газдан қорғау, бұрқаққа қарсы қызметтер мен бөлімдердің іс-әрекетіне басшылық етеді;
25) техникалық құрылғыларды, материалдарды қабылдау сынақтарын жүргізуге келіседі;
26) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің аумақтық бөлімшелерінің құзіреттілігін анықтайды.";
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) жерлерді қауіпті өндірістік объектілерге беруді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келіседі.";
5) 10-бапта:
атауында және бірінші абзацта "жеке тұлғалардың" деген сөздер "Жұмыскерлердің" және "Жұмыскерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігін қауіпті өндірістік объектідегі авариялар, оқиғалар туралы дереу хабардар етуге;";
3)-тармақшада "нұсқама алуға және оқуға" деген сөздер "оқуға және нұсқама алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қауіпті өнеркәсіптік объектінің иелері жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi
Қауіпті өнеркәсіптік объектінің иелері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы аумағында қолданысы рұқсат етілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын ғимараттардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптауды, кен жұмыстарын дамыту жоспарларын келісуді, құрылыстар мен техникалық құрылғыларын қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын материалдарды диагностілеуді, сынауды, растауды нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерде немесе мемлекеттік инспектор бұйрығы бойынша жүргізуді қамтамасыз ету;
5) әрі қарай пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін пайдаланудың нормативтік мерзімінен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргізу;
6) қауіпті өндірістік объектілерге белгіленген талаптарына сәйкес келетін лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлерді жұмысқа жіберу;
7) қауіпті өндірістік объектілерге бөтен тұлғалардың кіруінің алдын алу;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органың аумақтық бөлімшелеріне өндірістік қадағалауды ұйымдастыру тәртібі туралы және оны жүзеге асыру уәкілеттік берілген жұмыскерлер туралы мәліметтерді ұсыну;
9) апаттардың туындау себептеріне талдау жүргізу, апаттар мен олардың зардаптарын болдырмау, жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
10) апаттар туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халық пен жұмыскерлерді бірден хабардар ету;
11) апаттарға есеп жүргізу;
12) мемлекеттік инспекторлар берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуды жою жөніндегі бұйрықтарды орындау;
13) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық іс-әрекетінің жоспарын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шығындарды қарастыру;